Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



бет6/10
Дата24.02.2016
өлшемі1.3 Mb.
#14819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1826-1828


  • 1830-1832

  • 1834-1836

  • 1836-1838

  • 1837-1


    Сабақ 19

    Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.

    (1 сағат)

    Жоспар.

    1.Көтерілістің басталуы және барысы.

    2.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.
    Теориялық мәліметтер:

    1801 жылы 11 наурызда Ресей императоры Павел 1 –дің жарлығымен Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Ішкі немесе Бөкей Ордасы құрылды. Ондағы мақсаты-Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүздегі тұрақты сипат алған азаттық күресті бәсеңдету еді және бұрынғы рулық бөліністің орнына ,Ресейге толық бағынышты аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Қазақтардың бұл араға қоныстануын Нұрлының ұлы Бөкей сұлтан басқарды. Соның атымен хандықта Бөкей хандығы немесе Ордасы деп аталды.

    Өзге де ұлт-заттық көтерілістер сияқты бұл көтерілістің де басты себебі –жер мәселесі еді. Бүкіл Бөкей Ордасы жерінің ⅔ бөлігі , әрі ең жақсы жерлері орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың және қазақ феодалдарының жеке меншік иелігінде болды. Мысалы, Жәңгір хан өзі ең жақсы 400 мың , буыры Меңдігерей Бөкейхановқа 400 мың , қайын атасы Қарауыл қожа Бабажановқа 700 мың десятина т.б. құнарлы жерлерді үлестіріп берді. 2- ше себеп –алым-салықтың аса ауырлығы.Мысалы, жыл сайын Ноғай руы –30000 ,Байбақты-40 000 ,Беріш-60 000 , Алшын-40000 сом т.б. ақшалай салық төлеуі тиіс болды. Сонымен қатар күзде әрбір шаңырақ хан сарайы мұқтаждығына құны кем дегенде 70 сомнан кем түспейтін бір жылқыдан беруге міндеттенді. Ата-бабаларының жерінде көшіп-қонғаны , шөп шапқаны , орыс помещиктерінің шабындығын басып кеткені үшін де арнайы салықтар төлеген қазақтардың жағдайы тіпті қиындады , 3-ден Жәңгір хан мен оның туысқандарының әсіресе халық жек көретін –Қарауылқожаның бассыздығы ,озбырлығы , қарапайым халықты аяусыз езіп –жаншып , қанауы .

    Көтерілістің себептерін, мақсаттары жыр құдіреті Махамбеттің Баймағамбетке айтқан – “Еді үшін егістік ” , “Еділ мен Жайық жер қалды-ау ” , “Мен мен едім” т.б. жырларынан көруге болады. Көтерілістің басшылары –беріш руының ағаманы ,атақты батыр –Исатай Тайманұлы (1791-1838 жж) мен көтерілістің басшылары –беріш руының ағаманы атақты батыр-Исатай Тайманұлы (1791-1838 жж) мен көтерілістің жолында жыршысы , рухани көсемі , дауылпаз ақын әрі батыр Махмбет Өтемісұлы (1804-1846 жж) болды.


    Бақылау сұрақтары

    1.Бөкей хандығының құрылуы.

    2.Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

    3.“Исатай – басшы, мен – қосшы”. Көтеріліс басшыларының бейнесі, олардың тарихымыздан алар орны.

    4.Жәңігр хан бейнесі: ағы мен қарасы.

    5.Көтерілістің барысы.

    6.Махамбет жырлары: ұлт рухы, азаттық күрес тарихы. Тарих тағылымы.

    7.Жеңілу себептері және тарихи маңызы.


    СӨЖ тапсырмалары.

    1.Көтерілістің басталуы және барысы.

    2.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.
    Пайдаланатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

    2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

    3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

    4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

    5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

    6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

    Қосымша әдебиеттер:

    7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

    8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

    9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

    10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

    .

    Сабақ 19



    Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.

    Тестілік сауалнама

    1.Тастөбе шайқасы қашан болды?

    А) 1835 ж. 15 қарашада

    В) 1836 ж. 15 қарашада

    С) 1837 ж. 15 қарашада

    Д) 1838 ж. 15 қарашада

    Е) 1839 ж. 15 қарашада

    2.Ақбұлақ шайқасы қашан болды?

    А) 1834 ж. 12 шілде

    В) 1835 ж. 12 шілде

    С) 1836 ж. 12 шілде

    Д) 1837 ж. 12 шілде

    Е) 1838 ж. 12 шілде

    3.И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс барысындағы оқиға?

    А) Нұралы ханды тақтан тайдырды

    В) Жәңгір хан Ордасын қоршау

    С) Сатқын сұлтан А.Жантөриннің отрядын талқандау

    Д) Подполковник Рудкиннің отрядын талқандау

    Е) Орынборды қоршау

    4..Махамбеттің өлеңінен көтерілістің себептері мен мақсаттарын көре аламыз?

    А) “Еділ үшін егестік”, ”Мен мен едім”

    В) “Мұнар күн”, ”Қызғыш құс”

    С) “Мінгені Исатайдың ақтабан-ай”

    Д) “Әй, Махамбет жолдасым” немесе “Исатайдың сөзі”

    Е) Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны

    5. Бөкей ордасындағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы Бастаған ұлт азаттық көтеріліс қай жылдары болды.


    1. 1826-1828


    2. 1830-1832

    3. 1834-1836

    4. 1836-1838

    5. 1837-183



    Сабақ 20
    Ж.Тіленшіұлы және С.Қасымұлы бастаған азаттық көтерілістер.
    Бақылау сұрақтары.
    1.Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер қашан болды?

    2.. Ж. Тіленшіұлы және ол басатаған азаттық көтерілске қатысқан қазақтар негізінен қай рудан еді?

    3. Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қашан болды?.

    4. Есет батыр басатағн азаттық көтеріліс қашан болды?

    5. Ж. Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, оның ерекшеліктері.

    6. Жанқожа батыр Қоқоандықтардың Қуандария бойындағы бекіністерін қашан талқандады?

    7. Торғай бекінісі қашан салынды?

    8. Орыс әскерлері Ақмешіт бекінісін қашан басып алды?.

    9. Қазақстанда хандық билік қашан жойылды.

    10. Сібір қырғыздары туралы жарғы. Бойынша қай жүзде хандық билік жойылды.

    11. Сібір қырғыздары туралы жарғыны кім жасады.

    12. Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша Орта жүздің басқару жүйесінің буындары.

    13. Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша аға сұлтан неше жылға сайланды.

    14. Аға сұлтанды (Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша) кімдер сайлады

    15. Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды.

    16. Орынбол қырғыздары туралы Жарғыға сай Кіші жүз қалай бөлінді.



    Сабақ 21.

    К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

    (1 сағат)
    Жоспары:

    1.Көтерілістің себептері , сипата және қозғаушы күштері.

    2.Орта Жүздегі көтеріліс.Қоқанмен күрес.

    3.Торғай олысындағы көтеріліс.

    .Көтерілістің басталуы және барысы.

    2.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы.


    Теориялық мәліметтер:

    Қазақ тарихының отаршылдық дәуірінде қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы күресі бір сәтте тоқтаған емес. Соның бірегейі 1837-1847 жж Кенесары хан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрес .Қазақтың үш жүзі де қатысқан , 19 ғ азаттық күрестердің ең ірісі болған бұл көтеріліс –Отан тарихының , төрінен орын алатын даңқты оқиға. Ұлы Абылайдың ұрпағы Кенесарының қолға қару алып, атқа мінгендігі ұлы мұраты-Қазақ елінің тәуелсіздігі , оның болашағы еді.

    Ресей империясы 19 ғ басында Қазақстанды отарлауды 3 бағытта жүзеге асыра бастады:

    1.Гарнизондарды қаптата отырып, тізілте бекіністер салуды жеделдетуден және осы бекіністерге жапсырластыра казактардың тұрақты елді мекендерін орнатудан көрінген әскери тұрғыда орнығып алу бағыты.

    2.Ең әдемі округтер мен округтік приказдар құрып , әкімшілік басқару реформаларын жасап, нәтижесінде казактардың саяси құқықтары күрт шектелетін , басқарудың дистанциялық бөліктік жүйесін енгізуден көрінген саяси тұрғыда орнығып алу бағыты;

    3.Қазақтардың жерін жаппай басып алудн , салық салуды және әр-түрлі монополияларды (балық аулауға, ағаш кесуге т.б. монополия алу секілді) енгізуден көрінген экономикалық тұрғыда бекініп алу бағыты, яғни экономикалық отарлау.

    Ресей үкіметі 19 ғ бірінші жартысында Қазақстанда осы бағытта отарлау шараларының кең көлемде жүргізе білді. Қазақтардың шұрайлы жерлері көптеп тартып алынып, қазақтардың өздері құнарсыз , шөлейтті аймақтарға ығыстырыла берді. Көшіп-қону жүйесі тарылды. Тартып алынған жерлерге қаптатып әскери –бекініс қамалдарын, орыс-казак қоныстарын салды. Осы шұрайлы жерлердегі мықты бекініс , қоныстарға орнығып алған казактар қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуылдар тыныштық бермеді, адамдарын өлтіріп, тұтқындап , мал-мүлкін тонап , айдап кетіп отырды.

    Қазақ халқы саяси дербестіктен де толық айырылды: 1822 24 жылдары патша үкіметі хандық басқаруды жойып, қазақ жерін округтерге , дистанцияларға бөлшектеп әр бөлікте өзіне бағынышты шонжарларды басқартып, олрды өзара қырқыстырып қойды.

    Қазақтарға отаршылдық салық жүйесі де өте ауыр тиді: құны 1 сом 50 тиын болып келетін шаңырақ салығы мемлекеттік салық еді. Сонымен бірге шаруалар Ясак деп аталатын заттай салық төледі.

    Солтүстіктен Ресей отарласа , оңтүстікті Қоқан ,Хиуа хандықтары жаулап алып, олар да аяусыз отарлау саясатын жүргізді. Оларда қазақтарға түрлі салықтар салды, түрлі міндеткерліктер атқарды.

    Осылайша қазақ елі солтүстіктен Ресей , оңтүстіктен Қоқан ,Хиуа хандықтарының ауыр езгісіне ұшырап , ел болудан , саяси дербестіктерден біржолата айырылу қаупі төнді. К.Қасымұлы көтерілісі бүкіл Қазақстанды қамтыды. Ұлы, Орта , Кіші жүздердің негізгі рулары оған белсене қатысты.

    Сипаты отаршылдыққа қарсы ұлтазаттық сипатта болды.

    Басты қозғаушы күші: қарапайым қазақ шаруалары болды.

    Көтеріліске сондай-ақ орыс, өзбек, қырғыз, түрікмен т.б. ұлт өкілдері қатысты. Кенесары қозғалысына қазақ қоғамының әлеуметтік жоғарғы тобының өкілдері-сұлтандар мен ру шонжарлары да қатысты. Олардың бір бөлігі Кенеге басынан аяғына дейін адал болды. Бұлар негізінен Кенесарының жақын туыстары еді. Олар Кенесарының інісі Наурызбай батыр, әпкесі –Бопай ханша, туыстары :Ержан, Құдайменді ,Сейілхан, Ораз, Басалқа т.б. болды.

    Саржанның өлімі көтерілісті тоқтатқан жоқ. Ұзамай 1837 ж жазында қазақ даласының үлкен бөлігін басқарған аса ірі көтеріліс болды. Бұл көтерілістердің басшысы-қозғалысқа бұрын-соңды болып көрмеген ауқым берген Саржанның інісі Кенесары Қасымұлы болды. Кенесары 1802 ж Көкшетауда дүниеге келген.

    1837 ж көктемде Кенесары Ақмола округіне келді. Сол-ақ екен амалсыздан іштен тынып жүрген қазақтар Кенесары туы астына топ-топ болып жинала бастады. Көтерілісшілер бекеттерге шабуыл жасап, шенеуніктер мен саудагерлерді тұтқынға ала бастады. Оларға қарсы Чириков бастаған қарулы орыс отряды жіберілді. Бірақ оның отряды көтерілісшілерге төтеп бере алмады. Арада болған шайқаста бірталай адамдары мен қару-жарақтарынан айырылған Чириков кері қайтуға мәжбүр болды.Осы 1837 ж қарашада Кенесары Ақтау бекінісі казактарына шабуыл жасап, Рытовтың отрядын талқандады.

    Кенесарының қол астына басқа округтердің де адамдары ағылып келіп қосыла бастады. 1837-1837 ж Орта Жүзде орын алған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бытыраңқы күрестер біртіндеп бір арнаға түсіп , біртұтас қозғалысқа біріге бастады. Кенесары әскерлері 1838 ж Ақтау мен Ақмола арасындағы бекетке шабуыл жасап, ондағы Смирновтың отрядын талқандады.

    1838 ж күзінде Кенесары сарбаздары патша жазалаушы әскерлерімен бірнеше рет қарулы күреске түсті. Солардың ішінде айырықша кескілескен айқас аса мықты бекіністерінің бірі-Ақмола үшін болды. Оны аға сұлтан полковник Қоңырқұлжа Құдаймендинәскерлері мен әскер старршины Корбышев басқарған жақсы қаруланған гарнизон қорғайтын 7 тамыз күні Кене сарбаздары қамалды қоршап таң сәріде жан-жақтан оқты боратып , шабуылға шықты. Кескілескен соғыспен көтерілісшілер қалаға басып кірді. Ұрыс әрбір үй үшін жүрді. Нәтижесінде Кене жасағы қамалды талқандап басып алды.

    Бұдан кейін Кенесары патша үкіметінің бекіністеріне, бекеттеріне , үкіметке қызмет еткен бай шонжарлардың ауылдарына дүркін-дүркін шабуылдар жасап , талқандап отырды. Кенесарының аты , айбыны бүкіл қазақ елінің түпкір-түпкіріне жетіп жатты. Жәбір көрген адамдар көптеп келіп жатты. Әсіресе бекініс салынған Ақтау , Ортау, Ақмола ,Көкшетау ,Қарқаралы жерлерінде атамекенінен айырылғандар Кенесарының сабына келіп қосылып жатты. 1838 ж жазымен күзінде Орта жүз қазақтарының негізгі бөлігі Кене туы астына шоғырланды.

    1838 ж аяғына қарай Кенесары Ырғыз бен Торғай жаққа көшті .Енді Кіші жүз қазақтары көтеріліске қатыса бастады. Көп ұзамай Кенеге Ж.Тіленшіұлы қосылды. Кенесары көшіп келген Кіші жүз жері Орынбор губернаторына қарайтын. Оның губернаторы Перовский еді. Ол Сібір губернаторы Горчаковтай емес , істі бейбіт жолмен шешуге тырысты.

    1840 ж Кенесары мен Перовский

    1840 ж Кенесары мен Перовский уақытша келісімге келді .Ол бойынша Перовский уақытша келісімге келді. Ол бойынша Перовский Кенесарыға көмектеспек болса , ал Кенесары шекара шебіне шабуыл жасамауға уәде берді. Бұл тыныштық 1824 ж дейін созылды.Дегенмен бұл кезде батыс Сібір отрядтарымен қарулы қықтығыстар тоқтаған жоқ.


    Бақылау сұрақтары.

    1. К.Қасымұлы бастаған азаттық қозғалыстың Кеңес тарихнамасында көрініс табуы. Е.Бекмаханов тағдыры.

    2.Көтерілістің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

    3.Орта жүздегі көтеріліс.

    4.Көтеріліс ошағының Кіші жүзге ойысуы.

    5.Қоқан хандығымен күрес.

    6.Кенесары хандығының ішкі құрылысы.

    7.Қырғыстандағы күрес. Кенесарының қаза табуы.

    8.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы

    СӨЖ тапсырмалары.

    1.Көтерілістің себептері , сипата және қозғаушы күштері.

    2.Орта Жүздегі көтеріліс.Қоқанмен күрес.

    3.Торғай олысындағы көтеріліс.


    Пайдаланатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

    2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

    3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

    4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

    5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

    6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
    Қосымша әдебиеттер:

    7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

    8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

    9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

    10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.

    Сабақ 22

    К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

    Тестілік сауалнама

    1.Кенесары Қасымұлы қай жылдары хандық құрды?

    А) 1837-1847 ж.ж.

    В) 1838-1847 ж.ж.

    С) 1839-1847 ж.ж.

    Д) 1840-1847 ж.ж.



    Е) 1841-1847 ж.ж.
    2. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдары болды.

      1. 1783-1797

      2. 1827-1837

      3. 1837-1847

      4. 1847-1857

      5. 1857-1867

    3. К. Қасымұлы басатаған ұлт-азаттық ькөтерілістің себептері, оның ерекшеліктері?

    1. Шұрайлы жерлердің тартып алынуы алым салықтың аса ауырлығы және Жәңгірханмен оның айналасындағы фхалықты аяусыз қанауы.

    2. Патша өкіметін әскери бекіністер салуды күшейтуі, құнарлы жерлдерді тартып алуы.

    3. Қазақтардың жерін жаппай басып алу, ауыр салықтар салуы, хандық билікті жоюы және оңтүстіктен Қоқан Хиуа хандықтардың езгісі.

    4. Реформаның енгізуіне байланысты отаршылдық езгінің одан әрі тереңдеуі. Қазақ жерлерінің жаппай тартып алынуы, отарлық салық жүйейсінің аса ауырлығы.

    5. Патша өкіметінің шұрайлы жерлерін тартып алынып өздерін ығыстыруы және Нұралы ханның патша әкімдерімен бірігіп халықтоы қанауы.

    4. Кенесарының аса үлкен жеңісі. Ақмола бекінісін тіке шабуылмен басып алуы қашан болды?

    1. 1837.

    2. 1838.

    3. 1839.

    4. 1840.

    5. 1841.

    5. Ақмовла бекінісін алғаннан кейін К. Қасымұлы кіші жүзге Торғай өзенің маңына көш ауыстырды. Мұнда оған кімнің басшылығындағы отрядтар келіп қосылды?

    1. С. Датұлы.

    2. И. Тайманұлы.

    3. Ж. Мұрмұхаммедұлы.

    4. Ж. Тіленшіұлы.

    5. Е. Көтібарұлы.

    6. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс барысындлағы оқиғалар.

    1. Созақ, Сауран, Жулмек, Ақмешіт бекіністеріңн шабуылмен басып алу А. Жанторин отрядын талқандау.

    2. Жәңгірханның ордасын қоршау Тас төбе шайқасы.

    3. Сақарная бекінісіне Антонов форпастына шабуыл Нұралы тақтан тайдыру.

    4. Қоқандықтардың қуандарфия бойындағы бекіністерін талқандау. Арықбалықтағы шайқас.

    5. Потполковник Рукиннің отрятын талқандау.

    7. К. Қасымұлын белгілі бір есеппен реформаттар деп атауға бола ма?

    1. Жоқ ол тек қана әскери операциялармен айналысты.

    2. Ия ол бір қатар әкімшілік әскери сот реформаларын жүргізді.

    3. Жоқ, ол тек қана жеке басының шаруаларымен айналысты.

    4. Ия, ол 1822-1824 ж.ж. қазақ жерлерін басқару жөніндегі реформаларды дайындауға атсалысты.

    5. Ия, ол 1867-1868 ж.ж. қазақ жерін басқару жөніндегі реформаларды дайындауға атсалысты.

    8. К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің ауқымы?

    1. Кіші жүзді қамтыды.

    2. Бөкей ордасын қамтыды.

    3. Сырдарияның төменгі ағысы бойларын қамтыды.

    4. Маңғыстауды қамтыды.

    5. Бүкіл Қазақстанды қамтыды.

    9. Саржан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер қашан болды?

    1. 1836-1838 ж.ж.

    2. 1837-1847ж.ж.

    3. 1834-1836ж.ж.

    4. 1826-1834ж.ж.

    5. 1824-1836ж.ж


    Сабақ 23

    Қазақ халқының 19 ғ. 50ж.ж ұлт-азаттық көтерілістері.

    (1 сағат)
    Жоспары:

    1. .Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

    2.Есет батыр бастаған көтеріліс.

    3.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресі.


    Теориялық мәліметтер:

    Ресей империясының экспансиялық ұмтылысының , отарлауының күшеюі , сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік саясаты Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басшылығымен күреске шығуының негізгі себебі болды. Шекті руының басшысы Жанқожа батыр халық арасында беделді әрі мақсаткер батыр ретінде даңққа бөлінді.

    Сыр қазақтарына Хиуа хандығының өктемділік орнатуға тырысуы, салық жинау үшін әскери күш жіберіп , тонап отыруы, мұнда өзі бекіністерін салуға Арал өңірі қазақтарын зорлап қатыстыруы халықтың ашу-ызасын тудырды. Жанқожаның бастауымен төменгі Сыр қазақтары 1843 ж қоқандықтардың Қуаңдария бойындағы бекіністерін талқандады .1845 ж көктемде сол бекіністі қалпына келтіруге жіберген хиуалықтардың 2000 қарулы әскерін күл талқан етіп жеңді. Сырдарияның төменгі ағысы маңын хиуалықтардан тазартты.

    1853 Ресей әскерлері Ақмешітті басып алды. Сырдария әскери шебі құрылды.Жергілікті халықтан алым-салықтар алынып, олар неше түрлі міндеткерліктер атқарды. Оларға көпірлер салдырды, бөгеттерді жөндету , жер қаздырды , көлік пен малын ақысыз алды. Бекіністер салу кезінде жақсы өңделген жерлерінен қуып, 3 мың қазақты Сырдың арғы бетіне күштеп көшірді. Олардың орнына казактарды орналастырды. Осы себептерге байланысты енді Жанқожа батыр 1856-1857 жж Ресей отарлауына қарсы азаттық күресті басқарды. 1856 ж соңында көтеріліс Қазалы ауданын толық қамтыды. Жанқожаның 1500-дей сарбазы болды. Олар Қазалы фортын қоршап алып, Солдат қыстақ қалашығын талқнадады. 1857 ж қаңтарда Ақмешіттен Фитингоф басқарған 300 атты казак , 320 жаяу әскер , 3 зеңбірек , 3 ракеталық қондырғысы бар жазалаушы әскерлер шығады. 1857 ж 9 қаңтарда Арықбалық деген жерде шайқас болды. Қарулы күшті әскерден Жанқожа деген сарбаздары жеңіліс тапты.

    Әлеуметтік және ұлттық езгіге , отаршылдыққа қарсы күрес Батыс Қазақстанда де өріс алды. 19 ғ 40 жж –ақ қазақтар Есет батырдың және басқалардың бастауымен орынборлық жазалау отрядына белсеніп қарсы шықты. 1847 ж 18 шілдеде Есет Ембіде Орынбор жазалаушы әскеріне шабуыл жасады. Есеттің азаттық күресінің күшейген кезі- 1855-1858 жж. 1855 ж жазында үкімет Есетті бағындыру үшін билеуші сұлтан Арслан Жантөринді үлкен отряд беріп аттандырды. Есет оларға күтпеген жерден шабуыл жасап , талқандайды. Бұдан соң патша үкіметі Есетпен күресті көрсетті. Есет батыр 1858 ж күзіне дейін көтерілісті тоқтатпады.

    Одан бұл көтеріліс басылды.

    19 ғ орта шеніне Қазақстанда Сырдарияның орта ағысынн Ақмешітке дейінгі және Ташкенттен Жетісуға дейінгі бір бөлігі Қоқан хандығының езгісінде болды. Ол қазақтарды аяусыз қанады, ауыр салықтар салды. Бұл халықтың наразылығы мен қарсылығын туғызды. Шымкент ,Түркістан, Арыс, Мерке , Сайрам ,Шолаққорған ,Жаңақорған аудандарында тұратын қазақтар қолдарына қару алып,Қоқан деспотизіміне қарсы көтерілді. 1858 ж көктемде көтерілісшілер Әулиеата ,Тоқмаш, Шымкент және басқа елді мекендердегі Қоқан гарнизонын қоршап алды. Қоқан-қырғыз халқы тізе қосып күресті. Ташкенттен көмекке жіберілген Қоқан әскерлері кері қуылып соққы беріп , зор шығынға ұшыратты. Көтерілісшілер Созақ ,Мерке ,Шолаққорған қамалдарын алып , Жаңақорған мен Түркістанды қоршады. Бірақ , еңбекшілердің азаттық күресінен қорыққан жеке қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен ымыраға келіп, 1858 ж көтерілісті басты. Қазақстанның стихиялы ,қазақ феодалдарының сатқындығы , оның Қоқан хандығынан келісімге келуі көтерілістің жеңуіне себеп болды.



    1. Бақылау сұрақтары.

    1. Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының азаттық күресінің себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

    2.Көтерілістің барысы және тарихи маңызы.

    3.Есет батыр бастаған азаттық күрестің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

    5.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан езгісіне қарсы күресінің себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

    6.Көтерілістің барысы және тарихи маңызы.
    Сөж тапсырмалары

    1.Жанқожа батыр бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі.

    2.Есет батыр бастаған көтеріліс.

    3.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан хандығының езгісіне қарсы күресі.


    Пайдаланатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

    2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

    3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

    4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

    5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

    6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

    Қосымша әдебиеттер:

    7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

    8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

    9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

    10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж

    Сабақ 24
    Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы . Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
    Бақылау сұрақтары.
    1. Көкшетау және Қарқаралы қалалары қашан салынды?.

    2. Қапал бекінісі қашан салынды?

    3.. Ұлы жүзді басқару үшін Ресейлік пристов қашан тағайындалды?

    4. Орыс әскерлері Қоқандықтарды Жетісудағы бекінісі – Ташубекті қашан басып алды?

    5. Верный бекінісі қашан салынды?

    6. Верный бекінісінің негізін кімнің отряды қалады?

    7. Ұзынағаш түбіндегі шайқас қашан болды?

    8. Ұзынағаш түбіндегі шайқаста кімдер соғысты?

    9. Ресей құрамына төрт мың шаңырақ Қоңырат, бес мың шаңырақ бестаңбалы рулары қашан кірді?

    10. XIVғ. Алпысыншы жылғы Түркістан қаласын қай жылы және кімнің әскерлері басып алды?

    11. Ресей әскері Ташкент қаласын қашан басып алды?

    12. Қазақстанның Ресей қаласына кіру процесі қанша уақытта созылды?

    13. Есет батыр басатаған азаттық көтеріліс қашан болды?

    14. Ақмешіт бекінісн орыс әскерлері басып алғаннан кейін қалай аталынатын болды?



    Сабақ 25

    18-19 ғғ 1- жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

    (1 сағат)
    Жоспары:

    1.18 ғ –19 ғ алғашқы үштен біріндегі қазақ әд биеті.Ақын-жыраулар творчествосы.

    2.ғ 30-50 жылдардағы қазақ әдебиеті.
    Теориялық мәліметтер:

    Ақтамберді жырау (1675-1768 жж) , Үмбетай жырау (1706-1778 жж) .

    Қазақ халқының 18-19 ғ 1- жартысыдағы мәдениеті өткен дәуірің мәдениетімен , оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланысты болд. Сыпыра жырау ,Асан қайғы ,Қазтуған , Доспанбет ,Шалкиіз жыраулардың орнын басқан 18 ғ белгілі жырауы ,Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алған Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684-1781 жж ) .Туып-өскен , кіндік қаны тамған жер –Баянауыл .Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыптарының бірі –Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм .Ол қазақ халқының жоңғар феодлдарына қарсы азаттық күресін жырлады, халықты бірлікке ерлікке шақырып , бұл күрестің жырлады, халықты бірлікке ерлікке шақырып , бұл күрестің қаһармандарын -Абылай ,бөгенбай ,Қабанбай , Жәнібек батрыларды мадақтады. Қазақ-жоңғар соғысының ауыр кезі бүкіл қазақ халқының тағдыры қыл үстінде тұрғанда ол елдің тәуелсіздігін қорғай алатын тегеурінді , ұлы Абылай ханды жырлайды. Бұқар хан бейнесін халықтың ең жақсы идеяларын жүзеге асыратын қайрткер ретінде дәріптеп , оның Ресей мен Қытай арасында бұлтақтап, елдің амандығын , тәуелсіздігін қорғап қалу саясатын мақұлдады. Жырау ханды бірде қолдап-қуаттап отырса, бірде оған тежеу салып , ақыл беріп , мемлекет саясатына терең ықпал етіп отырған.

    Ақтамберді жырау (1675-1768 жж) Оңтүстік Қазақстанда Қаратау бойында туған . Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен , қалмақ шапқыншыларымен соғысқа араласпады. Жанкешті ерлігімен , ақыл-айласымен көпке танылды. Батыр жырау өзінің ісімен де , жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күреске мол үлес қосады, Қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Көп өмірін жорықта өткізген батыр жырау өз жырларының көбінде де тәуелсіз шалқыған ел болуды , жаудан елді қорғауда батырлыққа , төзімділікке үндейді.

    Сонымен бірге Ақтамберді жырлары нақыл, өсиет , толғауларға толы .көпті көрген көне жырау атанаға көрсеткен сый-құрмет құдай жолын қуып ,Меккеге барумен пара-пар деген ой қорытады. Жырау елінің біркелкі бірлігін көксейді.

    Осы тақырыпты дамытып , жырға қосқандардың бірі-Үмбетай жырау (1706-1778ж) Қазақ пен қалмақ арасындағы жойқын соғыстарды жыраулық кестесіне түсірген Үмбетайдың “Бөгенбай батырдың қазасына, Бөгенбай өлімін Аблай ханға естірту ”деген жырлары сақталған .

    Жоңғар соғысы мен қазақ тәуелсіздігін жырлау Тәтқара ақынның (18 ғ) шығармаларында бар сарын .

    19ғ 1-жартысында қазақ әдебиетінде 2 идеялық ағын : еңбекші халық бұқара мүддесін білдірген ақындар , суырып салма жыршылар мен ірі федал –ақсүйектердің мүдделерін жақтаған ақындар қалыптасты . Ақындық өнер халық арасында кеңнен тарағандар ішінде Шернияз , Орынбай, Шөже, Сүйінбай т.б. ерекше із қалдырды.

    19 ғ көрнекті қазақ ақыны Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) болды. Ол езілген елдің жағын жақтап , ар намысын қорғаған күрескен ақын . Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар қозғалысына бастан аяқ қатысқан , сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы , жалынды үгітшісі , өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері. Еліне , халқына шын беріліп , сол үшін шыбын жанын пида еткен ақын. Асыл ер , қалың бұқара мақсатын жоғары ұстай білген азамат ақын.

    Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867 жж ) қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған .Шешендік өнерге , ауыз әдебиеті жасынан құмар болған оның ақындық талабы ерте аянды. Исатай ,Махамбет бастаған көтеріліске қатысты.19 ғ 1- жартысына тән халық мәдениетінде айшықты із қалдырған Шернияздың әдебиет саласына қосқан бір жаңалығы дәстүрлі сурып-салма ақындық өнерін одан әрі жетілдірді.

    Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж) Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Жастай ені көзінен бірдей айырылған Шөже қобыз тартып, өлең айтуға машықтанды. Ақындық өнер күн көрудің көзі болды. Шөже даңқы жұртқа тараған айтыс ақыны.Шөже –ірі ақын. Әйгілі “Қозы-Көрпеш Баян сұлу” жырының ең көркем нұсқасы осы Шөженің айтуымен таралды.
    Бақылау сұрақтары.

    1.Халық ағартау ісі.

    2.Қазақ халықының Ұлы ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

    3.ХІХ ғ. қазақ әдбеиеті. Ақындар шығармашылғы.

    4.Музыка мәдениеті. Әнші-композиторлар мен күйшілер.

    5.Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі. Баспасөз.


    СӨЖ тапсырмалары.

    1.19 ғасыр –қазақ мәдениетінің алтын ғасыры.

    2.Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттеуі. Ғылымның дамуы.

    3..Өнер және музыка мәдениеті.


    Пайдаланатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

    2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

    3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

    4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

    5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

    6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
    Сабақ 26

    18-19 ғғ 1- жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

    (1 сағат)
    1.18 ғ –19 ғ алғашқы үштен біріндегі қазақ әд биеті.Ақын-жыраулар творчествосы.

    2.ғ 30-50 жылдардағы қазақ әдебиеті.


    Реферат тақырыптары.
    1.Халық ағартау ісі.

    2.Қазақ халықының Ұлы ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

    3.ХІХ ғ. қазақ әдбеиеті. Ақындар шығармашылғы.

    4.Музыка мәдениеті. Әнші-композиторлар мен күйшілер.

    5.Өлкетану және ғылыми зерттеу ұйымдарының қызметі. Баспасөз.

    6.18 ғ –19 ғ алғашқы үштен біріндегі қазақ әд биеті.Ақын-жыраулар творчествосы.

    7. 30-50 жылдардағы қазақ әдебиеті.

    8.19 ғасыр –қазақ мәдениетінің алтын ғасыры.

    9.Қазақстанды орыс ғалымдарының зерттеуі. Ғылымның дамуы.

    10..Өнер және музыка мәдениет


    Сабақ 27

    19 ғ 2 жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалар

    (1 сағат)
    Жоспары:

    1. 1.1867-1868 жж реформа және оның отаршылдық мәні.

    2.1886-1891 жж реформадағы ерекшеліктер
    Ресейде капиталистік құқық жойылғаннан кейін капиталистік өнеркәсіптің тез дамуы Қазақстанның өнім өткізетін аса бай рынок және арзан шикізат көзі ретіндегі ролін күшейте түсті. Жаңадан қосылған өлкенің байлығын игеру үшін оны саяси жағынан патша әкімшілігіне толық бағындыру қажет болды. Ол үшін Қазақ даласында тікелей Ресейге қарайтын бірыңғай басқару жүйесін енгізу қажет етті. Осы мақсатта патша үкіметі 60 жж басында арнаулы комиссия құрды. Комиссия қазақ даласын Батыс және Шығыс облыстарға бөлуді ұсынды. Бірақ бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 ж 2 Александрдың бұйрығымен қазақ даласын басқару туралы Ережесінің жобасын әзірлеу үшін “Дала комиссиясы” деген құрылып , ол қазақ даласына зерттеу жүргізді.

    Нәтижесінде 1867 ж 11 шілдеде “Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже” , ал 1868 ж 21 қазанда “Орынбор және Батыс Сібір губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы Ереже” қабылданды.

    Реформа бойынша бүкіл Қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді:

    1.Түркістан генерал-губернаторлығы .Орталығы –Ташкент қаласы

    2.Орынбор генерал-губернаторлығы .Орталығы –Орынбор қаласы

    3.Батыс Сібір генерал-губернаторлығы .Орталығы –Омбы.

    Бүкіл әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолын шоғырланды.Ал, Түркістан генерал-губернаторына тіпті, Иранмен және Қытаймен де дипломатиялық қатынастар жасауға құқық берілді.

    Әрбір генерал-губернаторлық облыстардан құралды. Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары ,Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары , Түркістан генерал-губернаторлығына Сырдария және Жетісу облыстары кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 ж Астрахань губерниясына қосылды, ал Маңғыстау өлкесі 1870 ж Кавказ әскери округінің қарауына , кейін ұзамай Закаспий облысына енгізілді.

    Облыстарды әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей қолына берілген әскери губернаторлар басқарды. әскери губернаторлар жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: 1.Шаруашылық; 2.Сот; 3.Жарлықты іске асыру .

    Облыстар уездерге бөлінді :Жетісу облысына –Сергиополь,Қапал, Верный , Ыстықкөл, Тоқмақ ,Жаркент уездері кірді.

    Сырдария облысына –Қазалы, Перовск , Түркістан , Шымкент, Әулиеата ,Ташкент , Ходжент, Жыззақ уездері кірді.

    Орал облысына –Орал, Гурьев ,Калмыков ,Ембі (Темір) уездері кірді.

    Торғай облысына –Елек (Ақтөбе) , Николаевск (Қостанай) ,Ырғыз және Торғай уездері кірді.

    Ақмола облысына –Ақмола ,Көкшетау ,Омбы және петропавл уездері кірді. (кейіннен 1869 ж Сарысу уезі кірді.)

    Семей облысына –Көкпекті ,Зайсан, Баянауыл , Қарқаралы уездері кірді. (Кейіннен Өскемен уезі қосылды) .

    Уездерді офицерлерен тағайындалатын –уездік бастықтар басқарды.Уезд бастығының екі –аға және кіші көмекшісі болды. Кіші көмекші жергілікті шонжар таптың өкілдерінен алынды. Уездегі билік азаматтық билік те, әскери билік те уезд бастығының қолында болды.

    Уездер рулық емес, территориялық принцп бойынша құрылған болыстарға бөлінді. Болыстар шамамен 2000 (кейде 3000) шаңырақтан тұрды. Болысты болыс басқарушылары басқарды. Ол әр үш жыл сайын сайланып отырды. Болыс болу үшін шонжарлар арасында пара беру, сый-құрмет көрсету , жоғарыға жағымпаздану , қорқытып-үркіту т.б. келеңсіз құбылыстар етек алды.

    Болыстар шамамен 100-200 шаңырақтан құралған ауылдарға бөлінді. Ауылды ауыл ағамандары басқарды. Олар да үш жылға сайланды.

    Реформа бойынша Қазақстандағы сот ісі бірнеше сатыдан тұрды. Бұрынғы дәстүрлі шариғат негізіндегі билер соты мен қазылар соты сақталды. Бірақ олар тек ауылдар деңгейінде ғана қолданылды. Ресейдің империялық әскери және уездік соттары құрылып , олар жалпы империялық заңдар негізінде жұмыс істеді және олар мемлекетке опасыздық , үкіметке қарсылық , мемлекет мүлкіне қол сұғушылық ,қызмет адамын өлтіру т.б. негізгі ірі қылмыстық істерді қарады.

    Реформа бойынша әрбір шаңыраққа Түркістан генерал-губернаторлығында жылына 2 сом 75 тиын , ал Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығында 3 сом болып белгіленген түтін салығы салынды.

    1867-1868 жж реформа патша үкіметінің Қазақстанды отарлауын , отарлық басқаруымен нығайтты . Реформаның ең ауыр салдары –Ресей империясының Қазақстан жерін өзінің мемлекеттік меншігі етіп жариялауы болды. Әуімшілік –территориялық бөлініс арқылы қазақ халқының ғасырлар бойғы дәстүрлі көшіп –қону , жер пайдалану жүйесі бұзылды.

    1886 ж 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже” ,ал 1891 ж 25 наурызда “Ақмола , Семей , Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже ” қабылданды. Бұл ережелер бойынша Қазақстан жері бұрынғыдай 3 емес , 2 генерал –губернаторлықтан тұрды.

    1.Түркістан генерал –губернаторлығы.Орталығы –Ташкент.Оған Ферғана ,Самарқан, Сырдария облыстары кірді.

    2.Дала генерал –губернаторлығы.Орталы –Омбы қаласы. Оған Ақмола ,Семей , Жетісу (1897 ж қайтадан Түркістан губерниясына қарады) ,Орал, Торғай облыстары кірді. Облыстардың уездерге бөлінісі бұрынығысынша сақталды. Енді генерал –губернаторлардың құзіреті бұрынғысынан да күшейтіліп, оларға шексіз билік берілді. Облыс орталықтарының полицейлік басқармалар құрылып, полицейлік бақылау күшейтілді.

    Шаңырақ салығы 4 сомға дейін өсті, ал жалпы салықтар мен міндеткерліктер үй басына жылына 10 сомға дейін жетті. Бүкіл жер мемлекетінің, меншігіне жатты. Сот құрылысы 1867-1868 ж Ереже бойынша қалдырды. Тек бұрынғы төменгі сот буыны билер соты мен қазылар сотының орнына “халық соттары” деген құрылды. Ол да бұрынғысында ең төменгі сот буыны болып қала берді. Жергілікті халық соттарына нұқсан келтіріп, империялық соттарды одан әрі күшейту заң жүзінде бекітілді.

    Қысқасы ,бұл 1886-1891 ж ж реформа да Қазақ жерін елін отарлауға өз “үлесін” қосты.


    Бақылау сұрақтары.

    1.1867-68 ж.ж. реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған дайындық.

    2.Реформа бойынша әкімшілік басқарудағы өзгерістер.

    3.Реформа бойынша құрылған облыстар, уездер, болыстар (аумағы, хылқ саны, рулар құрамы)

    4.Реформаның отарлық мәні. Қазақтардың шұрайлы жерлерін жаппай тартып алудың ұлғаюы. Қоныстандыру саясаты.

    5.1868-1869 ж.ж. Орал, Торғай облыстарындағы ұлт-азаттық көтерілістің себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

    6.1870 ж. Маңғыстаудағы адайлар көтерілісінің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.

    7.Азаттық көтерілістің барысы, салдары.

    8.1868-69 ж.ж. Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы азаттық көтерілістердің жеңілу себептері және тарихи маңызы.
    СӨЖ тапсырмалары.

    1..19 ғ 2 жартысындағы Қазақстандағы әкімшілік-саяси реформалар.

    2.1867-1868 жж реформа және оның отаршылдық мәні.

    3.1886-1891 жж реформадағы ерекшеліктер.


    Пайдаланатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

    2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

    3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

    4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

    5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

    6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

    Қосымша әдебиеттер:

    7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

    8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

    9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

    10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.


    Сабақ 28

    19 ғ 60-70 жж реформаның отаршылдық мәніне қарсы қазақ халқының азаттық көтерілістері.

    Тестілік сауалнама

    1.«Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ереже» қашан қабылданды?

    а) 1864ж 11 шілде;

    в) 1865ж 11 шілде;

    с) 1866ж 11шілде;

    д) 1867ж 11шілде;

    е) 1868ж 11 шілде;

    2. 1867-1868жж реформа бойынша бүкіл қазақ жері неше облысқа

    бөлінді?

    а) 3


    в) 4

    с) 5


    д) 6

    е) 7


    3. 1867-1868жж реформа бойынша бүкіл қазақ жері неше гинерал-

    губернаторлыққа бөлінді?

    а) 2

    в) 3


    с) 4

    д) 5


    е) 6

    4. Түркістан гинерал-губернаторлығына қандай облыстар кірді ?

    а) Ақмола және Семей облыстары ;

    в) Орал және Торғай облыстары ;

    с) Ақмола және Сырдария облыстары ;

    д) Орал және Жетісу облыстары ;

    е) Сырдария және Жетісу облыстары;

    5.Батыс Сібір губернаторлығына қандай облыстар кірді ?

    а) Сырдария және Жетісу облыстары ;

    в) Семей және Жетісу облыстары;

    с) Ақмола және Семей облыстары

    д) Орал және Торғай облыыстары ;

    е) Ақмола және Торғай облыстары;

    6..Орынбор губернаторлығына қандай облыстар кірді ?

    а) Орал және Торғай облыстары

    в) Ақмола және Торғай облыстары ;

    с) Ақмола және Орал облыстары ;

    д) Сырдария және Жетісу облыстары ;

    е) Семей және Жетісу облыстары ;

    7.1867-1868жж реформа бойынша бүкіл қазақ жері неше облысқа

    бөлінді?

    а) 3


    в) 4

    с) 5


    д) 6

    е) 7


    8.1867-1868жж реформаның ең ауыр салдары неде?

    а) Қазақтардың өзін-өзі басқарудан толық шеттелуі;

    в) Көшіп-қону жүйесінің бұзылуы;

    с) Бүкіл қазақ жерлерінің территориялық принцы негізінде әкімшілік бөліктерге бөлініп тасталынуы

    д) Сот билігінің Ресей империясы қолына шоғырлануы

    е) Бүкіл қазақ жерлерінің Ресей империясының меншігі болып жариялануы

    9.1867-1868жж реформа бойынша Қазақстанға неше буынды басқару жүйесі енгізілді?

    а) 3


    в) 4

    с) 5


    д) 6

    е) 7


    10.1867-1868жж реформа бойынша Қазақстандағы облыстарды

    басқаруға кімдер тағайындалды?

    а) Генерал-губернатор;

    в) Әскери-губернатор;

    с) Әкім;

    д) Мэр;


    е) Болыс;

    11.1867-1868ж реформа бойынша Маңғыстау өлкесі қай облыстың құрамына енгізілді?

    а) Орал

    в) Торғай



    с) Сырдария

    д) Амудария

    е) Закаспий

    12. 1867-1868жж реформадан соң Бөкей хандығының жері қай

    гинерал-губернаторлық құрамына енді;

    а) Батыс Сібір губернаторлығына;

    в) Орынбор генерал губернаторлығына;

    с) Түркістан губернаторлығына;

    д) Астрахань губерниясына

    е) Самар губерниясына;

    13. 1867-1868жж реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны қалай деп аталады?

    а) Облыстық сот;

    в) Уездік сот;

    с) Ауылдық сот ;

    д) Билер мен қазылар соты;

    е) Хандық сот;

    14. 1867-1868жж реформа бойынша кімдер салықтан босатылды?

    а) жұмысшылар;

    в) шаруалар;

    с) жатақтар;

    д) болыстар;

    е) Шыңғыстың тұқымдары;



    15. 1867-1868жж реформаның отаршыл сипатына қарсы қай жерде

    көтеріліс, толқулар болды?

    а) Орал мен Торғайда;

    в) Ақмола мен Семейде;

    с) Жетісу мен Сырдарияда;

    д) Ақмола мен Торғайда;



    16. 19ғ 60ж Орал, Торғай облыстарындағы қазақ шаруаларының қойған талаптары?

    а) Еркін көшіп-қонуды сақтау;

    в) Жер сатуды тоқтату;

    с) Уезд бастықтарын бекіту шарттар жою;

    д) Алым-салықты төлеуден босату;

    е) Берілген жауаптың бәрі дұрыс;

    17.19ғ 60жж Орал Торғай облыстарындағы қазақ шаруаларының

    көтерілістеріне кімдер жетекшілік етті?

    а) Сейіл Түркебайұлы мен Досан Тәжіұлы;

    в) Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы;

    с) Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы;

    д) Иса Тіленбайұлы мен Беркін Оспанұлы;

    е) Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы;

    18.1867-1868жж реформаның отаршыл сипатына қарсы Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілістер қай жылдары болды?

    а) 1867-1868жж

    в) 1868-1869жж

    с) 1870-1871жж

    д) 1870жж

    е) 1872жж

    19. 1716 ж. қай қала салынды:

    а) Өскемен

    б) Семей


    с) Омбы

    д) Орынбор

    е) Орал

    20.1870жж Маңғыстаудағы азаттық көтерілістерін кім

    басқарды?

    а) Досан Тәжіұлы мен Беркін Оспанұлы;

    в) Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы;

    Сабақ 29

    Патшалық Ресейдің орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударту саясаты

    (1 сағат)
    Жоспары:

    1.Патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық мәні.

    2.Шаруаларды қоныс аударту туралы “Уақытша Ережелер”

    3.Қоныс аудару қозғалысы.


    Теориялық мәліметтер:

    Патша өкіметі 19 ғ екінші жартысында өзінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі болып табылатын қоныс аударту мәселесіне баса назар аударды. Ресейде 1861ж крепостинтік құқының жойылуы ондағы аграрлық мәселені шеше алмады. Елде шаруалардың толқулары жалғаса берді. Сондықтан патша үкіметі , біріншіден , шаруалардың революциялық толқуларын әлсірету үшін , екіншіден , ішкі Ресейдегі жетіспей жатқан жер мәселесін шешу үшін және үшіншіден , болашақта Қазақ елін кең көлемде отарлай түсуде онда өзіне тірек жасау үшін орыс шаруаларын Қазақстан сияқты шет аймақтарға қоныс аудартуды ұйғарды.

    Алғашқы кезде патша өкіметінің өлкесін әскери казак-орыс отарлауымен шектелген болса, енді 19 ғ 60 ж ортасынан бастап Қазақстанға орталық Ресейден орыс шаруаларын да қоныс аудартуды бастады. Мұндай қоныс аударту 19 ғ 70-80 жж жаппай сипат алды.

    Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 ж 20-қазандағы қаулысынан алғаш көрінеді, онда былай делінді; “Адамгершілік қасиеттері мен материалдық қаражаттары өздерінің сенімділігіне жеткілікті дәрежеде кепілдік бола алатын орыс жұмысшы семьяларына Қырғыз даласына қоныстандыруға рұқсат етілді”. Жергілікті әкімшілік те дәл сондай позиция ұстанды .Мысалы , Алатау округі бастығының баяндамасында “өлкені орыстардың ойдағыдай отарлауы үшін колонистердің шаруашылық және адамгершілік жағынан қамтамасыз етілген адам құрамы қажет ” делінген.

    Қысқасы , патша үкіметі Қазақ өлкесін кеңінен отарлап, ондағы отаршыл әскерлерді толықтыру үшін және қазақтар арасында орыстандыру саясатын жүргізу үшін орыс шаруаларын Қазақ өлкесіне қоныстандыруға ерекше мән берді. Бұған 1867-1868 жж реформа бойынша бүкіл Қазақ жерінің Ресейдің мемлекеттік меншігі болып жариялануы заңдық негіз болды.

    Патша үкіметі өзінің Қазақстандағы аграрлық саясатының мақсаттарын белгілеп алғаннан кейін оларды жүзеге асыруға кірісті. Жетісу өлкесінің губернаторы Т.А.Колпаковский бірінші боп ұсыныс көтеріп , өзінің басшылығымен 1868 ж “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы Уақытша ережелер ” қабылдады.

    1883 ж дейін күшін сақтаған бұл ережелерге сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді , қоныстанушылар 15 жыл мерзімге салықтардан және алуан түрлі міндеткерліктерден босатылды. Тіпті , мұқтаж жанұяларға 100 сомға дейін қарыз ақша да берілді.

    1883 ж Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік “Облыстың отырықшы халқын жерге орналастыру туралы Ереже ” , яғни байырғы тұрғындарды , жаңадан келушілерді , сондай-ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ереже шығарды. Ол бойынша жан басына берілетін жер мөлшері 10 десятина болып белгіленді. Қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден 3 жылға босатылды.

    1889 ж 13-шілдеде “Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыруы жөнінде Ереже ” қабылданды. Бұл “Ережеге” сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері 15 десятина болып белгіленді. Тобыл, Том губерниялары шаруалардың қоныс аударатын басты аймақтары ретінде белгіленді.

    Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыруда 1892 ж құрылған Сібір темір жол комитеті маңызды роль атқарды. 1893 ж “Уақытша Комиссиялар” құрылды. Олар қоныс аударатын жерлерді белгілеп, артық жерлерді анықтаумен айналысты.

    19 ғ 90 жж орта шетінен Сібір мен Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы үдей түсті.сондықтан 1894-1895 жж өзінде-ақ қазақ өлкесінің басы артық жерлерін анықтап, оны “қоныс аудару қорына ” қосу үшін барлық жерді зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойылды. Осыған байланысты 1896-1902 жж белгілі зерттеуші Ф.Шербина бастаған экспедиция қазақ өлкесін зерттеді. Қоныстандыру саясатының нәтижесінде 1897 ж қазақтардың жалпы халыққа шаққандағы үлес салмағы 67,7 пайызын төмендетті.
    Бақылау сұрақтары.


    1. Қоныс аударуға дейінгі қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

    2. Патша үкіметінің аграрлық саясаты. Жаппай отырықшыландыру арқылы отарлау.

    3. Қоныс аударушылар деревнясы.

    4. Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы.

    5.Қазақстандағы ХІХ ғ. соңындағы қоныс аударту салдарынан қалыптасқан демографиялық жағдай

    Сөж тапсырмалары.

    1.Патшалық Ресейдің орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударту саясаты.

    2..Патша үкіметінің аграрлық саясатының отаршылдық мәні.

    3.Шаруаларды қоныс аударту туралы “Уақытша Ережелер”

    4.Қоныс аудару қозғалысы.
    Пайдаланатын әдебиеттер:

    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.

    2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.

    3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.

    4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.

    5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.

    6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.

    Қосымша әдебиеттер:

    7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).

    8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.

    9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.

    10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.


    Сабақ 30

    Патшалық Ресейдің орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударту саясаты.

    Ауызша сауалнама

    1.Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс

    Аударуының себептері неде?

    2. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша

    ережені кім және қашан қабылдады?

    3.Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс

    Аударту қашан басталды?

    4. «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ережелерге сәйкес жан басына қанша мөлшерде жер берілді?

    5.Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық

    жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын құрастыруы жөніндегі Ереже» қашан қабылданды?



    6. «Жетісу облысында жаңадан келушілерді, сондай-ақ Шығыс Түркістанан қоныс тепкен ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ереже» қашан қабылданды?

    7. «Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендер қашан қашып келді?

    8. «Жетісу облысында Шығыс Түркістаннан көшіп келген

    ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы Ережеге»

    сәйкесжан басына берілетін жер мөлшері қанша десятина

    болып белгіленді?



    9. « Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын құрастыруы жөніндегі Ережеге» сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері қанша десятина болып белгіленді?»

    10. « Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардың бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыруы

    жөніндегі Ереже» бойынша Қазақстанның қай облыстары басты қоныс аударатын аймақтар болып белгіленді?




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет