Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



бет6/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.33 Mb.
#21450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7-тақырып. Несие функциялары

Жоспар:


1.Қарыз пайызының экономикалық мәні

2.Жай пайыздарды есептеудің техникасы



Теориялық мәліметтер

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады.:


  • қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

  • несиенің кепіл- хаттар және кепілдемелерін қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;

  • қарыз алушның несиелік қабілетін талдау тәртібі;

  • құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;

  • несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немес тұтыну несиелері бойынша).

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелерлің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несилік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі прициптер:



  • несиенің мақсаттылығы;

  • несиенің дифференциалдығы.

II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:

  • несиенің мерзіміділігі;

  • несиенің қайтарымдылығы;

  • несиенің төлемділігі;

  • несиенің қамтамасыз етілуі;

Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жеткшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белігісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық прицинпі туындайды.

Несиенің қайтарымдлығы оның экономикалық катергория ретінде басқа да тауарлы – ақшала қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелегімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық- несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтмасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтмасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгілетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттраы бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшермесінің өзгеруіне байланысты төмендегі отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.


Банк және оның типтері

Жазбаша бақылау

5 апта 2 балл

1.Банктің қызметтері
2.Банктің мәні
3. Банк жүйесі
4. Банк типтері
5. Эмиссия
6. Бірінші және екінші деңгейлі банктер
8-тақырып. Несие жүйесі

Жоспар:


1.Несие жүйесінің ұғымы

2.Несиелік мекемелердің түрлері



Теориялық мәліметтер

Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдай қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.

Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуімен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатнас табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.

Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке түлғалар үшін де қарыз қаражаттарынн алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.

Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру – Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және т.б. түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекелшіл банк қызметкерін тәрбиелеу – алда тұрған көп міндеттің бірі.

Несиені беретін негізгі бағыттар - экономикалық жэне элеуметтік инфрақүрылымдар, агроөнеркэсіп объектілері, ауыл шаруашылығын өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп. Банктің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне -сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады. Несие ісі ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады. Соның негізінде, несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.

Несие мекемелерінің соның ішінде, банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз банк және банк қызметі түсініктерін анықтауымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі- депозиттерді қабылдау және ссудалар беру болып табылады. Көптеген елдерде банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздар сату, лизингтік және т.б операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Ал банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Президентінің банк және банктік қызмет туралы заңының 1-бабында көрсетілген, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет Министрлігінде банк ретіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік реттеумен, және банктік операцияларды жүргізуге, Ұлттық банк тарапынан берілген лицензияның болуымен анықталады.

Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса «банк» деп аталуға тиіс емес.

Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700ж. жүзеге асырылған.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.

«Банк» ұғымы Италияның «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған. ХІІғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.

Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.

Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығаружәне оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері ажыратылған.

Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап «қаржылық универмагтар», супермаркеттер типтері Францияда, Швейцарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары менмамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.
9-тақырып. Несиелік жүйені құру

Жоспар:


1. Несиелік жүйені құру принциптері

2.Әлемдегі несие жүйесі дамуының тенденциялары



Теориялық мәліметтер

Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап «қаржылық универмагтар», супермаркеттер типтері Францияда, Швейцарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары менмамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады. Несие ісі ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады. Соның негізінде, несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.

Несие мекемелерінің соның ішінде, банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз банк және банк қызметі түсініктерін анықтауымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі- депозиттерді қабылдау және ссудалар беру болып табылады. Көптеген елдерде банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздар сату, лизингтік және т.б операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Ал банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.

АҚШ-та барлық несие-қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар таратудың басқадай формалары (зейнет-ақы жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру полюстерін сату және т.б.) рұқсат етілген деп бөледі.

Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өздеріне дәстүрлі емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және клиенттерге көрсетілетін қызметтер түрлерінің сапасын арттырады. Бұл, әмбебап несиелік мекемелер. Сондай-ақ, жоғарыда атап өткендей өз клиенттеріне бір-екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана (мысалы, биржалық, коммуналдық банктер) қызмет етуге, яғни салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтер мен пассивтердің қалыптасу ерекшеліктерін, клиенттермен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ банктері және т.б. жатады.

Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімдік қаражаттарға деген мұқтаждықты басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге қаражат салушылар арасындағы делдал болып келеді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау және игеру үшін ғана несие береді.

Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздаврды құрайды.

Салалық және аумақтық банктердің мамандану дәрежесі олардың активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың қызмет аумағына, сондай-ақ клиенттердің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты болып келеді.

«Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997ж. 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңы банктерді: депозиттік және инвестициялық деп бөлуді алып тастады.

Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесінің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында ғана қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері, инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер өздерінің бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Ал, қазіргі кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызмет көрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседі, яғни коммерциялық банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалады. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктік нарыққа еніп келеді.

Экономиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкін банктік емес институттардың дамуын талап етті.Осыған байланысты шеттегі, соның ішіндегі АҚШ-та және Ұлыбританиядағы арнайы несие институттарының қызмет ету мүдделендіре түседі.

АҚШ-та банктік емес несие-қаржы институттарға:өзара жинақ банктері, қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар, зейнетақы қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады.

Өзара жинақ банктері «өзара біріккен» кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы актілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды.

Қарыз-жинақ бірлестіктері –халықтың қаражатына қатысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдаланады.

Несиелік одақтар-кәсіподақтардың, ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері.

Сақтандыру компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғылданады.

Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары- халық салымдарын жұмылдыра отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды корпорациялардың ақшалары мен облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.

Ақша нарығының өзара біріккен қорлары пайлық депозиттік сертификаттарды, қазыналық вексельдерді сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетін қысқа мерзімді бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелін құруға бағыттайды.


Банктік реформа

Тест

6 апта 2 балл

  1. Қазақстанда эммисиялық банк қай банк болып табылады?

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк



  1. Мемлекет эммиссиялау құқығын тек бір ғана банк береді. Ол банк-...

А) Орталық банк

Б) Халықтық банк

В) Резервтік банк

Г) Ұлттық банк



  1. Мамандандырылған қаржы-несие институттарына жататындар:

А) Ломбардтар

Б) Инвестициялық қорлар

В) Барлығы дұрыс

Г) Бюджеттен тыс қорлар



  1. Жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асарады.

А) Салалық банк

Б) Инвистициялық банк

В) Иновациялық банк

Г) Ипотекалық банк



  1. Ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады:

А) Аумақтың банк

Б) Инвестициялық банк

В) Иновациялық банк

Г) Ипотекалық банк



  1. Инвеститциялық компаниялар неше типке бөлінеді?

А) 2

Б) 3


В) 4

Г) 5


  1. Несие жүйесінің негізгі буыны және нарықтық экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

А) банк жүйесі

Б) несие жүйесі

В) кредит жүйесі

Г) ақша жүйесі



  1. Басқарылатын жүйе ...

А) банк жүйесі

Б) несие жүйесі

В) кредит жүйесі

Г) ақша жүйесі



  1. Банк қызметі қандай шамада реттелетіне қарай банк ісін ұйымдастырудың неше типі көрсетілген...

А) 2 типі

Б) 3 типі

В) 4 типі

Г) 5 типі



  1. Банктер өздері атқаратын қызметтердің ерекшелігіне байланысты 2 түрге бөлінеді. Оларды ата:

А) Эмиссиялық, эмиссиялық емес

Б) Банктік, банктік емес

В) Тауарлы және ақшалай

Г) Эмиссиялық және банктік



12. Қай елде қазіргі түсініктегі алғашқы банк қалыптасты:

А) Италия;

В) Англия;

C) Франция;

D) Испания;

Е) Россия.

13. “Банк және банк қызметі туралы” ҚР-ның Заңында банктен басқа мекемелерге депозит тартуға рұқсат етілген бе:

А) иә;


В) жоқ;

С) кейде;

D) кейбір жағдайларда;

Е) мұндай заң жоқ.

14. Банктік тәуекелге не жатпайды:

А) өтімділік;

В) салалық;

С) несиелік;

D) пайыздық;

Е) валюталық.

15.Банктің негізгі қызметтері қандай:

А) несиелік;

В) инвестициялық;

С) депозиттер ашу;

D) есеп-айырысу;

Е) барлық жауап дұрыс.

16. Банк операцияларын қандай топтарға бөлуге болады:

А) әмбебап және әмбебап емес;

В) қаржылық және несиелік;

С) активтік және пассивтік;

D) төлемдік және салықтық;

Е) барлық жауап дұрыс.

17. Банк ссудалары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

А) қарыз алушының типі, атқарылу мерзімі;

В) қамтамасыз ету сипаты, пайдалану шарты, ссуда беру объектісі;

С) қайтарылу әдісі, пайыздық мөлшерлемесі сипаты;

D) пайыз төлеу әдісі, несие валютасы, кредиторлар саны;

18. Коммерциялық банктер не үшін пайыз ұстайды:

А) мерзімінде төленбеген есеп-айырысу құжаттары мен берілген ссудка үшін;

В) берілген ссуда, тұрғындар, кәсіпорындардан тартылған қаражаттар үшін;

С) мерзімінде қайтарылмаған, берілген ссуда үшін;

D) несиелік ресурстар және берілген ссуда үшін;

Е) тұрғындар салымы және берілген ссуда үшін.

19. Қандай кезде коммерциялық банктер жабылады:

А) Ұлттық Банкпен көрсетілген жарғылық қор мөлшері қалыптаспаған жағдайда;

В) егер корреспонденттік шот ашылмаса және онда 6 ай бойы ешқандай операция жүзеге асырылмаса;

С) егер банк 6 ай бойы өз қызметін бастамаса немесе заңсыз операциялар жүзеге асырса;

D) егер банк өтімді болмаса және оған Ұлттық банкте корреспонденттік шот ашылмаса;

Е) қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін.

20.Банктің негізгі қызметтері қандай:

А) несиелік;

В) инвестициялық;

С) депозиттер ашу;

D) есеп-айырысу;

Е) барлық жауап дұрыс.

21. Банк операцияларын қандай топтарға бөлуге болады:

А) әмбебап және әмбебап емес;

В) қаржылық және несиелік;

С) активтік және пассивтік;

D) төлемдік және салықтық;

Е) барлық жауап дұрыс.

23. Банктің меншікті қаражаттары қандай көздерден құралады:

А) акционерлік капитал;

В) резервтік және басқада қорлар;

С) сақтандыру резерві;

D) бөлінбеген пайда;

Е) депозиттер және несие.

25. Қағаз ақшаларды айналысқа шығарудағы мақсат:

А) өндiрiстi несиелеу;

В) шаруашылық шығындарды жабу;

С) мемлекеттiк шығынды жабу;

D) айналымды үнемдеу;

Е) капиталды канцентрациялауды тездету.
10-тақырып. Қазақстанның банк жүйесі

Жоспар:


1.Капиталдың жеткіліктілігі

2.Меншікті капиталды бағалау әдістемесі.

Теориялық мәліметтер

Банктер- атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық дегеніміз- айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы берілген орталық банктер. Кейбір елдерде оларды ұлттық, халықтық, резервтік деп атайды. КСРО-да ондай банк Мемлекеттік деп, Қазақстанда- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті- айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып келеді. Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы буыны болып табылады. Мемлекет эмисиялау құқығын тек бір қана банкке береді, себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша айналымын реттеу мүмкін емес. Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын, ірі қаражатты иеленеді. Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік қаражаттардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге және олардың қызметтерінежетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда эмиссиялық банк Ұлттық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішіндегі коммерциялық банктер-эмисиялық еместерге жатады. Олардың айналысқа ақша шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Олардың ішінде ең маңыздысы: уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту; несиелеу; қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б.

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сай ҚР-ғы банк жүйесі екі денгейден тұрады.

ҚР Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші денгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы)-екінші денгйдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғанын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес.Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылды.

Банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың сан 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер саны 2. Қазақстанның секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны –16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет