Кері байланыс: Өткен тақырып бойынша қиындық туғызған сұрақтар бар ма?
Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі
Жеке жұмыс.
«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға ашық сұрақтар қоямын.
1.Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсыз?
2.Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
3.Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
4.Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыз?
Балалар интербелсенді татадан «Шынайы мінез» бейнефильм тамашалайды. Бейнекөріністі көріп, жігітке тән мінез жайлы өз болжамдарын жасайды. 1-тапсырма.
Оқылым. Топтық жұмыс.
«Екі шеңбер» әдісі арқылы сынып оқушылары екі топқа бөлініп, мәтінді оқиды.Ішкі шеңбердегілер тыңдап, сыртқы шеңбердегілер өз болжамдары бойынша диалогке түседі.
Кері байланыс: «Шынайы мінез» бейнефильмнің кейіпкері Оразбен Ыбыштың мінезі қандай?
Түсіндірме сөздік. Сөзмаржан.
Атыз – егістікті суару үшін тартылған арық.
Жарау ат- жараған, бабына келген ат.
Түйеқарын- сортаңды жерде қауқиып өсетін сабағы бұдырлы өсімдік.
Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам.
1.А. Айтылым. Топтық жұмыс.
1-топ.
Төмендегі сипаттаулар мен суреттеулер кімге немесе неге тән екенін табыңдар.
1.Мұрны жалпақ, қой көзді.
2. Қатал, айтқанын істететін жан.
3. Шабандоз емес, мінезі ашық.
4. Жалпақ танаулы балықтың желбезегіндей желп-желп етеді.
5. Көп сөйлемейтін, баяу қозғалатын
6. Жауырындары қақпақтай, алып күштің иесі.
2-топ.
1Ә. Мәтінде қанша кейіпкерге сипаттама берілген. Олар кімдер?
3-топ.
1В. Мәтінен атау, ілік, барыс, табыс септіктерде тұрған зат есімдерді табыңдар.
Қалыптастырушы бағалау: Өзара топтық бағалау.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Жатыс септік. Шығыс септік. Көмектес септік.
№
|
Септік
|
Сұрақтары
|
Жалғаулары
|
Мысалы
|
5
|
Жатыс
|
кімде? неде?
|
-да, -де,
-та, -те
|
киімде
шанада
|
6
|
Шығыс
|
кімнен? неден?
|
-нан, -нен, -дан,
-ден, -тан, -тен
|
киімнен
шанадан
|
7
|
Көмектес
|
кіммен?
немен?
|
-мен, -бен, -пен
|
Киіммен
|
Достарыңызбен бөлісу: |