Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



жүктеу 1.48 Mb.
бет1/8
Дата21.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Жарылғыш материалдарды өндіру кезіндегі

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-бөлім. Жалпы талаптар

1-тарау. Қолданылу саласы
1. Талаптар барлық жаңадан жобаланатын, салынатын, жаңғыртылатын және қолданыстағы зауыттарға, шағын зауыттарға, өнеркәсіптік жарылғыш заттарды (бұдан әрі-ЖЗ) және бұйымдарды пайдалана отырып, ТДБ үстінде орналастырылатын, шахталардың жер асты қазбаларында орналастырылатын, газ және тозаң шығу қаупі жоқ тұрақты дайындау бекеттеріне (бұдан әрі-ТДБ), ТДБ-мен жанасатын немесе олардың аумақтарындағы және араластырғыш-зарядтау машиналарының (бұдан әрі-АЗМ), зарядтау машиналарының (бұдан әрі-ЗМ) және жылжымалы араластырғыш қондырғылардың қалып жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қосалқы өндірістерге, ТДБ құрамына кіретін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қолданылады.

2. Талап ЖЗ жарылу қаупі жоқ құрамдас бөліктері мен жартылай дайын өнімдерінің, оның ішінде қаныққан тотықтырғыш ерітінділердің, еритін жанғыш қоспалардың, сұйық және қатты дисперсиялы жанғыш түріндегі ерімейтін суспензиялардың, гельдер мен гель түзетін агенттердің (қоюландырғыштардың және құрылым өзгерткіштердің), эмульсиялы ЖЗ дайындау үшін матрица болып табылатын су-май эмульсияларының бөлек орналасқан (ТДБ аумағынан тыс) өндірістеріне қолданылмайды.

3. ТДБ-де құрамында мынадай:

1) түйіршіктелген аммиак селитрасын сұйық және қатты мұнай, ұнтақ тәріздес немесе басқа да жанбайтын жарылғышпен салқын түрде араластыру қоспасы;

2) түйіршіктелген аммиак селитрасын түйіршіктелген немесе қабыршақты тротилмен салқын түрде араластыру қоспасы;

3) түйіршіктелген аммиак селитрасын түйіршіктелген (қабыршақты) тротилмен, сұйық және қатты мұнай, ұнтақ тәріздес немесе басқа да жанбайтын жарылғышпен салқын түрде араластыру қоспасы;

4) құрамында суы қоспалар-суспензиялар, гельдер немесе аммиак селитрасы ерітіндісі немесе кальций немесе натрий селитрасы қоспасымен оның ерітіндісі немесе карбамид негізінде эмульсиялар ұнтақ тәріздес немесе басқа да жанбайтын жарылғышпен салқын түрде араластыру қоспасы бар жарылғыш заттарды дайындауға болады.

2-бөлім. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру бекеттерін орнату жөніндегі талаптар

2-тарау. Бас жоспар

1-параграф. Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды тұрақты дайындау бекеттерінің алаңдарын орналастырудың жалпы шарттары
4. ТДБ орналастыруға арналған алаң үшін жер телімін таңдау кезінде жергілікті ландшафт, жолдар мен коммуникациялардың болуы, елді мекендерге, бөлек ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі қашықтық, нормативтік санитарлық қорғау аймағы мен өндірісті кезекті кеңейту мүмкіндігі ескеріледі.

5. Үстірт ТДБ дербес алаңдарда орналасады. ТДБ салу үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың алаңдарына қойылатын талаптар мен осы Талапты қанағаттандыратын жер телімі бөлінеді.

6. Үстірт ТДБ аумағы ішкі периметрі бойынша қоршалады және күзетіледі. Қоршауды орнату және күзетті ұйымдастыру жобада анықталады.

7. Үстірт ТДБ-ін ЖМ қоймасының қоршалған аумағында немесе қоймаға жанасатын аумақта белсенді зарядтарға жарылғыш заттарды тұрақты дайындау бекеттерін қабылдау негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес детонация беру бойынша есептелген жүк түсіру рампаларынан, жарылғыш заттар мен құралдарының қоймаларынан қауіпсіз қашықтықта орналастыруға болады.

ТДБ орналастыру үшін бөлінген аумақта ЖМ қоймасының аумағынан тыс айналып өтетін, автомобилдердің еркін кіру және шығу жолдары қарастырылады.

8. Үстірт ТДБ тау-кен қазбаларының үстінен жер беті қабатының құлауын (шөгуін, толықтай құлауын және тағы басқа) болдырмайтын шаралар қамтамасыз етілген жағдайда орналастыруға болады.

ТДБ-ін қар көшкіні, сел және тағы басқа болу қаупі бар таулар мен құлама ылдиларға жақын орналастыруға болмайды.

9. ТДБ-іне қызмет көрсететін аймақтың энерго көздерін (ТЭЦ, қазандық, басты төмендеткіш шағын электр станцияларын және олармен байланысты электр беру желілерін, су жинау және су тазарту құрылыстарын және тағы басқа) ТДБ бірге бір алаңда орналастыруға болады. Олар осы Талаптың 14-тармағына сәйкес анықталатын қашықтықта орналасады.

10. Жер асты ТДБ-ін осы мақсатқа лайықталған немесе арнайы дайындалған тау-кен қазбаларында орнатуға болады.

Жер асты ТДБ-ін осы Талаптың 18, 203-тармақтарының талаптары сақталған жағдайда жер асты ЖМ қоймасының аумағында орналастыруға болады.

ТДБ төмендегідей қашықтықта тұрақты су баспайтын жыныстарда орнатылады:

адамдарды жолаушылар вагондарына отырғызу орындарынан және тау-кен қазындысын тиеу-түсіру орындарынан 50 м жақын емес;

шахта оқпанынан, оқпан жанындағы қазбалардан және шахтаға тұтас таза ауа ағынын өтуін немесе едәуір учаскелерді реттейтін желдеткіш есіктерден 100 м жақын емес;

үстірттен 30 м жақын емес;

адамдардың тұрақты өтуі үшін қызмет ететін қазбалардан 25 м жақын емес.

11. Жер асты ТДБ-де адамдарға арналған басты және қосалқы шығу жолдары қарастырылады, бұл ретте басты шығу жолы негізгі өту жолы болып табылады, ал қосалқы шығу жолы қосымша ретінде жабдықталады.

Адамдардың өтуі үшін еркін өту жолы қамтамасыз етілген жағдайда мұнай өнімдерін жеткізу және оларды жылжымалы немесе тұрақты сыйымдылықтарда сақтау үшін өту жолдарының бірін пайдалануға болады.

12. Жер асты ТДБ құрылғылары, арнайы мақсаттағы камералар мен қуыстардың, басты және қосалқы шығу жолдарының, негізгі және қосалқы өту жолдарының, құрамдас бөліктері мен ЖЗ бар тұратын вагондар камераларының өлшемдері мен орналасу орны жобада анықталады.



2-параграф. Жарылу, өрт шығу және өрт қауіптілігі бар орынжайлар мен ғимараттардың санаттары
13. Жарылу, өрт шығу және өрт қауіптілігі бар орынжайлар мен ғимараттардың санаттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентіне сәйкес жобалау ұйымы анықтайды.

Жарылу, өрт шығу және өрт қауіптілігі бар орынжайлар мен ғимараттардың санаттары 1-қосымшада келтірілген.



3-параграф. Сыртқы қауіпсіз қашықтықтар
14. ТДБ ғимараттары мен құрылыстарынан бастап әр түрлі сыртқы объектілерге дейінгі шекті қашықтықтар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес ЖМ қоймаларына арналған сияқты соққы әуе толқынының әсері бойынша есеппен анықталады.

Қауіпті аймақ шектерінде тек осы өндіріске жататын өндірістік және қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға болады.

Қауіпті аймақта ТДБ бар ұйымға қатысы жоқ, ғимараттарды, құрылыстарды салуға және коммуникацияларды төсеуге болмайды.

15. Қауіпсіз қашықтықтарды есептеу үшін ТДБ-індегі және авариялық жағдайларда бір мезгілде жарылып ыдырауға қабілетті жарылғыш (жарылу қаупі бар) заттардың ең көп мөлшері қабылданады.

Аммиак, натрий, кальций селитралары натрий нитриті таза күйінде және ерітіндіде есептік жұмысқа есептелмейді.

16. ЖЗ сынауға және қалдықтарды жоюға арналған алаңдардан бастап сыртқы қауіпсіз қашықтық жобала анықталады және 1-кестеде келтірілген шамадан кем болмайды.

1-кесте
ЖЗ сынауға және қалдықтарды жоюға арналған алаңдардан бастап сыртқы қауіпсіз қашықтық


Қауіпсіз қашықтық анықталған бекеттердің атауы

Ең қысқа шекті қауіпсіз қашықтық, м

1. Елді мекендер, сауықтыру мекемелері, адамдардың уақытша жаппай жиналатын орындары, басқа да кәсіпорындар, теміржолдар мен станциялар, автомагистралдар, кеме жүретін өзендер мен арналар, жалпы мемлекеттік маңызы бар инженерлік құрылыстар

500

2. Шаруашылық және өндірістік мақсаттағы жеке тұрған құрылыстар, ТДБ бар ұйымдарға жатпайтын тас жолдар

300

3. Құрамына алаң кіретін ТДБ

200

4. Аккумуляторлық тиегіштерге арналған зарядтағыш

200

5. Зарядтау машиналарына арналған тұрақты тұрақтар

200

4-параграф. Ішкі қауіпсіз қашықтықтар
17. ТДБ ғимараттары периметрі бойынша ішкі жағынан қоршалады. ТДБ өндірістік ғимараттары қоршаулардан бастап кемінде 40 м қашықтықта орналасады.

Құрамында суы бар ЖЗ шығаруға және дайындауға арналған ТДБ ғимараттарын, жалпы мақсаттағы қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды қоршаулардан 25 м жақын емес қашықтықта орналастыруға болады.

18. ТДБ ғимараттары мен басқа да ғимараттар, ЖМ қоймалары мен алаңдар арасындағы ішкі қауіпсіз қашықтықтар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 141 бұйрығымен бекітілген Жарылыс жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес детонация бермеу негізінде есептеледі.

Қауіпсіз қашықтықтарды есептеу үшін белсенді заряд үшін авариялық жағдай кезінде өндірістегі және бір мезгілде жарылып ыдырауға қабілетті ЖЗ ең үлкен мөлшері қабылданады. Өндірістегі ЖЗ ең үлкен мөлшері үшін араластырғыш қондырғыдағы және детонация беруде қауіпті қашықтықта оларға жақын тұрған ЖЗ қабылданады.

Пассивті заряд үшін араластырғыш қондырғыда дайындалған және одан детонацияны белсенді зарядтың жарылуынан беру мүмкіндігін болдырмайтын ЖЗ және үстірт және жартылай тереңдетілген ЖМ қоймаларындағы, жүк түсіру және ЖЗ бар автомашиналар тұратын жердегі ЖЗ қабылданады.

ТДБ-ін жер асты ЖМ шығыс қоймасы аумағында орналастыру кезінде олар бір-бірінен детонация беруде қауіпсіз қашықтықта орналасады.

19. Әр түрлі ЖЗ өндірісі мен олар қолданылған бұйымдарды бір ғимаратта (құрылыста) бір-бірінен детонация беру бойынша қауіпсіз қашықтан аз қашықтықта орналастыруға болады. Мұндай жағдайда мәні бойынша әр түрлі ТДБ өндірістік ғимараттары бір-бірінен отқа төзімділік шегі REI 150 тұтас өртке қарсы қабырғамен бөлінеді, ал технологиялық үдерістер әр түрлі технологиялық циклдерде жүргізіледі.

20. ТДБ аумағында ЖМ бар өндірістік ғимараттардан, қоймалардан, рампалар мен алаңдардан детонация беруде қауіпсіз қашықтықтарда АЗМ және ЖАҚ бункерлерінде сақтауға болады.

21. Адамдардың тұрақты болуы қарастырылмайтын қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды (қосалқы материалдардың қоймаларын, шағын трансформаторлық станцияларды, сорғы орындарын, ауа үрлегіштерді) ЖЗ дайындалатын және қайта өңделетін, оларға қызмет көрсететін өндірістік ғимараттардың айналасында жобалауға болады.

22. От жағылатын ғимараттар ЖЗ дайындалатын және қайта өңделетін ЖЗ өндірістік ғимараттары мен қоймаларынан, ЖМ бар рампалар мен алаңдардан кемінде 50 м және өзге ғимараттардан кемінде 35 м қашықтықта орналасады. От жағатын оттықтардың түтін құбырлары ұшқын аулағыш торлармен жабдықталады.

23. Түйіршіктелген аммиак селитрасы қоймасын толтыруды, орналастыруды және ұсақтауды қарастыратын дайындау ғимаратымен бірге қосуға болады. Технологиялық қамтамасыз етілуіне байланысты қойма дайындау орынжайынан отқа төзімділік шегі 0,75 cағаттық қабырғамен бөлінеді немесе сақтау және дайындау аймақтары арасында кемінде 6 м қалқан қарастырылады.

24. ЖЗ сынау және қалдықтарды жою алаңдарындағы жару және жағу орындарын мынадай;

жұмысшылардың жасырынуына арналған блиндаждарға дейін-50 м;

ЖМ сақтауға арналған блиндаждарға немесе тасалану орындарына дейін-100 м;

алаңдардың қоршауларына дейін-50 м кем емес қашықтықта орналастыруға болады.

5-параграф. Жарылғыш заттарды тұрақты дайындау бекеттерінің аумағын ұйымдастыру
25. ТДБ салуға арналған алаңдар жер бедері мен гидрогеологиясын ескере отырып алынады. Бұл ретте негізгі өндірістік және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру сызбасы ЖЗ мен құрамдас бөліктерін шығару, дайындау тиімділігі мен қауіпсіздігін, өту жолдарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

26. Жер асты ТДБ оқшау желдету мүмкіндігі бар кен қазбаларының флангілерінде орналасады.

ТДБ құрылысына арналған тау-кен қазбалары тұрақты және құрғақ тау-кен жыныстарында орналасады.

6-параграф. Жарылғыш заттарды өндіру бекеттерінің найзағайдан қорғағышы
27. ТДБ найзағайдан қорғағышы жергілікті жердегі найзағайдың белсенділігіне қарамастан орындалады.

28. ТДБ ғимараттары, дайын өнімді уақытша сақтауға арналған алаңдар мен ЖЗ бар көлік құралдары тұратын бекеттер дербес тұрған өзекшелі немесе найзағай қабылдағыштарды, ток бұрғыштарды және жерге қосқыштарды іске қосатын арқанды найзағай татқыштармен найзағайдың тікелей соққысынан қорғалады.




7-параграф. Жарылғыш заттарды сынауға және қалдықтарды жоюға арналған алаңдардың аумағын ұйымдастыру
29. Жарамсыз күйдегі ЖЗ сыпырындысы, өндіріс брактары түріндегі ЖЗ сынауға және (немесе) қалдықтарды жоюға арналған алаң ТДБ, елді мекендер, көлік жолдары мен ауданның инженерлік құрылыстары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаңға жапсарлас аумақта ауылшаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізу негізінде алынады.

30. Алаң жабық жерде жыраларды, бет-бедердің бүкпелерін пайдалана отырып және мүмкіндігінше тасты жерде алынады. Жергілікті орын 10 м қашықтықта ағаштан, шырпыдан, бұталардан және өзге де жанғыш материалдардан тазартылады. Алаң желдің бағытын ескере отырып, ауданның тұрғын және өнеркәсіптік объектілеріне қатысты жағынан орналасады.

31. Алаңның аумағы қоршалады, ал бекет қоршаудан тыс орналасқан жағдайда әрбір 100 м сайын ескертетін жазбалары орнатылған ені 25 м ішкі ескерту аймағы болады.

32. Алаңдарды шымтезекті топырақтарда орналастыруға болмайды.

33. Сынау, тұтандыру және жару кезінде оттың таралуын болдырмау мақсатында учаскелердің периметрі бойынша тереңдігі 0,5 м және жоғары қарай ені кемінде 1,5 м шұңқыр жасалады. Алаңдарды орнатуға арналған учаскелердің өлшемдері әрбір нақты жағдайда белгілі бір шарттарға, жұмыс түрі мен тәсіліне байланысты анықталады.

34. Алаңда қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ету үшін мынадай міндетті құрылыстар жобаланады:

адамдарға арналған блиндаж немесе жасырыну орны;

ЖМ арналған блиндаж немесе жасырыну орны.

Блиндажға (жасырыну орындарына) кіру жолдары ЖЗ жағу және жару орындарына қарама-қарсы жаққа бұрылған. ЖЗ сынауға және қалдықтарды жоюға арналған орындар алаң орталығына жақын және бекеттің құрылысынан едәуір қашық орналасады.

35. ЖЗ сынауға және қалдықтарды жоюға дайындалу кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың улы жану және жарылу өнімдерімен улануынан алдын алу жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.



8-параграф. Хабарлама жолдары және көлік
36. Көлік құрылғыларын жобалау кезінде өндірістің ерекшелігі, ЖМ жұмыстарының шекті нормалары ескеріледі, қозғалыс пен тиеу-түсіру операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленеді.

37. Жарылғыш материалдарды тасымалдауға арналған көлік жолдары мынадай қашықтықта:

ЖЗ дайындалатын немесе өңделетін ғимараттардан (орынжайлардан) кемінде 15 м;

егер жолдар осы ғимараттарға кіруге арналса, барлық санаттағы ғимараттардан кемінде 3 м;

ашық жағу оттықтары мен ашық от көздері бар немесе ашық отпен жұмыс жүргізілетін (ұста, қазандық, дәнекерлеу шеберханалары және тағы басқа) ғимараттардан, жанғыш және тез тұтанғыш заттардың қоймаларынан кемінде 50 м;

бекет аумағындағы (асхана, кеңсе, тұрмыстық орындар және тағы басқа) қосалқы ғимараттардан кемінде 15 м;

егер құрылыс нормалары бойынша кең көлемде ыдырату қажет болмаса, барлық өзге ғимараттардан кемінде 6 м орналасады.

38. ЖЗ дайындау және қайта өңдеу жүргізілетін ғимарат пен орынжайға тек арнайы мақсаттағы көлікке (жарылыстан қорғалған күйдегі электрлік тиегішке, қорғау дәрежесі JP54 төмен емес электрлік жабдығы бар тиегішке, каталитті-сұйықтықты бейтараптау және іштен жану қозғалтқышы пайдаланылған газдарының ұшқын басу жүйесімен жабдықталған авто тиегіштерге) ғана кіруге болады.

39. ЖМ мен құрамдас бөліктерін эмульсия өндірісінде тасымалдау үшін арнайы жабдықталған және жіберілген араластырғыш-зарядтау машиналарына және өзге де автокөлік түрлеріне ТДБ тиеу және түсіру құрылғыларына тікелей өтуіне болады.

40. Теміржол көлігінің ЖЗ тозаңы бөлінуі мүмкін ғимараттарға 10 м жақын емес кіруіне болады.

41. Автомобиль және теміржол жолдарын орналастыру көлік құралдарының олар қызмет көрсететін ғимараттар мен құрылыстарға ыңғайлы түрде өтуін қамтамасыз етеді.

42. Жол жабынының түрі көлік пайдалану талаптары мен жобаланатын жолдың санаттары негізінде қабылданады.

Жолдың өту бөлігінің ені бойлық көлбеуі 6 % аспайтын қос жолақты қозғалысқа есептеледі.

43. ТДБ-ға жеткізілетін аммиак селитрасының технологиялық қоры жобаға сәйкес қабылданады.

44. Аккумуляторлық тиегіштеріне және автомашиналардың тұрақты тұрағына арналған зарядтағышты ТДБ өндірістік ғимараттары мен құрылыстарынан 50 м жақын емес орналастыру қажет.

45. Құрамдас бөліктері мен ЖЗ бар вагондар тұратын камералар ТДБ-не негізгі және қосалқы кіру жолдары, басты және қосалқы шығу жолдары ретінде қызмет ететін бұратын қазбаларда орнатылады.

46. Вагондардың тұратын камераларын ТД-нен бөлек, нақты жағдайларға байланысты орнату қажет және жалпы шахталық депрессия есебінен желдету қажет. Бұл ретте оларды тасып шығаратын қазбаға параллель орнату ұсынылады.

47. ТДБ мен вагондар тұратын камерадағы құрамдас бөліктердің жиынтық мөлшері екі апталық қордан артық болмайды, аммиак селитрасының мөлшері алты тәуліктік қордан аспайды, ал ЖЗ жиынтық мөлшері 20 тоннадан аспайды. ЖЗ бар вагондардың вагон тұратын камерада тұру уақыты екі тәуліктен аспайды.

48. ЖЗ ыдыссыз ір осы мақсатқа арналған шахталық жеткізу және ВДВ, МТЗ және тағы басқа түріндегі көліктік зарядтау вагондарына немесе ЖЗ толтырып тасымалдау үшін жабдықталған тұйық кеніш вагондарына жүргізіледі. Кеніш вагондарының ішкі қабаттарын аммиакты-селитралы ВВ байланыстыру кезінде тотығудан сақтандыру, олардың бұзылуына әкелетін ЖЗ түйіршіктеріне механикалық әсер етуді төмендету үшін вагондар ішкі жағынан ағашпен, резинамен немесе басқа да материалмен қапталады және үстіңгі жағынан жанбайтын немесе жануы қиын материалмен қапталған тұтас қақпақпен жабылады. Түйіршіктелген ЖЗ жанбайтын матамен немесе басқа да диэлектрлік материалмен жабуға болады.

ЖЗ толтырып тасымалдауға арналған вагондар вакуумды толтырғышпен жабдықталады.

49. ТДБ ішінен құрамдас бөліктері мен ЖЗ бар вагондар вагондардың орын ауыстыру жолдары шығыршық жағынан бақыланатындай етіп, қуысқа орнатылған шығырдың көмегімен ауыстырылады.

3-тарау. Өндірістік үдерістерді ұйымдастыру

1-параграф. Технологиялық үдерістерді ұйымдастыру
50. ТДБ ғимараттары мен құрылыстарын жобалау және салу рұқсат етілген технологияның негізінде жүзеге асырылады.

51. ТДБ жобасында мыналар:

1) өндірістік үдерістерді кешенді механикаландыруды және автоматтандыруды;

2) үдерістердің тиісті реттілігін және жабдықтың жұмыс режимін сақтауды қамтамасыз ететін басқару құрылғылары мен тетіктерін;

3) зиянды және қауіпті будың, газдардың және тозаңның тұтану мен жарылуға қатысты бөлінуін болдырмайтын немесе барынша төмендететін жабдық пен аппаратураны герметизациялауды;

4) пневмо-вакуум көлігімен немесе басқа да жабық көлік құралдарын қолдана отырып, тозаңдайтын материалдарды ауыстыруды;

5) ауа атмосферасына шығарылатын зиянды бөліністерді ұстауға арналған құрылғылармен жан-жақты жергілікті сорғысы бар жабдықты қолдануды;

6) технологиялық үдерістерде тұйық су айналымын қолдануды;

7) су айдынына жіберілетін улы заттарды толығымен жоюды;

8) бақылау-өлшеу аппаратурасының және химиялық зертхананың немесе ЖЗ дайындау сапасын мерзімді зертханалық бақылаудың болуы қарастырылады.

ЖМ өндіру кезінде туындайтын барлық қауіпті факторларды талдау, олардың персоналға, тұрғындарға, қоршаған ортаға әсерін болдырмау.

52. Егер белгілі бір ғимаратта механизация енгізу және жаппай өндіруді қалыптастыру қажет болса, қауіптілік санаты әр түрлі белгілі бір өндірістің фазалары мен операцияларын орналастыруға болады. Бұл ретте жекеленген қауіпті фазаларда өрттің таралуынан (өртке қарсы қабырға, өртке қарсы құралдар және басқалары) қорғайтын тиісті аспаптар (құрылғылар) қарастырылады.

Натрий нитриті ерітіндісін дайындау фазасы құрамдас бөліктерді дайындайтын және өздігінен кіретін ұйыммен және дербес жүк түсіру алаңымен тотығу ерітіндісін әзірлейтін ғимараттың бөлек оқшау орынжайында орналастырылады.

53. Қоршаған ортаның температурасында қататын немесе кристалданатын өнімдерге арналған құбырлар бу немесе су жылыту желілерімен және жылу оқшаулағышпен жабдықталады.

54. Технологиялық аппараттарды шығындау және жинау сыйымдылықтарымен қосатын құбырлар саны ең аз бұрылыстармен бөлшектенеді. Жобада оларды толықтай босату мүмкіндігі қарастырылады.

55. Қатуға немесе кристалдануға бейімді заттарды өңдеу жүргізілетін аппараттар мен сыйымдылықтар қыздырылады және жылумен оқшауланады.

56. Жұмыс ауысымы ішінде ЖЗ және тотықтырғыштардан босатылатын жанатын және жанбайтын ыдыстарды уақытша сақтау орындарын терезе ойықтары жоқ ғимараттың ішкі жағынан орналастыруға болады. Ыдыстарды жұмыс орынжайында ауысымдық қажеттілік есебінен арнайы бөлінген орындарда өту жолдары мен авариялық шығу жолдарын үймелемей уақытша сақтауға болады.

57. Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде өндірістік ғимараттың жанында жылжымалы көлік құралдарының уақытша тұруына болады.

58. ЖЗ дайындалатын немесе қайта өңделетін орынжайлардан басқа, ТДБ ғимараттарында ағымдық ұсақ жөндеу (дәнекерлеу жабдығысыз) үшін слесарлық шеберханаларды және кезекші слесарлар мен электриктердің уақытша келуіне арналған орынжайларды орналастыруға болады. Бұл орынжайлар өндірістік ғимараттардан отқа төзімділік шегі REI 150 өртке қарсы қабырғамен бөлінген орынжайда орналастырылады.

Жер асты ТДБ-де слесарлық шеберханаларды өртке қарсы есіктермен жабылатын бөлек камералар мен қуыстарда дәнекерлеу жабдығысыз орналастыруға болады.

59. ЖЗ дайындалатын және қайта өңделетін ғимараттың жиынтық жұмысы дайындалған және вагондағы, АЗМ, ЖАҚ немесе басқа көлік құралы мен толтыру сыйымдылықтарындағы тиелген ЖЗ ескере отырып, 60 т аспайды. Толтыру сыйымдылығының жұмысы АЗМ, ЖАҚ немесе өзге көлік құралының еселік жүк көтергішімен қабылданады.

Жер асты ТДБ, құрамдас бөліктері мен ЖЗ бар вагондардың тұру камерасының жиынтық жұмысы жобада анықталады және 47-тармаққа сәйкес қабылданады.

60. ЖМ сынауға және жоюға арналған алаңда жұмысты ұйымдастыру технологиялық регламентте белгіленеді.

Бір алаңды бөлек оқшауланған учаскелерде ЖМ сынауды және жоюды жүргізуге болады. Қалдықтарды сынау және жою бір мезгілде қатар жүргізілмейді.

61. ТДБ жобалау қайта өңделетін материалдардың қауіпті электрленуінен алдын алуды ескере отырып жүргізіледі. Статикалық электр зарядтарының жиналу қауіптілігі бойынша өндірістік үдерістің сипаты мен электрлену қарқындылығын төмендету іс-шаралары жобалау құжаттамасында көрсетіледі.

2-параграф. Технологиялық үдерістерді бақылау және автоматтандыру
62. Өнеркәсіптік жарылғыш заттар дайындалатын және қайта өңделетін өндірістерде, орынжайларда, сыртқы қондырғыларда және жабдықта 2-қосымшаға сәйкес автоматтандыру электр аппаратурасы, бергіштер мен аспаптар қолданылады.

63. Жарылғыш материалдар дайындалатын немесе қайта өңделетін ғимараттарда радиоактивті көзді жарылысқа тұрақты контейнерге орналастырған жағдайда жарылыстан қорғағыштығы бойынша тиісті түрде таңбаланған радиоизотоптары бар аспаптарды қолдануға болады.

64. ТДБ-де 2-қосымшаға сәйкес күйдегі электрлік ток күші, іске қосу және жарық беру аппаратурасы, автоматика, бергіштер мен аспаптар қолданылады.

Электр аппаратураларын дайындау кезінде мынадай түрлері қолданылады:

1) қабыршағы қоршаған ортадан JP54 төмен емес қорғағыш дәрежесімен орындалған жағдайда барлық санатты аймақтарда-«жарылысты өткізбейтін қабықша» жарылыстан қорғағыш түрімен жарылыстан қорғалған;

2) барлық класты аймақтарды, бұл ретте бергіштерді құрамында ЖЗ бар аппараттар мен құбырларда орнату кезінде олардың қуаты (ыдырау, тұйықталу және ажырау) 60 мВт аспайды-«ұшқынға қауіпсіз электрлік тізбек» жарылыстан қорғағыш түрімен жарылыстан қорғалған;

3) барлық класты аймақтарда-«қабықшаларды артық қысыммен толтыру немесе үрлеу» жарылыстан қорғағыш түрімен жарылыстан қорғалған;

4) барлық класты аймақтарда-«е» жарылыстан қорғағыш түрімен жарылыстан қорғалған;

5) барлық класты аймақтарда-«арнайы» жарылыстан қорғағыш түрімен жарылыстан қорғалған;

6) қоршаған ортадан JPX6, JPX7 немесе JPX8 қорғау дәрежесімен герметикалық немесе тозаң өткізбейтін қабықшада В-1 басқа, барлық класты аймақтарда;

7) В-ІІа класты аймақтарда JP54 қабықшаны қорғау дәрежесімен жарылыстан қорғау құралысыз.

65. П-I, П-II и П-IIа класты өрт шығу қаупі бар аймақтар үшін электр аппаратурасын дайындау және электр өткізгіш түрі электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес алынады.

66. B-Ia, B-II, В-IIа класты барлық жарылу қаупі бар аймақтарда, өзге де қауіптілігі төмен орындарда, жарылу, өрт шығу қаупі бар ортаны қамтитын барлық технологиялық аппараттар мен құбырларда олардың орналасу аймақтарының кластарына қарамастан, кедергі термометрлерін, жинақта электронды көпірлері және ұшқынға қауіпсіз өлшеу сызбасымен потенциометрлері бар термо жұптарды орнатуға болады.

67. ЖЗ дайындалатын немесе қайта өңделетін ТДБ ғимараттарында, орынжайлары мен жер асты қазбаларында байланыссыз бергіштердің әр түрін орнатуға болады. Бұл ретте қосалқы аспаптар атмосфера құрамында ЖЗ жоқ және ұшқынға қауіпсіз тізбектермен байланыспайтын орынжайларда орнатылады.

68. Жалпы мақсаттағы электр жабдығын (осы өндіріс үшін ерекше талаптарды ескермей-ақ орындалған) ТДБ есіктерінің сыртқы жағынан (дала жағынан) немесе ЖЗ дайындайтын және шығаратын орынжайдан өртке қарсы қабырғамен бөлінген көршілес орынжайда орнатуға болады.

69. Жер асты ТДБ үшін кеніш күйіндегі электр аппаратурасын өртке қарсы есіктердің сыртқы жағынан (желдету үшін ауа бөлетін қазба жағынан) немесе ТДБ-нен тау-кен қазындысымен немесе тұтас өртке қарсы қабырғамен бөлінген оқшауланған қазбаларда орнатуға болады.

70. Телевизиялық камераларға және камералық блоктарға, гидро клапандардың электрлік магниттік жетектеріне және өрт сөндіру автоматикасы жүйесінің фото блоктарына, басқа да жылжымалы ток қабылдағыштарға және жергілікті монтаждау үшін жылжымайтын ток қабылдағыштарға кабелді резина немесе пластик жабындарымен, иілгіш мыстан жасалған сымдармен барлық класты жарылыс қаупі бар аймақтарда өткізуге болады.

Кабелдердің механикалық зақымдануы ықтимал орындарда соңғысы болат құбырлармен, бұрыштық болатпен немесе өзге де қорғау түрімен қорғалады.

Ұшқынға қауіпсіз тізбектерді брондалмаған кабельдермен орындауға болады.

71. Тотықтырғыштармен немесе еріткіштермен жұмыс жүргізілетін өндірістік ғимараттарда (орынжайларда) мыстан жасалған импульстік және командалық құбырларды төсеуге, мырышты құрышпен және ашық қорғасын қабықшасымен брондалған кабелдерді қолдануға болмайды. Тотықтырғыштардың ерітінділерін дайындау барысы еріткіштер мен температураның деңгейін бақылаумен қамтамасыз етіледі.

72. Барлық класты жарылу қаупі бар аймақтарда егер қоршаған орта пластмассаны бұзбаған жағдайда, пластмассалық құбырларды төсеуге болады.

  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет