Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу


Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау



бет5/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#141952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау

Жазбаша бақылау

2 апта 3 балл
1. Банктерді құрудың ерекшеліктері

2. Банктерді құрудың алғы шарттары

3. Банктерді құрудың маңызы

4. Банктерді құру және қызметтерінің ерекшеліктері

5. Банктердің қызметтерінің негізгі түрлері

6. Орталық банк және оның қызметтері



Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау

Глоссарий

2 апта 2 балл

  • Банк жүйесі




  • Банк несиесі




  • Банк операциялары




  • Банк ресурстары




  • Банк желісі




  • Банк депозиті




  • Банк инвестициясы




  • Банк релизі




  • Банк кепілдігі




  • Банк қарызы




  • Банк күні




  • Банк балансы

4. тақырып. Орталық банктің ақша несие саясат жүргiзуі



Жоспар:

1. Ұлттық банктің ақша несие саясаты

2. Орталық банктердiң операциялары

Теориялық мәліметтер

Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді; Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің “ҚР Ұлттық банкісі туралы” заңдық күші бар Жарлығымен анықталады. Қалған банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде:



  1. Мемлекеттік банк – ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейдегі банк.

  2. Шетелдік қатысушылармен құрылған банк – екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-дың резидент еместерінің, ҚР резиденті – заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады, 50%-те көп акциясы ҚР резидент еместерінің немесе осыған ұқсас ҚР резиденті – заңды тұлғалардың, сондай-ақ, ҚР резиденті еместерінің қаражатын өкімгерлік жүргізетін ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болады.

  3. Мемлекетаралық банктер. Олар халықаралық келісімшарттың негізінде немесе құрылтайшылардың келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құрылтайшылар – ҚР Үкіметі мен осы келісімшартқа қол қойған мемлекет.

  4. Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым – банк болып табылмайтын заңды тұлға. Ол Ұлттық банк берген лицензияның негізінде банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады.

Банктер мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді, мемлекет те олардың міндеттемелеріне жауапты болмайды. Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық..

Орталық банктің ақша несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты-ақша айналымымен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюктурасын реттеу. Ақша-несие саясаты ия несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды реттеуге және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады.

Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағаны төмендегідей:


  • Коммерциялық банктерге берілетін несиеге проценттік төлем мөлшерін өзгертуге (ресми есеп мөлшерін, қайтадан қаржыландыру мөлшерін, ломбардтың мөлшерін);

  • Банктердің міндеті қорларының мөлшерін өзгерту;

  • Ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары;

  • Валюта курсының саясаты немесе курстық саясат.

Бұл айтылған ақша несиелік реттеу әдістері барлық коммерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.

Ал іріктеп тексеру әдісі (селективный метод) кейбір несие түрлерін (мыс: тұтыну несиесін) немесе кейбір шаруашылық салаларын (мыс: үй құрылысын, експорт саудасын) реттеуге қолданылуы мүмкін.

Іріктеп тексеру әдісіне мыналар жатады:


  • Кейбір банктерде банк тік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей шектеу (несиенің шегіне жету деп. аталатын);

  • Несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап айтқанда,маржа мөлшерін белгілеу, (яғни берілуге тиіс сома мен берілген несиенің арасындағы айырма), депозиттер мөлшері мен несие мөлшерінің арасындағы айырма (маржа – французша өзгешелік шама шегі деген сөз).

Процент мөлшерін жоғарлату еге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға әкеп соғады. Сонамен қатар ол төлем балансы мен валюта курсының деңгейіне де әсер етеді. Қарытындысына төлем баланс активтеліп және шетел валютасын ұсынушы көбейіп, демен шетел валютасының курсы төмендеп, ол ұлттық валютаның курсы жоғарлайды.

Орталық банктің процент мөлшерін төмендету әдісі. Яғни несиені кеңейту саясаты – несиелік экспанция деп аталады. Коммерциялық банктердің резервтерін, немесе олардың қарыз беру мүмкіндіктеріне міндетті резерв нормасын өзгертудің елеулі әсері бар.

Бақылау сұрақтары.


  1. Орталық банктің ақша несие саясаты

  2. Орталық банктің ақша несие саясатының әдiстерi

  3. Экспанция

Студенттердің үй тапсырмалары.

Ашық нарықтағы ооперациялар

Ұлтты валюта курсы
Банк қызметінің құқықтық ерекшелiгі

Глоссарий

3 апта 3 балл
1. ҚР банк жүйесі
2. Эмитент

3. Банк қызметі

4. Банктік құқық

5. Банк жүйесіндегі бухгалтерлік есепті реформалау

6. Кастодиан банк

7. Инвестор

8. ҚР Ұлттық банкі

9. ҚР Ұлттық банкі – банктердің банкi

10. Эмиссия

11. Орталық банк

12. Ақша- несие саясаты

Банк қызметінің құқықтық ерекшелiгі

Тест

3 апта 2 балл

1.Қазақстан Республикасы бойынша заңды ақшаны қай мекеме эмиссиялайды?

А)Ұлттық банк.

Б)Орталық банк.

С)Халық Банк.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - .........

А)тенге.

Б)сом.


С)рубль.

3.Ұлттық валюта тенге қашан енгізілді?

А)1993 жылы 15- қараша.

Б)1995 жылы 12 қаңтар.

С)1991 жылы 31 желтоқсан.

4.1990 жылы нақты ақша эмиссиясы қаншаны құрайды?

А)25 млрд. Рубль.

Б)12 мың рубль.

С)10млн. рубль.

5.Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министірлгіне қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі - .....

А)Бюджеттік.

Б)Мемлекеттік.

С)Ипотекалық.

6.Ұлттық банктің несиелері:

А)Аукциондық, Ламбардтық, Бюджеттік.

Б)Мемлекеттік.

С)Ипотекалық.

7.Қазақстанда эммисиялық банк қай банк болып табылады?

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк

8.Ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады:

А) Аумақтың банк

Б) Инвестициялық банк

В) Иновациялық банк

Г) Ипотекалық банк

9.Инвеститциялық компаниялар неше типке бөлінеді?

А) 2

Б) 3


В) 4

Г) 5


10.Ұлттық банктің басты міндеті

А) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

Б) банктерді бақылау

В) ақша- несие саясатын жасау

Г) дұрысы жоқ
5-тақырып. Банктің ақша-несие саясатындағы валюталық интервенция

Жоспар


1.Ақша несие саясаты

2.Валюталық интервенция

Теориялық мәліметтер.

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеу үйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады. Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.



Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:

- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);


  • акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапоия, Белгияда);

  • орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).

АҚШ – та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін комерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағыанан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері – 20 милд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал- жабдықтардан, көлік тік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банккке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

2004 жылдан бастап, “Ұлттық банкі туралы” ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті – еліміздезі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Ұлттық банкке мынандай қосымша міндеттер жүктеледі;



  • мемлекеттің ақша – несие саясатын жасау;

  • төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • банк қызметін реттейтін норматив құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:

  • меншік қаражат есебінен;

  • басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты незінде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

  • ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

  • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен;

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты - ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесініц қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтыгы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейіндегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады;

І.Рестрикциялық ақша-несие саясаты;

2. Экспанциондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлеміп шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесіпің деңгейін арттыруға бағытталатын

шаралар жиынтыгы.


гп,Іқ ііксс


Экспанцондық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар .

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай акша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:


пуы
*Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

* Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілсу;

* Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы
бойынша ашык, нарықтағы операцияларды жүргізу;

*банктерге және үкіметке несиелер беру;

*валюталық нарықта интервенциялау,

*кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекеле-


ген түрлерінің деңгейі мен көлсміне тікслсй сандық
шектеулер енгізу.

Бақылау сұрақтары.

Ақша несие саясатының аныќтамасы мен ќ±рамы.

Ақша несие саясатының типтерi

Ақша несие саясатының орындалуы

Студенттердің үй тапсырмалары.

Ақша несие саясатының негiзгi құралдары

Ақша несие саясатының мақсаты


Банк ісін ұйымдастыру мен ашу

Реферат

4 апта 3,5-балл




Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Коммерциялық банктер және және олардың бүгiнгi таңдағы экономикалық жағдайы







2




Коммерциялық банктер жүйесінің элементі







3




Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң әр түрлi ұйымдық –құқықтық формаларының қалыптасуы







4




Қаржылық қадағалау агенттiгiнiң банктi ашуға рұқсат беру және банктiк операцияларды лицензиялау тәртiбi







5




Банктiң филиалдарын, өкiлеттiгiн ашу тәртiбi, еншiлес банктердi құру







6




Банк ісін ұйымдастыру мен ашу







7




Банктiк несиелеу жүйесi және оның элементтерi







8




Банктің меншікті капиталын басқару







9




CAMEL жүйесінiң көрсеткіші мен рейтингi







10




Коммерциялық банктердің пруденциальдық нормативтер







11




Банктерді құру және қызметтерін лицензиялау







6- тақырып. Банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесiндегi филиалдары

Жоспар:


  1. Банктік операциялар.

  2. Банктердің өз қызметiн жүзеге асыруы

Теориялық мәліметтер

Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Қаржылық тәуекелділіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:

1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.

2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдыңда, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания (қор) өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері.

1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.

2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құралады.

4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілік әдісімен емес) әдістермен реттеледі.

Коммерциялық банктердің функциялары.

1. Несиедегі делдалдық.

2. Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру.

3. Жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу.

4. Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу

Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;



  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу ;

  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау
    жәнс сақтау;

- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың
ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

- есепке алу операциялары; заңды және жеке


тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндет-
темелерін есепке алу (дисконт);

- заемдық операциялар: ақы төлеу, мсрзімін бслгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде
корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты
олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу
операцияларын жүргізу;

- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің


тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын,
құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру жөне растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясьн анықтау;

сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы 'қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа


мерзімді несиелер беру;

-төлем карточкаларын шығару;

-банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

-шетел валютасьмен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

-төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден
басқаларын);

-чек кітапшаларын шығару;

- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
аккредитивті ашу, растау және ол бойынша

міндеттемені орындау;

- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік
кепіл-хаттарды беру;

- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орын-


далуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқада кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:



  • брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

  • дилерлік — мемлекеттің және де өзге де бағалы қағаздармен;

  • кастодиандық;

  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензия беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ елшілес банктерін аша алады.



Банктің филиалы - филал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар , заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме

Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атьшан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан , заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Еншілес банк — жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.

Бақылау сұрақтары.

Банктiң филиалдарын, өкiлеттiгiн ашу тәртiбi

Еншiлес банктердi құру

Банктердің қызметін ұйымдастыру

Студенттердің үй тапсырмалары.

Банктiк операциялардың түрлерi

Банк өкiлдiгi



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет