Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық құндылықтарына баулу.
Пәнаралық байланыс:
|
Сабақ барысындағы тапсырма мәтіндері оқушының ой ұшқырлығын, дүниетанымын кеңейтуге бағытталғандықтан өзін-өзі тану пәнімен байланыстырдым.
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Арман, қиял туралы мәліметтерді біледі.
|
Жоспар
|
Жоспарланған кезеңдері
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5мин
|
Қызығушылықты ояту.
«Шеңбер бойынша әңгімелесу» әдісі арқылы оқушылар «Менің қиялым» тақырыбында өз қызығушылығы туралы ой бөліседі.
Оқушыларды топқа бөлу.
Қиял
Арман
Шындық
4. Ғажайып
Үй тапсырмасын сұрау.
7- тапсырма. Суретке қарап, “Тәтті қиял” тақырыбына
80 – 100 сөзден тұратын шағын мәтін құрап жаз.
|
Топқа бөлу үлестірме қағаздар
|
Сабақтың ортасы
6 мин
14 мин
10 мин
|
8 – тапсырма. Оқылым. «Идеяны ұстап ал» әдісі арқылы топтар мәтінді оқып шығыңдар.
Топтық жұмыс
«Балық қаңқасы» әдісі
Әр топ бөлімдер бойынша үш сұрақ құрастырады, сағат тілінің бағытымен ауысып, келесі топтың сұрақтарына жауап береді. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданыңдар.
Қосымша: Мәтіннен зат есімдерді табыңдар.
Адамдардың қиялдауына тән кейбір , ерекшеліктер бар:
әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылығы мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты болады. Мысалы, ыстық күнде салқын суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен сабаққа дайындалмай келгендіктен мұғалімнің көзіне түспей, құтылып кетуді ойлап отырған оқушының қиялын салыстырып көруге болады;
қиялдың әртүрлі болуы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім, тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, білімді ересек адамның қиялы мен енді ғана айналасына көз салып, дүниені тануға ұмтылған жасөспірімнің қиялын салыстырып, бағалауға болмайды;
қиял адамның өскен ортасына, ұлттық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында, - деп жазады М.Жұмабаев,- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, Күнмен бірге күліп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада туып-өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті»
Болжам жауаптар
А
|
Мәтінді мұқият тыңдайды. Мәтіндегі негізгі идеяны есінде сақтайды.
Осы мәтін бойынша топ ішінде үш сұрақ құрастырады . Сұрақтарға жауап береді. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын айтады.
Өз ойын айту барысында зат есімдерді түрлендіріп қолданады.
|
В
|
Топтық жұмыста өз ойын айтып отырды.Постерге ойын жазады.Күрделі сөздерді анықтай алады.Мазмұнын айтады, ой тастайды.
|
С
|
Мәтінді тыңдап, мазмұны бойынша жабық сұрақ дайындай алады.Көтерілген мәселе бойынша топқа өз ойын қосуға тырысады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |