Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



бет10/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.33 Mb.
#21450
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. 1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған – Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана – Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде.

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфра құрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің атқарудың және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің – брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозиттарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айрысудың халықаралық стандарты болып саналатын – «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.
Халықаралық валюталық жүйелер және қатынастары

Тест

13 апта 2 балл

1. Валюталық нарық-бұл:

А) әр түрлі валюталар айырбастау процессі жүзеге асырылатын арнайы орталық;

В) арнайы орталқтың айналмындағ валюталардың сату-сатып алу жүргізілуі;

С) сұраныс пен ұсыныс негізінде арнайы орталықта валюталарды сату-сатып алу ерекше процессі жүргізілетін жер;

D) бағалы қағаздарды сату-сатып алу жүргізілетін арнайы орталығы;

Е) айырбас жүзеге асырылатын арнайы орын.



2. ЕДБ-дің қызметтерінде банк тәуекелдерінің орыны бар ма:

А) жоқ;


В) иә;

С) кейде;

D) әрқашан емес;

Е) жылына бір рет.



3. Валюталық операциялардың қандай түрлерін білесіз:

А) ағымдық және капитал қозғалысымен байланысты;

В) валюталарды диверсификациялау;

С) валюталарды аудару;

D) валюталық реттеу;

Е) аудармалы және мерзімді.



4.Қаржы-несие мекемелеріне не жатады:

А) ломбардтар;

В) несиелік серіктестіктер;

С) сақтандыру қорлары;

D) инвестициялық қорлар;

Е) барлық жауап дұрыс.



5. Еуропалық валюталық жүйе қашан құрылды:

А) 1967ж.;

В) 1977ж.;

С) 1987ж.;

D) 1979ж.;

Е) 1978ж.



6. ҚР ХВҚ-на қашан мүше болды:

А) 1992ж.;

В) 1991ж.;

С) 1993ж.;

D) 1995ж.;

Е) 1998ж.



7. СДР қай валюта жүйесімен енгізілді:

А) Генуэ;

В) Париж;

С) Бреттон-Вудс;

D) Ямайка;

Е) Вашингтон;



8. Ямайка валюталық жүйесіне қай жылдар сәйкес келеді:

А) 1922-1924ж.;

В) 1944-1947ж.;

С) 1976-1978ж.;

D) 1864-1921ж.;

Е) барлық жауап дұрыс



9. Валюталық жүйенің мынадай түрлері болады:

А) девиздік және дисконттық;

В) ұлттық, аймақтық, дүниежүзілік;

С) Генуэ, Париж, Бреттон-Вудс, Ямайка;

D) еуропалық;

Е) нарықтық.



10. Париж валюталық жүйесі қашан құрлды:

А) 1847ж.;

В) 1922ж.;

С) 1877ж.;

D) 1867ж.;

Е) 1897ж.



11. Халықаралық қаржы-несие институтына не жатпайды:

А) ХВҚ;


В) ХҚҚДБ;

С) ЕҚҚДБ;

D) АДБ;

Е) БҰҰ.


12. Ямайка валюталық жүйесіне қай жылдар сәйкес келеді:

А) 1922-1924ж.;

В) 1944-1947ж.;

С) 1976-1978ж.;

D) 1864-1921ж.;

Е) барлық жауап дұрыс

13. Бреттон-Вудс валюталқ жүйесі қашан құрлды:

А) 1979ж.;

В) 1924ж.;

С) 1947ж.;

D) 1944ж.;

Е) 1945ж.



14. Валюталық мәмілелер түрлеріне байланысты курстар былай бөлінеді:

А) тікелей және жанама;

В) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;

С) ағымдағы және мерзімді;

D) еркін өзгермелі және тіркемелі;

Е) арнайы және нарықтық.



15. Экономикалық мағынасынан қарағанда валюталық жүйе бұл:

А) дүниежүзілік шаруашылықта валютаның қалыптасуы бойынша жасалатын валюта-экономикалық қатынастардың жиынтығы;

В) шаруашылық байланыстарын интернационализациялау негізінде тарихи қалыптасқан валюта-экономикалық қатынастардың жиынтығы;

С) анықталған қоғамдық –экономикалық формация шеңберіндегі валюталық қатынастардың жиынтығы;

D) өндіріс процесіндегі валюталық қатынастар жиынтығы;

Е)дұрыс жауап жоқ.



16. Ұлттық валюталық жүйе ерекшелігі немен анықталады:

А) елдердің экономикадағы сыртқыэкономикалық байланыстарының даму деңгейімен;

В) дүниежүзілік шаруашылық даму негізінде ұйымдастырылу формасымен;

С) дүниежүзілік шаруашылықтың кейбір елдерінің экономикасына әсерімен;

D) елдердің экономикадағы ішкіэкономикалық байланыстарының даму деңгейімен;

Е)дүниежүзілік шаруашылықтың барлық елдерінің экономикасына әсерімен.

17. Котировка процедурасы ( әр валюта бойынша ұсыныс және сұранысты қатар қою арқылы банкаралық курсты тіркеу және анықтау) дегеніміз:

А) валюталық паритет;

В) спред;

С) фиксинг;

D) техникалық талдау;

Е) валюталық интервенция.

18. Халықаралық қаржы-несие институтына не жатпайды:

А) ХВҚ;


В) ХҚҚДБ;

С) ЕҚҚДБ;

D) АДБ;

Е) БҰҰ.


19. Экономикалық мағынасынан қарағанда валюталық жүйе бұл:

А) дүниежүзілік шаруашылықта валютаның қалыптасуы бойынша жасалатын валюта-экономикалық қатынастардың жиынтығы;

В) шаруашылық байланыстарын интернационализациялау негізінде тарихи қалыптасқан валюта-экономикалық қатынастардың жиынтығы;

С) анықталған қоғамдық –экономикалық формация шеңберіндегі валюталық қатынастардың жиынтығы;

D) өндіріс процесіндегі валюталық қатынастар жиынтығы;

Е)дұрыс жауап жоқ.



20. Ұлттық валюталық жүйе ерекшелігі немен анықталады:

А) елдердің экономикадағы сыртқыэкономикалық байланыстарының даму деңгейімен;

В) дүниежүзілік шаруашылық даму негізінде ұйымдастырылу формасымен;

С) дүниежүзілік шаруашылықтың кейбір елдерінің экономикасына әсерімен;

D) елдердің экономикадағы ішкіэкономикалық байланыстарының даму деңгейімен;

Е)дүниежүзілік шаруашылықтың барлық елдерінің экономикасына әсерімен.

21. Шетел валюталарының котировка әдісі:

А) Тікелей және жанама;

В) толық және қалқымалы;

С) ағымдық және мерзімді;

D) толық және ішінара;

Е) ұлттық және халқаралық.

22. Валюта курсының құралуына қандай факторлар тобы әсер етеді:

А) нарықтық және әлеуметтік;

В) мемлекеттік және жеке;

С) саяси, экономикалық, психологиялық;

D) ұлттық экономиканың ерекшелігі және халықаралық;

Е) географиялық, саяси, экономикалық;


20-тақырып. Валюталық нарық

Жоспар:


1. Халықаралық валюталық нарықтар

2.Валюталық бағам.



Теориялық мәліметтер

ХВҚ -ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталаға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бетілді . Валюталардың нарықтық бағамы доллар паритетінен 1%-ке, Еуропа елдердерінде 0,75% ауытқуы мүмкін

Шетел орталық банктерінің долларлық резерфтері (қорлары) алтынга американдық қазынашылық мекемесі (казначейство) аркылы ресми бағамен айырбасталды ;

алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді (35 АҚШ доллары құрамында 31,1 гр таза алтыны бар 1 тройск унциясына теңгерілді ) ;

мемлекстаралык валюта қатынастардын реттейтін орган

- Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды

ХВҚ негізгі қызыметі - осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бредтон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халыкаралық еңбек бөлісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқындап өсуіне ықпал етті.

Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей терең құқық бере алмайды . Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқада елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланады .Брестон - Вудс валюта жүйесінің кайшылығы , ең алдымен доллар мен функ стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы , біртіндеп жүйені әлсірете бастады . Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Брестон - Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.



Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қатарына ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен дүниеге келіп , Ямайка валюта жүйесі деп аталды. Бұл жүйек ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекет аралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанмен , ол бұрынғыдай роль атқармайды .Жаңа жүйе конвалюталы стандарт болып табылады .

Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы : алтын өзінің монетарлық кызымет атқаруын тоқтатты , яғни енді бірден-бір валютаның құрамында алтын жоқ : ХВҚ -ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын күн елшемі ретінде және валюта бағамын есептеугеде қолданбауы тиіс. Сөйтіи алтын паритетінің ,алтынның ресми бағасын шетел орталық банктерімен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резерфтерді алтынға айырбастауы жойылғандығын заңмен бетілді. Дегенмен Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде оның акша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ .Алтының нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай тетенше халықаралық ақша және аса сенімді резерфтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және жеке тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда (әр қайсысыпда 34 мың және 25 мың тонна алтын бар) [22; 256.].

алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырылысу құралы -- СДР енгізілді . Ол валюталык паритет пен валюта бағамының 'негізі деп жариялнды . дегенмен СДР эмиссияланған (1970 ж) 30 жыл ішінде ол қүн эталон (үлгі өлшем), не басты халыкаралық толем және резерф қүралына айналған жоқ . Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды .Бағамы СДР - мен анықталатын валюталар саны жылдан - жылға азайды . Егер олардың саны 1980 ж. 15 болса , 1998 ж . ол көрсеткіш 2-ге дейін азайды .СДР стандартының болашағы жоқ , қолдану аясы негізінен ХФҚ -ның операцияларымен шектелуде . Доллардың Бретон-Вудс жүйесіндегі резервтік валюта статусы алынып тасталса да іс-жүзінде долларлык стандарт сақталуда . Валютаның шартты құнын анықтайтын СДР дың валюталық қоржынының 39 % - і доллардың үлесіне тиеді . Әлемде 21 валюта долларға бекіткітілген , бірақ қазір олардың саны аза-юда . Әйтседе доллар бұрынғыдай халықаралық төлем және резерв құралы ретіңде алда келеді.Себебі доллардың озат позициясы АҚШ-тың экономикалық , ғылыми-техникалық және потенциялының басымдылы-ғына негізделген , бірақ бәсекелестерінің (Батыс Еуропа , Жапония ) тегеуірінің әсерінен олардың әлемдік экономикадағы монополды жағда-йы жойылуда . СДР -стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты . Ол - үш әлемдік валюталық орталықтың валюталарына , амери-кандық долларға , неміс маркаларына (1999 жылдан еуромен алмастыры-лған), жапондық иенге негізделген .

ХВҚ - ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға қүқық алды . Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп , оған көтерген елдер 1973 жылдың наурыз-ынан бастап ауысты.Бұрынғы бекітлген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді деген сенімді анықтамады. Крісінше , орталық банктың валюта нарығындағы операцияларға араласу формасын-дағы жүргізетін валюталық интервенциясына (оның ішінде ұжымдық) шығындары көбейді.

Брестон -Вудс жүйесіне ауысқан ХВҚ -ныңміндеті - мемлекетаралық Валюталық реттеуді күшейту , мүшелердің өзара тығыз қарым-қатынаст-ығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою .

Қорыта айтқанда , Ямайка жүйесі бұрынғы жүйесі бұрынғы жүйе мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жанадан орналасуына тез лайықтанды .

Сонымен катар ол біраз киындылықтарды : мысалы , СДР стандартының тиімсіздігіне байланысты ; алтынды заңды түрде

демонетизациялаумен оның іс-жүзінде әлемдік төтенше акша статусын сақтауы арасындағы қарама қайшылық ; өзгермелі валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді туғызды. Қазіргі кезде осы мәселелерді шешу үшін әлемдік үш орталыктың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруші күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілліретін жолдар іздестірілуде . 1979 ж . Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу максатында Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды . Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ -ның жүйелері болғандықтан ЕВЖ -сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық. Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) дүние жүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс европаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым .

II-Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері . Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын металы стандарт негізінде құрылып, 1867 ж басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді . 1922 ж Генуез конфеғренциясындағы мемлекет аралық стандарты базасында қызмет етті .

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі . 1944 ж . 22 маусмда АҚШ БҰҰ – ның Бреттон Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді . Онда алтын девиз стандартына негізделіп девиздік валюта ретінде амаерикандық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. 44 ел қатысушылар болды .

Бреттон Вудс жүйесінің қү\ұрылымдық принциптері төмендегідей :


  • Доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретндегі статусы бекітілді ;

  • ХВҚ- ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды , онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді .

  • Шетел аралық банктерінің долларлық резервтері (қорлары ) алтынға американдық қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады .


Төлем және есеп айырысу әдістері

Реферат

14 апта 4,5 балл




Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Дүние жүзілік валюта жүйесінің кезеңдері







2




Азия даму банкі







3




Ислам даму банкі







4




Халықаралық валюталық жүйелер және қатынастары







5




Төлем және есеп айырысу әдістері







6




Бағалы қағаздар нарығын реттеу







7




Бағалы қағаздар эмиссясының тәртібі







8




Валютамен Халқаралық есеп айырысуды жүргізудің тәртібі







21-тақырып. Халықаралық несиелік есеп айырысу қатынастары

Жоспар:

1. .Халықаралық несиенің түрлері



2.Халықаралық несиенің формалары

Теориялық мәліметтер

Халқаралық несие – валюта және товар ресурстарын қайтару, сондай-ақ пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халқаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді .

Мұнда қарыз берушілер – арасы мен алушылар ретінде : банктер , халқаралық ұйымдар және аймақтық ұйымдар және аймақтық ұйымдар ,жеке тұлғалар , кәсіпорындар мекемелер бола алады. Халқаралық несие көбіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда, бұл жерде жасалатын мәмілелер негізінен комерциялық сипатқа ие . Сондықтан да, халқаралық банктік несие бойынша төленетін пайыз мөлшері 3-4 есе жоғары болып келеді халқаыралық несие беруші елдің валютасында немесе еркін алмастыратын валюталарда беріледі .

Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үшін 3 басты кезеңде жүргізіледі кезең жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы , алғы шарттардың түзелуін анықталуын қамтиды , мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады. Жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып біртіндеп қосылады.

Кезең- толық қызмет ететін жаңа 3 дүние жүзілік жүйе құралады

Дүние жүзілік валюталық жүйенің мынадай эвалюциялары белгілі :

Жаңа валюталық жүйенің құрылуының алғы шакрттары .

Париждің валюталық жүйесі (1867) жГенуэз валюталық жүйе (1922) ж Бреттен Вудс валюталық жүйе(1976-1978) ж Европалық валюталық жүйе (1979) ж

Мемлдекеттік орган мен халқаралық қарыз ақшалай түрде қолданылады Ішкі саудалық іс-әрекетте несиенің түрі импортттық несиелерге қолданылады . Халқаралық несиенің айырмашылығы онда қосымша сақтандыру түрі жеке сақтан.дыру түрі жеке сақтандыру және мемлекеттік кепілдеме .

Халқаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелерімен өзара алмасуына қызмет ететін және дүние жүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет ету барыснда қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы .

Халқаралық есептік ақша

Бірлігі валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу халқаралық талап тар мен міндеттерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халқаралық эканомикалық қатынаста қызмет ету үшін қажетті дүние жүзілік несиелік ақша типтері ретінде С.Д.Р. арнайы қарыз алу құқығы және Э,К.Ю. (Евтопалық валюта бірлігі ) қызмет етеді . Бұл халқаралық активтер қолма қолсыз халөқаралық есеп айырысуларды елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен : С.Д.Р. халқаралық валюталық қорда , ЭКО – Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық еуропалық қорында пайдаланылады . олардың шартты құны валюталық қоржынға кіретін люталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі

Бұл мекеумелер ағымдағы жүз жылдықта пайда болды . Олар халқаралық эканомикалық қатынастарды реттеу мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған .Олардың құрамына дүние жүзілік және аймақттық банктер және банк емес институттар кіріп, әр түрлі глобальды ) жалпы) немесе аймақтық штабтағы міндеттер мен мақсаттарды шешеді

Халқаралық есеп айырысу банкі- алоғашқы халқаралық дәрежедегі банк . Ол 1930жылы Англия, Белгия, Германия, Франция және Жапония елдерін үкіметаралық келісімі негізінде құралған . Бұл мемлекеттер сондай ақ Швейцариямен осы банктің базельде орналасуы жөнінде конвенцияға қол қойды .

1944 ж бреттон – Вудсте (АҚШ) өтке н халық аралық Валюталық ө қаржылық конференциясында 2 ұйым құру туралы қаулыц қабылданды :

1: Халқаралық валюта қоры

2: халқаралық қайта құру және даму банкі (Х.Қ.Қ.Д.Б.)

Қор әлемдік валюта жүйесінің тұрақтылығын қолдау үшін , ал Банк оған қатысушы елдердің ұзақ мерзімді эканомикалық дамуы ынталандыру үшін құрылған.

Алғашқы кезде Қорға 49 ел мүше болып кіріп, оның капиталы 8млрд доллардан құралды. қазіргі кезде мүшелерінің саны 4 есе көбейіп , ол капиталы шамамен 16 есе өсті .

ХВҚ-ың негізгі қызметтері төмедегілер :

Халқаралық сауданы және валюталлық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету ;

Валюталық паритеттің тұрақтылығын сақтау және валюталық шектеуді жою;

Төлеем баланысының теңелуі үшін кез келген қатысушы елге несие ресурстарын бөлу .

Халқаралық қаржы корпорациясы .

1956ж Мемлекеттік кепілдік алмай ақ дамушы елдердің эканомикасындағы жеке сектордың жұмысын ынталандыру үшін құрылмған. Ол әлемдік нарықта өте жоғары рейтингісі бар өзінің аблегацияларын шығарады , қажетті тартылған ресурстардың тек бестен бір бөлігін ғана Ә.Б. қарызы есебінен толтырады .

Корпорацияның кәсіпорындардың акционерлік капиталына инвестициялық қаржы салуға құқығы бар ал жаңа кәсіпорындар ашуға және бұрынғыларын қайта құруға қаржы береді.

Х.Қ.К – ның негізгі принциптері мыналар:

- Жоба бойынша жалпы шығындар сомасының 25% - ін қаржыландыру;

- Кәсіпорын акцияларының тек 35% - тіне дейінгісін сатып алу;

- Кәсіпорынды басқаруға қатынаспау (акциясының бақылау бумасын иеленбеу).

Қарыз 3 жылдан 16 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Корпорация жылма – жыл 200 жоба бойынша 3 млрл доллар соммасындағы зайым береді. Оған 170 ел мүше.

Халықаралық валюта несие және қаржы институттары - ХВҚ мен Х.Қ.К.Д.Б берген несиелері мемлекеттің төлем қабілеті бар екенін дәлелдейді. Себебі Х.В.Қ және Ә.Б тобы - халықаралық несие қатынастарын реттеуге маңызды роль атқарады. Олардың берген қарызы онша көп болмасада, елге қарыз капиталының әлемдік нарығындағы жеке банктерден қарыз алуға жол ашады.

Халықаралық валюталық инстиуттары:

Халықаралық валюталық несиелік институттар

Б) Аймақтық халықаралық несие қаржы ұйымдары.

Әлемдік аренада бұл ұйымдардың пайда болуына ХХ ғасырдың 60 – жылдарында дүние жүзілік отарлау жүйесі күйреуінің жеделдеуі және дамушы елдердің аймақтық ынтымақтастығы мен экономикалық интеграцияның кеңейуі әсер етті.


Халықаралық валюта және несие институттары

Глоссарий

14 апта 2,5 балл

  1. Халықаралық валюта

  2. Халықаралық валюта қоры

  3. ХВҚ негізгі қызметі

4.Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.

5.Валюталық бағам

6.Валюталық қоржын

  1. Валюталық паритет

  2. Халқаралық есеп айырысу

  3. Валюталық жүйе

10.Халықаралық несие
22-тақырып. Халықаралық несие-қаржы институттары

Жоспар:


1.Аймақтық халықаралық несие-қаржы ұйымдары

2.Халықаралық несиелік қатнастардың қазіргі формалары



Теориялық мәліметтер

1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын,осы конференцияда халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелер саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасыда осы Халықаралық қордың мүшесі болып табылады.

ХВҚ-ға кірген әрбір мемлекет квота, мүшелік жарна сияты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капимталына мүше елдердің жарнасы екі бөліктен:1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлеміндегі алтын түрде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түрінде жарнадын тұрады.

ХВҚ – ның жоғары дерективті органы - губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор және балама губернаторлардан тұрады.Губернатор кеңесі жылына бір рет қана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:

халықаралық валюталық ұсыныстарды әзірлеу.

экономиканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру шаралар әзірлеу;

жаңа мүшелерді әзірлеу, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға мүше елдерді тексеру;

ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жасайтын қадамдар туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуденбас тартуға және осындай экономкалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттеді.

Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше-елдердің төлем банастары мен валюталық бағамдарын жүзеге асыру,оның жағдайына бақылау жасау мәселесі қойылған болатын.

ХВҚ-ның елдерге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:

Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойынша ХВҚ қызметкерлері кеңестері жиі береді және ұсыныстар жасайды,кейінен ХВҚ-ның атқарушы кеңестерінің отырысында бұл елдің дамуының қорытындыларын талқылайды.

ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді.Сонымен қатар үкіметтік бағдарламаларды ХВҚ-ның қолдауы,басқа да ресми комерциялық мекемелермен қосымша қаржылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.

ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады.

Халықаралық есеп айыпысу банкі –алғашқы халықаралық дәрежедегі банк. Ол 1930 ж. Англия, Белгия, Германия, Италия, Франция және Жапония елдерінің үкіметаралық келісім негізінде құрылған. Бұл мемлекеттер сондай-ақ Шведцариямен осы банктің Базельде орналасуы жөнінде конференцияға қол қойыды. Аталған мемлекеттердің орталық банктерден басқа, оның алғашқы құрылтайшыларының арасындағы АҚШ-тың Морганның банкирлік үйі бастаған кейбір крмерциялық банктер болды. ХЕБ-ны құрудың мақсаты – қатысушы-елдердің орталық банктерінің ынтымақтастығына жәрдемдесу және олардың арасындағы халықаралық есеп айырысуды қамтамасыз ету деп жариялады. 1932 ж. Оған Еуропаның тағы да 19 елі қосылған.

Бұл елдердің орталық банктері ХЕБ-ның әрі құрылтайшылары, әрі оның клиенттері болып саналады. Сондықтан ХЕБ-ны орталық банктердің халықаралық банкі деп жиі атайды. Базельде ай сайын өтетін мәжілістерде және ХЕБ-ның жалпы құрылтайшылары жиналысында үнемі Федералдық резервтер жүйесінің басқарушылар кеңесінің мүшесі қатысады. ХЕБ-ың дәстүрлі басқарушысы болып Батыс Еуропа елдері саналады, бірақ АҚШ өз ықпалын арттыра түсуде.

Қазіргі кезде ХЕБ мүше болып 30-дан астам мемлекет есептеледі,оның ішінде екінші дүниежүзілік соғысқа дейін оған кірген бұрынғы еуропалық социалистік елдер: Албания, Болгария, Венгрия, Польша және т.б. Қатысушыларының құрамы мен ХЕБ-тың қазіргі жүргізетін операцияларының географиясы оның аймақтық батыс еуропалық валюта-несие ұйымынан халықаралық ұйымға айналуын сипаттайды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет