Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру



жүктеу 36.36 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі36.36 Kb.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,

Қаракөл орта мектебі

Тағашева Гүлмира Жақсылыққызы

Математика пәні мұғалімі,

І санатты

Тақырыбы : Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Мақсаты :

Білімдік: оқушылардың арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін

және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептей білу

дағдыларын жетілдіру

дамытушылық : оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,

математикалық тілде сөйлеу дағдысын, интерактивті

технологияны пайдалана отырып есептер шығару, білімін жетілдіру арқылы дамыту

тәрбиелік : өз бетінше жұмыс жасауға, қорытынды шығаруға, ізденуге дағдыландыру

түрі : аралас сабақ

типі : қайталау- пысықтау сабағы

әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, саралап

деңгейлеп оқыту

көрнекілігі : тірек- сызбалар,электронды оқулық, интерактивті тақта, activote құралы
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысын, құралдарын түгендеу

Әрбір оқушыға нәтижелік карта үлестіріледі.Оны оқушы өзі толтырады.






Ой қозғау

Деңгейлік тапсырма

Тест

Қазақтың байырғы есептері




Қорытынды ұпай саны.

Ұпай саны

 

 

 

 

 



ІІ.Үй тапсырмасы:§11 № 193есеп

ІІІ.Ой қозғау.

Пысықтау сұрақтары.( Әр дұрыс жауап 1 ұпай)

1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымда.

2. Арифметикалық прогрессияның айырмасы деген не?

3. Арифметикалық прогрессияның қасиеті

4. Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің формуласын жаз

5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын жаз

IV.Тапқыр болсаң, тауып көр ! (деңгейлік тапсырмалар)

І-деңгей


  1. а1= 100 a100= 200 болатын арифметикалық прогрессияның алғашқы 100 мүшесінің қосындысын табыңдар

  2. а1=100 , d=-10 болатын арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын табыңдар

  3. -3; -7; ...; арифметикалық прогрессияның алғашқы 7 мүшесінің қосындысын табыңдар

ІІ деңгей

Ап арифметикалық прогрессия берілген. Оның 11-ден 20- ны қоса алғандағы мүшелерінің қосындысын табыңдар

ІІІ-деңгей

Арифметикалық прогрессияның үшінші және бесінші мүшелері сәйкесінше 11-ге және 19-ға тең. Осы прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын табыңдар.


1-деңгей 10 ұпай, 2-деңгей 20 ұпай, 3-деңгей 30 ұпай

V.Біліміңді сынап көр! (сауалнама)

Activote құралы арқылы тест орындалады.

Сауалнама

1.(an) арифметикалық прогрессияның a1 = -3,4 , d=3 .

Табыңдар а11 , аn

А) а11=8,6 ; аn= 6,4-3n B) а11=26,6 ; аn= -6,4+3n

C) а11=-26,6 ; аn= 3n +6.4 D) а11=6,6 ; аn= 3n +6.4

2.Дене бірінші минутта 5 м жылжыды, ал әрбір келесі минутта алдыңғысынан 0,5-ке артық жылжыды. Алтыншы минутта дене қандай қашықтыққа жетті ?

A)8,5м B) 8м C) 7,5м D) 7м

3. а6= -8 ; d=4 болғандағы арифметикалық прогрессияның алғашқы он алты мүшесінің қосындысын табыңдар.

A)168 B)576 C) 676 D) 574

4. 3-ке еселі барлық екі таңбалы сандардың қосындысын табыңдар.

A)1665 B) 1568 C) 1702 D) 1765


VI. Математикалық біліміңді қолдана білесің бе ?

(Әр дұрыс есеп 10 ұпай)

Қазақтың байырғы есептерінен «тоғыз қап тары», «қылжақбас саудагер» есептерін шығару.

«Тоғыз қап тары»

2,3,4,5,6,7,8,9,10

S9===54 54:3=18

10+3+5=18 9+2+7=18 6+8+4=18


Жауабы : (10;3;5), (8;6;4) , (9;7;2)және (2;6;10),(3;7;8), (9,5;4)т.б
«Қылжақбас саудагер»

S=10,9,8,7,6,5,4,3,2,1

S=1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

2s= 11*10

S==55 (бидай)

S==55 (тары)

Жауабы : әр адам 11 қадақ дән алған, бидай 55 қадақ, тары 55 қадақ
Қорытынды.

Топтастыру стратегиясы арқылы арифметикалық прогрессияның қасиеттерін жазу



Бағалау.


Нәтижелік картадағы ұпайлары бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы : §10-11 қайталау


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет