Сабақ №6 Тақырыбы : «Патогенді микобактериялар. Туберкулез және алапес қоздырғышы.» №6. Дәріс сұрақтары



бет6/11
Дата20.06.2023
өлшемі37.37 Kb.
#475243
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аудиторное занятие № 6,15.02 (8)

Резистенттілігі. F.tularensis қоршаған ортада ұзақ сақталады, әсіресе төмен т емпературада (8-10 ай); жоғары температураға тұрақсыз: қайнатқанда сол мезетте өледі. 60°C – ге дейін қыздыру 20 мин кейін жояды; тура күн сәулелерінің әсерінен 20-30 мин кейін жойылады. F.tularensis бактериялары әдеттегі дезинфектанттар мен радиациялық сәулеленуге тұрақсыз.
Эпидемиологиясы. Туляремия көптеген континенттерде тараған. Инфекция көзі кемірушілердің барлық түрі, жиі су суыры, ондатр, үй тышқаны, қоян және т.б. болып табылады. Жануарлар арасындағы қоздырғыштың таралуы жиі қансорушы буынаяқтылар арқылы іске асады: кене, масалар, бүргелер. Адамға таралу жолдары – трансмиссиялық (зақымданған кене, маса, бөгелектің шағуы), қарым-қатынас – тұрмыстық (көздің шырышты қабаты немесе терінің зақымдалған беткейі арқылы), тағамдық (зақымданған су немесе азық-түлік қабылдағанда), ауа-тамшылы (кемірушілер бөліндісімен ластанған ауадағы шаң немесе тамшылармен дем алу кезінде).
Патогенезі. Қоздырғыш енген орында алғашқы ошақ пайда болады. Патогенездегі маңызды орынды қоздырғыштың лимфа тамырлары бойынша таралуы алады. Қоздырғыш, оның токсинері қанға еніп, лимфа түйіндерінің зақымдануларын тудырады (бубондар түзілу).
Клиникалық көрінісі. Инкубациялык кезеңі 3-7 күнге созылады. Ауру кенеттен басталады, дене қызуы 38-40°C дейін көтеріледі, белгілері аурудың түрі мен инфекцияның берілу жолына байланысты. Бубонды, көз-бубонды, ангинозды-бубонды және септикалық турлерін бөледі. Өлім жағдайы 5%-ға дейін болуы мүмкін.
Иммунитеті. Ауырғаннан кейін иммунитет ұзақ сақталады, кейде өмірлік болады; қоздырғыш антигендеріне аллергизация дамиды.
Микробиологиялық диагностикасы. Серологиялық, биологиялық және бактериологиялық жолмен материалдарды зерттеуге негізделген. Зерттеу материалы науқастардан алынған – шайындылар, қан, бубондардың пунктаты. Туляремиялық диагностикум көмегімен АР (агглютинация рекциясы) қолданады, сонымен қатар КБР (комплементті байланыстыру реакциясы), ИФР, ИФТ (иммунды ферментті талдау), ТеГАР (тура емес гемагглтинация реакциясы) эритроцитарлы диагностикум көмегімен жүргізіледі. Науқастан алынған материалдың бактериологиялық зерттеуі әдетте нәтижесіз болады. Теңіз шошқаларын немесе ақ тышқандарды зерттейтін материалмен жұқтырғаннан кейін, қоздырғышты бөліп алып идентификациялайды. Туляринмен тері сынамасы қойылады. Нәтижелі сынамада енгізген орнында 12-24 сағаттан кейін қызару және ісіну пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет