Сабақ Баланың бас ұстазы ата-ана


Сіздің сөздеріңіз, әрекеттеріңіз қандай болмақ?



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата30.11.2023
өлшемі1.09 Mb.
#484952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
DOCUMENT 3 10 2023

Сіздің сөздеріңіз, әрекеттеріңіз қандай болмақ?
Бейнесюжетті көру:
«Терабитияға көпір» фильмінің үзіндісін көру.
Сұрақтар:
1. Қыздың ата-анасы, фильм кейіпкерінің мінез-құлқына қалай қарады?
2. Бұл көріністі қандай көңіл-күй сипаттайды? Ол неден білінеді?
3. Оқиғалардың мұндай қарқыны біздің өмірімізге қатысты қаншалықты шынайы? 
Неліктен?


«Позитивті ата-ана болу» ұғымы позитивті психологиядан бастау алады. Белгілі американдық психолог,
позитивті психологияның негізін қалаушылардың бірі Мартин Селигман өз кітабында оны адамға позитивті түрде
әсер етуді зерттеуге итермелеген басты оқиғалардың бірін сипаттайды.
Селигман бақшада жұмыс істеп жатқан кезде Никки деген қызымен болған бір әңгімесін айтып берді.
Мартин жұмыс істеген кезде көңілін басқаға аударуды ұнатпайтын, ал Никки оған кедергі болып, арамшөптерді
лақтырып, билеп, ән салды. Мартин қызына ашуланып, оған кетуді бұйырды. Ол кетіп қалды, бірақ бірнеше
минуттан кейін оралды.
Никки әкесіне бұрын әр нәрсеге жиі қыңқылдап жыламсырайтынын еске салды. Бірақ ол енді жылауық 
болмаймын деп шешіп, осы кемшілікті жеңуге тырысқанын айтты. Ол оңай болған жоқ, бірақ Никки жеңе білді. 
Никки өз тұжырымын жасады – адам өзін-өзі өзгерте алады. Сондықтан әкесі де оған орынсыз ренжімей 
алатынын айтты. 
Селигман бұл әңгіме оған сабақ болды деп жазады. Ол қызыныкі дұрыс екенін мойындады және тәрбие 
– қателерді, кемшіліктерді және ауытқуларды түзету ғана емес деген қорытындыға келді. Бала мұны өзі жасауды 
үйренуі керек, ал ата-ананың мақсаты оның бойындағы ішкі күштерді кұрметтеу және қолдау. Дәл осындай ішкі 
күштер сіздің балаңыздың жолында кездесетін барлық әлсіздіктер мен өмірлік дауылдарға қарсы тұратын ең 
жақсы тосқауыл болады.


 Сіз балаңыздың пікірін тыңдайсыз ба?
 Жасөспірімге сіздің атыңызға сын айтуға 
мүмкіндік бересіз бе?
 Бұл сіздің ұлттық мәдениетіңізге қайшы келмей 
ме? Өз пікіріңізді білдіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет