Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



бет4/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#141952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ә д е б и е т т е р.

  1. Қ.Р.Ұлттық банкі туралы.Қ.Р.Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995ж 30 наурыз

  2. Әбділманова Ш.Р. Халыққа кызмет көрсету нарығындағы
    банктік маркетинг. - Алматы, "Жібек жолы" баспасы, 2000

  3. “Банк ісі” С.Б. Мақыш, А.Ә. Ілияс. Алматы. 2004.

  4. “Ақша, несие, банк” Сейітқасымов. Алматы, “Экономика” 2001.

  5. “Банктiк құқық” С.М. Найманбаев Алматы , Жетi жарғы 2005.

  6. “ Ақша Н.Б. және валюта қат ” Көшенова . Алматы, 2000

  7. Антонов.А.Г.ПессельМ.А.Денежное обращение,кредиты,банки.-М.Финстатинформ 1995

  8. Көшенова Б. Бағалы қағаздар нарығы Алматы.Экономика 1999-234б.

  9. Қ.Р. банктер және банк қызметi туралы.Қ.Р. 1995ж 31тамыз № 2444 Заңы


Бірінші аралық бақылау

р/с

Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Коммерциялық банктер жүйесінің элементі

1 апта

3

реферат

2

Қазақстандағы банктік реформалар әсерi

2 апта

2

Тест

3

Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау

2 апта

3

Жазбаша бақылау

4

Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау

2 апта

2

Глоссарий

5

Банк қызметінің құқықтық ерекшелiгі

3 апта

3

Глоссарий

6

Банк қызметінің құқықтық ерекшелiгі

3 апта

2

Тест

7

Банк ісін ұйымдастыру мен ашу


4 апта

3,5

Реферат

8

Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтер

4 апта

2

Тест

9

Банктік қадағалаудың әдістері мен талдау

5 апта

2

Жазбаша бақылау

10

CAMEL жүйесінiң көрсеткіші мен рейтингi

6 апта

4

Глоссарий

11

Банк ресурстарындағы меншiктi капитал

6 апта

3,5

Реферат

12

Жинақ салымдарының түрлерi


7 апта

2

Жазбаша бақылау


1-тақырып. Банк ісі пәні

жоспар

1.Банк ісі пәні мазмұны

2.Қазақстан Республикасының банктер туралы заңы

Теориялық мәліметтер

Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды. Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру – Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және т.б. түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекелшіл банк қызметкерін тәрбиелеу – алда тұрған көп міндеттің бірі. Жаңа банк тетігін халықаралық іс-тәжірибеде қабылданған әрі нарықтық қаржы құрылымының тәжірибесіне сүйенетін ұтымды принциптерді несие мекемелеріне енгізу жолымен ғана құруға болады. Бұл жағынан алғанда, халықаралық іс-тәжірибені, ақшалай ресурстарды шоғырландырудың, несиелеудің және есеп айырысудың тәсілдері мен формаларын терең оқып-білудің маңызы зор. Банк ісінің осы заманғы әдістерін жақсы меңгерген банктер ғана қатаң бәсекелестік жағдайында жетістікке жете алады. Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы-несие институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгереді. Еліміздегі банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшуі барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы өте зор. Сол себепті де құзыретті, бастамашыл әрі өзгерген ахуалға жылдам бейімделіп, бағдарлана алатын кәсіби банк маманына қажеттілік артып отыр. Банктердің әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара қарым-қатынасы көп жағынан объектіге, несиелеудің әдісіне, ссуданың түріне, қарыз алушының несиені өтей алатын қабілетіне, несие берушінің тәуекелдік деңгейіне, сондай-ақ қассалық-есеп айырысудың қызметіне қарай ұйымдастырылады.

Курстың негізгі мақсатыбанктік қызмет көрсетудің мәселелерін кешенді әрі құрылымдық түрде ашу. Бұл банктің индустрия жүйесін оқып-білудің процесін біршама деңгейде оңайлатады. Курс басқа экономикалық пәндермен, ең алдымен, банк мекемесінің мамандарын дайындау жүйесінде базалық курс болып табылатын ақша несие және банк теорияларымен тығыз байланысты. Проценттік мөлшерлемелер бойынша есеп айырысуды, ссудалық операцияларды ресімдеуді, ссуданы берудің және өтеудің тетіктерін зерделеу банкілік операциялардың техникалық жағымен байланысты әр: “Банктердегі бухгалтерлік есеп, аудит және есепшіліктер ”, “Ақша – несиелік реттеу”, “Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу”, “Құнды қағаздар нарығы” секілді курстардың қатар оқылуын ұйғарады. Коммерциялық банкілердің ресурстық базасын қалыптастыру, олардың оңтайлы жұмысын ұйымдастыру мәселелері “Банк менеджменті”, “Банк маркетингісі” және т.б. курстарды зерделеуді ұйғарады.

Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым. Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.."Банк ісі" пәні экономикалық ғылымның дербес және арнайы саласы болғандықтан, бұл пәнді оқып үйренудің әдістері, тәсілдері, логикасы жалпы экономикалық ғылымды оқып үйренудің әдістерімен, тәсілдерімен, логикасымен үндес, астарлас.

Қазақстан Республикасының банктер жүйесі ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстарғанда нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуьының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Үлттық, Банк және Қазақстан Республикасы қаржылық қадағалау Агенттігі тарапынан коммерциялық банктердің қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бүған бір жағынан банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске кетерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, накты секторды инвестациялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.

Қазіргі кездегі коммерциялық банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаруда мамандар үшін банк ісін үйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып үйренудің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай Қазақстан Ресцубликасы банктерінің халықаралық стандартқа кешуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіпкерлік деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек. Бұл -жауапкершілік "Банк ісі" пәнін жан-жақты, терең әрі сапалы оқытумен тікелей байланысты. Бұл пәннің өзіндік ерекшелігі , коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру , реттеу және бағалау , өтімділігін басқару , олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипатталады .

Бақылау сұрақтары.

Банк iсi және оның қазақстандағы дамуы.

Банк iсi пәнiнiң мiндетi .

Банк iсi пәнiнiң диалектикалық әдiсi

Студенттің үй тапсырмалары

Банк Iсi пәнiнiң мақсаты

Банктердiң нарық экономика жағдайындағы ролi




Коммерциялық банктер жүйесінің элементі

Реферат

1 апта 3 балл






Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Коммерциялық банктер және және олардың бүгiнгi таңдағы экономикалық жағдайы







2




Коммерциялық банктер жүйесінің элементі







3




Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң әр түрлi ұйымдық –құқықтық формаларының қалыптасуы







4




Қаржылық қадағалау агенттiгiнiң банктi ашуға рұқсат беру және банктiк операцияларды лицензиялау тәртiбi







5




Банктiң филиалдарын, өкiлеттiгiн ашу тәртiбi, еншiлес банктердi құру







6




Банк ісін ұйымдастыру мен ашу







7




Банктiк несиелеу жүйесi және оның элементтерi







8




Банктің меншікті капиталын басқару







9




CAMEL жүйесінiң көрсеткіші мен рейтингi







10




Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтер







11




Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау






2 - тақырып. Банк капиталының Қазақстандағы ролi .



Жоспар:

  1. Банк капитлының Ќазаќстанға енгiзiлуi

  2. Мемлекеттік банк бөлiмшелерi

Теориялық мәліметтер.

Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.. Қаржылық тәуекелділіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:

1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.

2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдыңда, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания (қор) өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.

Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырады әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда, яғни осы заманғы жағдайда банк жүйесінің құрылымы күрделене түсті. Қаржы мекемелерінің жаңа түрлері, жаңа несие құралдары және клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері пайда болып үлгерді. Пайда алуға, коммерциялық жетістікке бағдарланған, әр түрлі меншік формаларына негізделген серпінді әрі икемді несие жүйесіне өту қолға алынды.

Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру – Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және т.б. түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекелшіл банк қызметкерін тәрбиелеу – алда тұрған көп міндеттің бірі.

Жаңа банк тетігін халықаралық іс-тәжірибеде қабылданған әрі нарықтық қаржы құрылымының тәжірибесіне сүйенетін ұтымды принциптерді несие мекемелеріне енгізу жолымен ғана құруға болады. Бұл жағынан алғанда, халықаралық іс-тәжірибені, ақшалай ресурстарды шоғырландырудың, несиелеудің және есеп айырысудың тәсілдері мен формаларын терең оқып-білудің маңызы зор.

Банк ісінің осы заманғы әдістерін жақсы меңгерген банктер ғана қатаң бәсекелестік жағдайында жетістікке жете алады.

“Банк” сөзі “banco” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Бұл “айырбас столы” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құ-рылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандық-тан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлерің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сон дай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айыр-бас орындарының болуымен сиптталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда опе-рацияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді . Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып , темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары ( ет, тері жүн т. б. ) сыртқа шығарылып отырған. Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық - өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

Банк капиталының Қазақстанға енгізілуі мерзімі XIX ғасырдың аяқ кезін қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшелерінен, акционерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұзақ несие мекемлерінен және жинақ кассаларынан тұрды.

Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі – Орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, комерциялық банктердің есеп –ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жарысынан көбін тартып отырған. Басқа мелекеттердің Орталық эмиссиялық бнктерінен Ресейдің мемлекеттік банкінің айырмашылығы, ол тек банктерді несиелеп қана қоймай, сол сияқты өнеркәсіп, сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан .


Бақылау сұрақтары.

  1. Банк капиталының Қазақстанға келуi.

  2. Мемлекеттiк банктердiң операциялары.

  3. Өзара несие қоғамдарының капиталы.

Студенттердің үй тапсырмалары.

1.Банк капиталының Қазақстанға енгiзiлу мерзiмi

2.Мемлекеттiк банктiң бөлiмшелерi
Қазақстандағы банктік реформалар әсерi

Тест


2 апта 2-балл

  1. Қазақстанда эммисиялық банк қай банк болып табылады?

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк



  1. Мемлекет эммиссиялау құқығын тек бір ғана банк береді. Ол банк-...

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк



  1. Мамандандырылған қаржы-несие институттарына жататындар:

А) Ломбардтар

Б) Инвестициялық қорлар

В) Барлығы дұрыс

Г) Бюджеттен тыс қорлар



  1. Жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асарады.

А) Салалық банк

Б) Инвистициялық банк

В) Иновациялық банк

Г) Ипотекалық банк



  1. Ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады:

А) Аумақтың банк

Б) Инвестициялық банк

В) Иновациялық банк

Г) Ипотекалық банк



  1. Инвеститциялық компаниялар неше типке бөлінеді?

А) 2

Б) 3


В) 4

Г) 5


  1. Несие жүйесінің негізгі буыны және нарықтық экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

А) банк жүйесі

Б) несие жүйесі

В) кредит жүйесі

Г) ақша жүйесі



  1. Басқарылатын жүйе ...

А) банк жүйесі

Б) несие жүйесі

В) кредит жүйесі

Г) ақша жүйесі



  1. Банк қызметі қандай шамада реттелетіне қарай банк ісін ұйымдастырудың неше типі көрсетілген...

А) 2 типі

Б) 3 типі

В) 4 типі

Г) 5 типі



  1. Банктер өздері атқаратын қызметтердің ерекшелігіне байланысты 2 түрге бөлінеді. Оларды ата:

А) Эмиссиялық, эмиссиялық емес

Б) Банктік, банктік емес

В) Тауарлы және ақшалай

Г) Эмиссиялық және банктік

3-тақырып. Банк реформасының кезеңдері мен бағдарламасы

Жоспар:


1. Банктiк жүйенiң қалыптасуының үш кезеңi

2. Банк реформасын жүргiзу бағдарламасы

Теориялық мәліметтер.

Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы-несие институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгереді.

Еліміздегі банктік жүйенің халықаралық банк жүйесінің жұмыс істеу принциптеріне көшуі барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктерімен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы өте зор. Сол себепті де құзыретті, бастамашыл әрі өзгерген ахуалға жылдам бейімделіп, бағдарлана алатын кәсіби банк маманына қажеттілік артып отыр.

Банктердің әр түрлі меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара қарым-қатынасы көп жағынан объектіге, несиелеудің әдісіне, ссуданың түріне, қарыз алушының несиені өтей алатын қабілетіне, несие берушінің тәуекелдік деңгейіне, сондай-ақ қассалық-есеп айырысудың қызметіне қарай ұйымдастырылады.

Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль атқарды. Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:

I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары –рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым –қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:



  • Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

  • Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің жеткіліксіздігі;

  • Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;

  • Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

  • Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;

  • Осы уақытқа дейін пайдаланып келген Ұлттық банк пен екінші денгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;

  • Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету денгейінің жоғарылығы;

ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:

  • Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;

  • Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;

  • Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;

  • Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің жеткіліксіздігі;

  • Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;

  • Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде болуы.

Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.

Бақылау сұрақтары.

Банк жүйесi туралы түсінік

Банк операцияларын макроэкономикалық деңгейде реттеудiң қажеттiлiгi

Банк жүйесiнiң қалыптасуы

Студенттердің үй тапсырмалары.

Банк жүйесiнiң калыптасуындағы кезеңдер мен бағдарламалар

Банктiк жүйенiң басты кемшiлiктерi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет