Сабақ атауы Әр түрлі ортадағы электр тогын қайталау. Сілтеме


Әр түрлі ортадағы электр тогы. Тест А-2



бет2/2
Дата06.03.2024
өлшемі39.29 Kb.
#494502
түріСабақ
1   2
1607 17 10

Әр түрлі ортадағы электр тогы. Тест А-2


1.Мыстың электрохимиялық эквиваленті 3·10 кг/Кл.Егер ваннадағы ток күші 5000 А болса, бір сағат ішінде катодта шөгетін мыстың массасы қандай?
а) 54кг; б) 0,54кг; в) 540г; г) 5,4кг; д) 540кг.
2. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы қандай заряд тасымалдаушылар арқылы жүзеге асырылады?
а) оң және теріс иондар;
б) электрондар;
в) кемтіктер;
г) бірдей мөлшерде иондар және электрондар;
д) электрондар және кемтіктер.
3. Төрт валентті кремнийге бірінші рет үш валентті индийді, сосын бес валентті фосфорды қосады.Әрбір жағдайда жартылай өткізгіш қандай өткізгіштікке ие болады?
а) бірінші жағдайда − кемтіктік, екінші жағдайда− электрондық;
б) бірінші жағдайда − электрондық, екінші жағдайда − кемтіктік;
в) екі жағдайда да- электрондық; г) екінші жағдайда да −кемтіктік;
д) а-г жауаптар арасында дұрысы жоқ.
4. Вакуумдік диодтағы электродтардың арақашықтығы .Катод пен анод арасындағы кернеу U.Электронның заряды және оның массасы e және m.Электронның анод пен катод арасындағы қашықтықты жүріп өту уақыты:
а) ; б) ; в) ; г) ; д) .


5. Электролиттік диссоцация дегеніміз:
а) электролит арқылы электр тогының жүруі;
б) ерітілетін зат молекуласының электрондар мен иондарға ыдырауы;
в) ерітілетін зат молекуласының иондарға ыдырауы;
г) оң және теріс иондардың молекулаларға бірігуі;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
6. Металл бұйымдардың бетін басқа металдың жұқа қабатымен жабу:
а) электролиз; б) аккумуляторды зарядтау; в) гальванопластика;
г) рекомбинация; д) гальваностегия .
7. Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті:
а) 0,4 ; б) 0,5 ; в) 0,2 ; г) 0,3 ; д) 0,6 .
8.Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз:
а) вакуумдік диод арқылы электр тогының жүруі; б) жеткілікті жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығуы; в) электр тогының газ арқылу өту процесі;
г) қыздыру нәтижесінде электрондардың шапшаң қозғалуы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
9.Газдардағы электр тогы дегеніміз:
а) газдың иондалуы; б) газ атомдары немесе молекулаларынан электрондардың ажырауы; в) электрондар мен оң және теріс иондардың бағытталған қозғалысы;
г) электр өрісінде үдетілген электрондардың бейтарап молекулалармен (немесе атомдармен) соқтығысуы кезінде олардан электрондарды жұлып шығаруы;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Қоспасы жоқ жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі қандай?
а) электронды; б) кемтіктік; в) бірдей мөлшерде электрондық және кемтіктік;
г) иондық; д) мүлде электр тогын өткізбейді.






Блум таксономиясымен
бағалау

Білу, түсіну,талдау, жинақтау,қолдану, бағалау

Рефлексия

Топтар өзара сабақ туралы пікір алысады, тест жауаптарында ұтымды, өте қажетті нәтижені ескереді

«Екі жұлдыз бір тілек»

Топ арасында бағалау болады

Үйге тапсырма

12 тарау бойынша қорытынды эссе жазу.10 сынып,376 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет