Сабақ 1
17-18 ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қатынастары.
(1 сағат)
1.Ойрат (жоңғар) тайпалық бірлестігі және Жоңғария мемлекетінің құрылуы.
2.17 ғ 30-50 жж қазақ –жоңғар соғысы.Орбұлақ шайқасы.
3.17 ғасырдың соңы – 18 ғ басындағы қазақ-жоңғар қатынасы.Әз-Тәуке хан.
4.Қарақұм жиыны. Төтенше сын.
Теориялық мәліметтер:
Қазақ-жоңғар соғыстары-сипаты жағынан Қазақ халқының өз Отанын , елін , атамекен жерін басқыншылардан қорғау жолындағы Отан соғысы болып табылады. Ұзақ уақытқа созылған бұл соғыста қазақ халқы небір қанды қырғын шайқастарды басынан өткеріп , жанқиярлық ерліктер көрсетіп , өз Отанын , жерін қорғап қалды. Демек бұл бүгінгі және болашақ ұрпаққа тағылымы мол , ұлы тарихи оқиға.
Бұл соғыс уақыты жағынан өте ұзаққа созылған соғыс .Оның хронологиялық шегі туралы зерттеушілер арасында түрлі пікірлер бар : 1635-1758 жж; 16 ғ 20 жж-1758 жж; 16 ғ 20 жж- 1771 жж
Жоңғарлар дегеніміз –тарихтағы батыс монғолдар деп атлатын ойрат тайпалық одағының кейінгі аты еді. 1206 жылы Шыңғыс хан әскерінің сол қанатын құрағандықтан жоңғар (сол қанат) деп аталған.. Қытайлар оларды “елүйіттер” деп атаса, ал қазақтар т.б. ортаазиялық халықтар оларды “қалмақтар” деп те атаған.
16 ғасырдың аяғында ойраттар –торғауыт , дүрбіт, хошеут , шорыс деп аталатын 4 ірі бірлестіктерден тұрған.
Ойраттардың қазақ жерінде алғаш көрінуі –1457 ж , яғни Қазақ хандығының құрылар қарсаңы. Бұл жылы Үз-Темір тайшы бастаған ойраттар көшрелі өзбектер мемлекетінің ханы Әбілқайырдың әскерін талқандайды. Бұдан кейінгі жылдары да ойраттардың Моғолстанға жиі-жиі шабуылдар жасап тұрғаны белгілі. Ал олардың қазақ хандығымен соғысының басталған кезі-16 ғасырдың 20 жж : бұл кезде қазақтыңұлы ханы Қасым хандығына біріктірді. Сонымен Қазақ хандығының аумағы ұлғайып , қазіргі деңгейіне жақындады. Міне осы кезде Моғолстан тарих сахнасынан кетті. Қазақ пен ойраттың шекарасы түйісті. Соғыстар басталды.
Орыс , қытай деректеріне және қазақ батырлар жырларына қарағанда Хақназар , Тәуекел , Есім хандар тұсында қазақтар үнемі жеңіске жетіп отырған .Себебі , ол кезде қазақтар біріккен , ал жоңғарлар бытыраңқы болатын. Мысалы, 1536 ж орыс мемлекетінің Ноғай Ордасына жіберген елшісі Донила Тубин Москваға қазақтардың күштілігі , олардың ойраттарды бағындырғаны жөнінде хабарлаған. 1549 ж Тәуекел хан Москваға жіберген грамотасында өзін “қазақтар мен қалмақтардың патшасымен” деп атайды. Есім хан да ойраттарға бірнеше рет ойсырата соққылар берген .Оның соққыларының күшті болғаны соншалық 1627 ж ойрат одағы ыдырайы: Хо -Өрлек тайшы бастаған торғауыттар батысқа ауады , олар 17 ғ 30 жылдары Еділдің сағасына келіп, қалмақ хандығын құрады. Хошеуттер Тибетке жер ауып , шорыстар Жоңғарияда қалады. 17 ғ 20 жж соңы 30 жж басында шорыс тайпасының басшысы Харахулай бытыраңқы ойрат тайпаларын біріктіріп , жағдайын оңалта бастайды. Ал оның ұлы Эрденэ Батур қонтайшы (1635-1653 жж) Жоңғария мемлекетін құрады.
1640 ж құрылтайда мемлекеттің Ұлы заңын – “Цаадин бишикті ” (дала ережесін )қабылдайды.
Жоңғария 1 млн астам халқы бар соғыс кезінде 100 мың әскер жасақтай алатын күшті әскери феодалдық мемлекет еді. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі –қонтайшы деп аталды және ол барлық мемлекеттегі барлық ел мен жердің қожасы болып есептелді. Сондай-ақ мемлекетті басқаруда –тайшылар , нояндар , жайсаңдар деп аталатын әскери феодл-шонжарларға сүйенді .ал қарапайым шаруалар “ойраттар” деп аталды. Мемлекет орталығы –Құлжа қаласы болды.
Қазақ –жоңғар соғысының себептері мыналар еді:
1.Ресей, Қытай сияқты алып империялардың , ығыстыруымен көшпелі елдердің көшіп қонатын мал жайылымы жерлері қысқарды. Әсіресе Қытай империясы ығыстыра бастаған жоңғарлар жерден тапшылық көрді. Сонымен олар қазақтың бай жайылымды жерлерін басып алуға ұмтылды.
2- ден жоңғар билеушілерін әсіресе Қазақстанның оңтүстігі қатты қызықтырды. Бұл аймақты басып алса жаңа алымдардың түсуімен қатар , аса маңызды сауда-экономикалық аймаққа да ие болатын еді.
3- кейбір деректерге қарағанда жоңғар мемлекетін қазақ еліне қарсы отыршылдық мақсатты көздеген Ресей мен Қытай айдап салып отырған.
Батур қонтайшы басқарған кезде жоңғарлар қазақ жеріне үш рет –1635,1643-44 ж, 1652 ж жорық жасайды. Алғашқы 1635 ж шайқас туралы мәлімет .Қай жақ жеңгені белгісіз. 1643-1644 жж Орбұлақ шайқасында қазақ жасағының жанқиярлық ерлігінің ,Салқам Жәңгір ханның соғыс тактикасын өте шебер қолдана білуінің және шайқастың соңында Самарқан билеушісі ,Кіші жүз-алтын Жалаңтөс Баһадүрдің 20 мың қолмен көмекке келуіеің арқасында қазақтар зор жеңіске жетті. Осы жолы жоңғарлар 10 мыңнан аса адамынан айырылды. Тарихшы ғалым Б.Ермұханов бұл ұлы жеңісті грек-парсы соғысындағы 300 спарталық жауынгердің Фермопиль шатқалында парсының 30 мың әскерінен қорғауына теңейі.
Ал 3-шісоғыста 1652 ж әбден дайындалып ,Сібірге орыс қамалдарын қару –жарақтар сатып алып шабуылдаған жоңғарлар жеңіске жетеді. Осы жылы Салқам Жәңгір хан қаза тапты.
Бақылау сұрақтары
Қазақ хандығының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары
ХVІІІ ғ. 1-жартысында Қазақстанның саяси, экономикалық және халықаралық жағдайы.
Ресей империясының Қазақстан жөнінде ұстанған саясаты.
Кіші жүздің және орта жүздің бір бөлігінің Ресей құрамына кіруі және оның себептері.Әбілхайыр хан.
Орынбор экспедициясы. Орынбор қамалының салынуы.
“Қатал” және “майда” саясаттың ұштастырылуы.
Әскери бекініс шептерінің салынуы.
Жайық және Ертіс өзендері бойына қазақтардың малын жаюына тыйым салу туралы жарлықтар және оның орындалуы.
Сөж тапсырмалары
17-18 ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары
1.Ойрат (жоңғар) тайпалық бірлестігі және Жоңғария мемлекетінің құрылуы.
2.17 ғ 30-50 жж қазақ –жоңғар соғысы.Орбұлақ шайқасы.
3.17 ғасырдың соңы – 18 ғ басындағы қазақ-жоңғар қатынасы.Әз-Тәуке хан.
4.Қарақұм жиыны. Төтенше сын.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992
Сабақ 2
18 ғ алғашқы ширегіндегі Қазақстанның саяси жағдайы.
Ауызша сауалнама
-
Жоңғария мемлекеті қашан құрылды және кім құрды?
-
Салқам Жәңгірдің соғыс тактикасын өте шебер қолдануының және соғыстың соңында Самарқан билеушісі, Кіші жүз – алшын Жалаңтөс Баһадүрдің көмекке келуінің арқасында қазақтар зор жеңіске жеткен шайқас?
-
Қарақұм жйыны қашан болды?
-
Аягөз шайқасы қашан болды?
-
Аягөз шайқасында қазақтардың жеңіліп қалуының басты себебі?
-
Әз-Тәуеке хан қай жылдары хандық құрды?
Әз-Тәуеке ханның Қазақ мемлекетін нығайтудағы атқарған қызметтері жайлы.
-
Қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр апат – “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға” қашан ұшырады?.
-
Жоңғарлардың 1723 ж. Қазақтарды ойсырата жеңіп “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратуының себептері?
-
Ордабасы жиыны қашан болды?
-
Әз-Тәуеке хан дүниеден өтіп, Абылай өз шыңына көтерілгенше Қазақ елінің тарих сахынасында басты роль атқарғңан мемлекет қайраткері?
Тест.
1.Ордабасы жиынында бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып ыкім сайланды?
А) Әбілмәмбет
В) Әбілқайы
С) Абылай
Д) Бөгенбай
Е) Қабанбай
2.Бұланты шайқысы қашан болды?
А) 1716 ж.
В) 1720 ж.
С) 1726 ж.
Д) 1730 ж.
Е) 1736 ж.
3.Ұлы Аңырақай шайқасы қашан болды?
А) 1726 ж.
В) 1729 ж.
С) 1731 ж.
Д) 1736 ж.
Е) 1718 ж.
4.Кейінен “Қалмаққырылған” деген атқа ие болған шайқас?
А) Орбұлақ шайқасы
В) Аягөз шайқасы
С) Алакөл шайқасы
Д) Бұланты шайқасы
Е) Аңырақай шайқасы
5. “Хан батыры”, “Дарабоз” деген атаққа ие болған, белгілі рудың ұранына айналған қазақ батыры?
А) Қанжығалы Бөгенбай
В) Қаракерей Қабанбай
С) Шапырашты Наурызбай
Д) Шақшақ Жәнібек
Е)Албан Райымбек
6.Қойбағар Көбеков бастаған елшілік Ресейге қашан жіберілді?
А) 1715 ж.
В) 1716 ж.
С) 1718 ж.
Д) 1726 ж.
Е) 1730 ж.
Сабақ 3
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Отан соғысының басталуы. “ақтабан -шұбырынды Алқакөл сұлама” жылдары.
2. Жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарысты ұйымдастыру.1724-1725 жж шайқастар.
3.Ордабасы жиыны. Бытыраңқылықтан-бірлікке.
4.Бұланты шайқасы, оның Отанды азат етудегі тарихи маңызы.
5.Аңырақай шайқасы және оның Отан соғысындағы тарихи маңызы.
Теориялық мәліметтер:
Қазақ халқының басына ауыр күн туып келе жатты. 18 ғ алғашқы ширегінде елінің халықаралық жағдайы да өте ауыр болды. Жоңғарлардан өзге батыстан –еділ қалмақтары , башқұрттар , жайық казактары ,Солтүстік Сібір казактар жиі-жиі шабуылдар жасап тұрды . Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары да көз алартумен болды. Қазақ елінің 4 құбыласы түгел жау болып , осылардың бәрімен соғысып отыруға тура келді. Бұлардан қорғанған күннің өзінде ,Ресей мен Қытай тұрды. Деректерге қарағанда Ресей империясы өз қоластындағы халықтарды өзінің араласуынсыз –ақ бағындырып ұстап отыру үшін және болашақта отарлайтын елін әлсірете түсу үшін қазақ , қалмақ , башқұрт халықтарын әдейілеп бір-бірімен соғыстырып отырған. Ресейде ,Қытайда қазақ пен жоңғарды өз қол астына бағындыру үшін , олардың бір-бірімен соғысып әлсірей беруіне мүдделі болды. 1722 ж Қытай императоры Конси өлген соң, Ресей мен Қытай келісім шарты жасалды. Онда 2 империя да Жоңғарияға қауіп туғызбайтынын мәлімдей отырып , оны қазақпен соғысуға жол ашатындай емеурін танытты. 1723 ж жоңғар-қытай бітімі жасалды. Ол бойынша шығыстағы шекарасын қауіпсіздендіріп алған Жоңғария , қазақпен соғысуға бар күшін сала дйындала бастады.
1723 ж ерте көктемде жоңғарлар 70 мыңнан астам отты қарулармен кеңінен қаруланған әскермен қазақ еліне басып кірді.
Қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр апат “Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұламаға ұшырады”.
“Ақтабан шұбырындының ” зардабы өте ауыр болды. Ш. Құдайбердіұлының айтуынша “Ақтабан шұбырындыдан ” қазақтың ⅔ -сі қырылған .Қазіргі демограф ғалымдарымыздың айтуынша ⅓-і қаа тапқан . (3 млн 330 мыңнан – 2млн 222 мың қалған (1726 ж) 2-3 жыл ішінде 1 млн 108 мың қазақ қаза тапқан ) .
жоңғарлар қазақ халқының өр рухын басып тастай алған жоқ.Ел ес жия бастады. Жоңғар басқыншыларынан Отанды азат ету соғысы (1724 ж өзінде-ақ) басталды. Осы (1724 ж) жылы )білқайыр хан Түркістан қаласын 32 ұлысымен қайтарып алды. Бірақ 1725 жылы Түркістан мен Ташкент қайта жаулап алынды. 1725 ж Алакөлде Қабанбай батыр жасағы басқыншы жауға күшті соққы берілді. Осы жылы Шұбаркөлде Шақшақ Жәнібек батыр жасағы да жауға күйрете соққы берді. Енді осы қазақ батырларының жекелеген жеңістерн біріктіріп , ірі жеңіске жету сөйтіп Отанды жаудан толық азат ету мәселесі ең басты орында болды.
Осы мақсатта 1726 ж маусымда Түркістанның , оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Ордабасы тауында бүкілқазақ құрылтайы өтті. Бытыраңқылықтан бірлікке бастаған бұл ұлы жиындағы Ұлы мақсат-Отанымызды басқыншы жаудан толық азат ету болды. Осы ұлы мақсат үшін Ордабысыда үш жүздің баласы бір бәтуаға келіп , ата жауға бірігіп аттануғ ант беріседі. Қазыбек бидің ұсынысымен бүкіл қазақ әскерінің бас қобасшысы болып кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды. Қарадай Қанжығалы Бөгенбай батыр сайланды. “Алаш ” ұранды қазақ қай жерде жүрсек те ел басына күн туғанда осы төбе басына үйілген топырақтай бірігейік , жиылайық” деген тамаша ұлттық , отаншылдық идеямен әрбір қазқ жауынгері өз туған жерінің топырағын әкеліп ,Ордабасының басына үйеді.
Сонымен Ордабсында бір мәмілеге келген қазақтар халық азаттық күресті күшейтті.Алғашқы қақтығыс Бадамның Арысқа құяр сағасынан сәл жоғарыда Қараспан төбе деген жерде болды. Қазақтардан ә дегеннен мұндай тегеурінді күш күтпеген жоңғарлар шегінуге мәжбүр болады. Мұндай жоңғарларды тас-талқан етіп , қашуға мәжбүр еткен шайқастар Боралдай мен Қошқар ата өзендерінің түйіскен жерінде Үлкен Тұран бойындағы Садырқамал деген жерде ,Теректі алқабында Бөген бойындағы , Тарақтықамал, Қаржасқамал , Ұзынбұлақ , Сарытау, Сарыкемер деген жерлерде болып өтті.
Қазақ-жоңғар соғыстарындағы аса ірі шайқастың бірі 1726 ж (кейде 1728,1726 жж) Шұбартеңіз көлі маңы ,Бұланты , Білеуті өзендерінің бойында , “Қарасиыр” деген жерде болып өтті.Қазақ жасағы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді. Соғыс болған жер кейін “Қалмаққырылған” деп аталып кетті. Бұл соғыста Әбілқайырдың жалпы басшылығымен Қанжығалы Бөгенбай ,Қаракерей Қабанбай ,Тама Есім, Бәсентиін Малайсары , Тайлақ , Саурық т.б. батырлар ерекше көзге түсті. Осы жеңістің нәтижесінде Ұлытау аймағы ,Кіші Жүзбен Орта Жүздің біраз жерлері жаудан азат етілді. Бұл жеңіс қазақ халқының рухын көтерді.
1730 ж көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ұлы шайқасы –Аңырақай шайқасы болып өтті. Бұл шайқас Балқаш көлінің оңтүстік-шығысына қарай 120 шақырым жердегі Итішпес көлінің маңында болды. Бұл жолы а бірлескен Қазақ жасағы жоңғарларды тас-талқан етіп жеңді. Жау ондаған мың адамынан өлідей айырылды. Ал жаралы болғандары бірнеше күн бойы аңырап даланы басына көтеріп жатқан. Сондықтан бұл шайқас тарихқа “Аңырақай шайқасы” деген атпен енген. Мағынасы : жоңғарлардың аңыраған , еңіреген жері” деген сөзден қалған екен. Бұл шайқасты Әбілқайыр хан басқарған. Ал, Қ .Қабанбай, Қ.Бөгенбай, Ш. Наурызбай , Ш.Жәнібек , Малайсары ,Олжабай , Райымбек т.б. батырлар қаһамандық пен ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті.
Қазақ халқынан өз отанын басқыншылардан қорғау , азат ету жолындағы ұзаққа созылған соғыстарда талай –талай даңқты қайраткерлер , қаһарман батырлар шықты. Аса ірі мемлекет қайраткерлері: Салқам Жәңгір хан (17 ғ 1- жарт) ,Әз-Тәуке хан (1635-38-1718 жж) ,Әбілқайыр хан (1697-1748 жж) ,Абылай хан (1711-1781 жж) .
Қолбасы батырлары : Қоңырат Алатау , Шапырашты Қарасай ,Арғын Ағынтай (17 ғ 1 жарт) ,Жалаңтөс Баһадүр (1576-1656 жж) .
18 ғасырдың батырлары : Қанжығалы Бөгенбай (1680-1778 жж) , Қаракерей Қабанбай (1691-1769 жж) ,Шапырашты Наурызбай (1706-1781 жж) , Шапшақ Жәнібек , Тама Есет , Бәсентиін , Малайсары, Тарақтылы Байғозы ,Көкжал Барақ , Албан-Райымбек , Сүйіндік Олжабай ,Керей Жәнібек , Керей Жанатай, Шанышқылы Бердіқожа , Сіргелі Қаратілеуке , Қазыбекұлы Қасқары , Өтеген Өтеғұлұлы ,Қыпшақ Дербісәлі , Маңдай батырлар ,Теке сатай , Бөлек батырлар , Беріш Ағатай ,Балта-керей Тұрсынбай , Бесентиін Жасыбай ,Сергілі Елшібек т.б.
батыр аналар : Гауһар (Қабанбай батырдың жары , Малайсары батырдың қарындасы , батыр) ,Назым (Қабанбай мен Гауһардың қызы , әкесімен бірге жорыққа қатысқан батыр қыз) , Есенбике (Олжабай батырдың анасы ,Үйсін Қаратай батырдың қызы) , Қызданбике ,Нұрбике , Айбике (соғыс кезінде ел-жұртына ақыл-парасатымен танылған аналар , шаншар руынан) ,Айбике (Бұланбай батырдың жары , барлаушы топтың жетекшісі ,Алтай ,Ертіс , Тарбағатайдағы жоңғар әскерлері , олардың орналасуы туралы ағасы Қабанбай батырға құпия мәліметтер жеткізіп тұрған ержүрек қыз ) т.б.
Бақылау сұрақтары.
Ойраттар, олардың шаруашылғы, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ұйымдасуы.
ХVІғ. 20 ж.ж. мен ХVІІ ғ. 30 ж.ж. аралығындағы қазақ-ойрат (жоңғар) қарым-қатынастары.
ХVІІ ғ. 30-50 ж.ж. қазақ-жоңғар соғыстары. Орбұлақ шайқасы.
ХVІІ ғ. соңы – ХVІІІ ғ. басындағы жоңғар шапқыншылығының күшеюі. Әз-Тәуке ханның Отан қорғаудағыжәне қазақ мемлекетін нығайтудағы әрекеті.
ХVІІІ ғ. 20 ж.ж. Қазақстанның саяси, экономикалық және халықаралық жағдайы.
“Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”
Ордабасы жиыны – бытыраңқылықтан бірлікке бастау.
Отан қорғау жолындағы бүкілхалықтық күрес.Қазақ жасақтарының ұлы жеңістері.
Отан қорғауда ерлік көрсеткен қазақ батырлары.
Сөж тапсырмалары.
Ойрат (жоңғар) тайпалық бірлестігі және Жоңғария мемлекетінің құрылуы.
2.17 ғ 30-50 жж қазақ –жоңғар соғысы.Орбұлақ шайқасы.
3.17 ғасырдың соңы – 18 ғ басындағы қазақ-жоңғар қатынасы.Әз-Тәуке хан.
4.Қарақұм жиыны. Төтенше сын.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
Сабақ 4
Отан қорғауда ерлік көрсеткен Қазақ батырлары.
Ауызша сауалнама
1.Әз-Тәуеке хан қай жылдары хандық құрды?
2.Әз-Тәуеке ханның Қазақ мемлекетін нығайтудағы атқарған қызметтері жайлы.
3.Қазақ халқы өз тарихындағы ең ауыр апат – “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға” қашан ұшырады?
4.Жоңғарлардың 1723 ж. Қазақтарды ойсырата жеңіп “Ақтабан шұбырындыға” ұшыратуының себептері?
5.Ордабасы жиыны қашан болды?
6.Әз-Тәуеке хан дүниеден өтіп, Абылай өз шыңына көтерілгенше Қазақ елінің тарих сахынасында басты роль атқарғңан мемлекет қайраткері?
7.Ордабасы жиынында бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып ыкім сайланды?
8.Бұланты шайқысы қашан болды?.
9.Ұлы Аңырақай шайқасы қашан болды?.
10.Кейінен “Қалмаққырылған” деген атқа ие болған шайқас?
11.“Хан батыры”, “Дарабоз” деген атаққа ие болған, белгілі рудың ұранына айналған қазақ батыры?
Сабақ 5
Қазақстанның Ресей құрамына ене бастауы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.18ғ 1-ширегіндегі Ресейдің шығыстағы сыртқы саясатындағы Қазақстан.
2.Қазақстанның Ресей қоластына кіруінің тарихи алғышарттары.
3.Қазақстанның Ресеймен дипломатиялық келіссөздері. И.Бухгальцтің, А.Бекович-Черкасскийдің экспедициясы.
Теориялық мәліметтер:
Қазақтың қазақ болғаннан бергі яғни 15 ғ ортасынан бергі тарихына көз жіберсек , ол өзінің саналы ғұмырының тең жартысын 260 жылын отаршылдық дәуірінде , тәуелділік , бодандық бұғауында өткізгенін көреміз. Қазақ елі 1731 жылдан 1917 ж дейін 200 жылға жуық патшалық Ресей империясының , ал 1917 ж –1991 ж дейін Кеңес империясының отары болып келді. Тарихтың ащы сабағы осы. Осы отаршылдық дәуірдің басталуы , яғни Қазақстанның Ресей империясының қол астына кіре бастауы , яғни Қазақстанның , дұрысы Кіші жүздің Ресей қол астына кіруі кездейсоқтық емес .Ол ең алдымен 18 ғ басындағы Ресей империясының экспансиялық –отаршылдық саясатымен , халықаралық жағдайымен тікелей байланысты өрбіді.
18 ғ алғашқы ширегінде Ресейдің солтүстік батыс жағында Балтық теңізі мен Қара теңіз арқылы Еуропаға терезе ашумен қатар Сібірді қосып алу және Шығыс елдерімен белсенді сауда жасау жолдарын іздестірді. Бұл мақсатқа қазақ даласы сәйкес келді. 1 Петр Қазақ жерін “Азияның кілті мен құлпы” деп санады .Ол қазақ елі жөнінде былай деген . “Қазақ Ордасы бүкіл азиаттық елдермен жерлердің кілті мен қақпасы , сонымен ол Орда біздің қарауымызда болуға тиіс. Бұл жолда миллиондаған шығынға қарамай , ол елді өзімізге бағындыру қажет”.
Қазақ жері арқылы Орта Азия хандықтарына ,Ауғаныстан ,Персия ,Қытай ,Үндістан және т.б. Шығыс елдеріне керуен жолдары өтетін .Қазақстан мен Түркменстан патша әкімшілігіне ең алдымен әскери-стратегиялық база ретінде керек болды. Мұнда орнығып алған соң орыс патшаларының асыл арманы болған аса бай Үндістанға жолашылады деп санады.
Бұрынғы Кеңес дәуіріндегі көзқарас бойынша Әбілқайыр өз еркімен Ресейге бодан кірді делінді. Шындығында да оның мұндай шешімге келуіне мәжбүр еткен Ресей мемлекетінің , осы бағытта жүргізген сан жылдар бойғы агрессивті саясаты болды. Батыс Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасады,Ресейге сүйенген башқұрттар да шауып , тыныштық бермеді. 2- ден , жоңғар шапқыншылығының күшті қаупі сейілмеді. 3-ден ,Аңырақай шайқасынан кейін билікке таласып , шайқас даласын тастап кеткен Әбілқайыр Ресей империясының көмегімен үш жүздің ханы болғысы келді. Осы себептер оны Ресей бодандығына кіруге итермеледі. 1730 ж 8- қыркүйекте Әбілқайыр Петербургке-орыс әйел императоры Анна Иоановнаға өздерінің бодандыққа және қорғаушылыққа алуды сұраған өтінішпен хат жолдап , әрі ауызша айтуды тапсырып Сейтқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілік жіберді. 1731 ж 19 ақпанда Анна Иоановна Кіші жүзді Ресейдің бодандығына қабылданатыны жөніндегі сенім грамотасына қол қойды. Ол туралы қазақтарға хабарлау және тиісті ант қабылдату үшін Әбілқайырға Сыртқы істер компаниясының тілмашы А.И. Тевкелеев бастаған елшілік жіберілді. Бірақ қазақ билеушілерінің бірталайы Ресей қол астына кіруге қарсы болды. Тевкелевке, Әбілқайыр жақтастарына қарсы жақты көндіру оңайға түспеді. Осы кезде Тевкелев Ресей үкіметі атынан , оның шексіз құқықтары мен уәкілдерін пайдаланып , көнбеген ру басыларына аямай тартулар берді.Сый-құрмет көрсетті, белсенді үгіт жұмыстарын жүргізу тобын Бөгенбай батыр сияқты атақты адамдардың көмегін пайдаланды. Нәтижесінде 1731 ж 10 қазан күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 ағаманы Ресей қол астына кіруге ант берді. Орта жүз ханы Сәмеке 1731 ж соңында Ресей қол астына кіруге келісім бергенімен , оны орындамай ,Ресейге қарасты башқұрттарға жорықтар жасайды.Бірақ кейін ол райынан қайтып , Ресей қоластына кіруге өтініш жасайды. 1734 ж 10 маусымда Анна Иоановна Сәмеке мен оның жақтастарының өтінішін қанағаттандыру грамотасына қол қояды. Кіші жүз бен Орта жүздің солтүстік батыс бөлігінің Ресей азаматтығына өтуі 1740 ж Орынборда өткен съезде бекітілді.
Бақылау сұрақтары.
1 Қазақ хандығының Ресеймен экономикалық және саяси байланыстары.
2.Ресей империясының Қазақстан жөнінде ұстанған саясаты.
3.Кіші жүздің және орта жүздің бір бөлігінің Ресей құрамына кіруі және оның себептері.Әбілхайыр хан.
4.Орынбор экспедициясы. Орынбор қамалының салынуы.
5.“Қатал” және “майда” саясаттың ұштастырылуы.
6.Әскери бекініс шептерінің салынуы.
7.Жайық және Ертіс өзендері бойына қазақтардың малын жаюына тыйым салу туралы жарлықтар және оның орындалуы.
8. ХVІІІ ғ. 1-жартысында Қазақстанның саяси, экономикалық және халықаралық жағдайы.
СӨЖ тапсырмалары.
1.Қазақстанның Ресей қоластына кіруі мәселесінің зерттеуі: көлеңкесі мен күнгейі.
2.Әбілқайыр хан, оның Ресей қоластына өтуіне итермелеген себептер.
3.Әбілқайырдың Ресей қоластына өтуі, туралы келіссөздері.Кіші жүздің Ресей қоластына қабылдануы.
4.А.И.Тевкеллев елшілігі.
5.Кіші жүз және Орта жүздің бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдауы.
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992ж
Сабақ 6
Кіші жүзбен Орта жүздің бір бөлігінің Ресей қоластына кіруі.
Бақылау сұрақтары.
-
Қойбағар Көбеков бастаған елшілік Ресейге қашан жіберілді? Себебі не.
-
Әбілқайыр ханның Ресей қоластына кіру жөніндегі С.Қойдағұлов пен Қ.Қоштаев бастаған елшілігі Петербургке қашан жіберілді, неліктен жіберілген еді?
-
Ресей императрицасы Анна Иоановна Кішің жүзді Ресей қоластына қабылдайтыны туралы жарлыққа қашан қол қойды?
-
Қазақ жерлерінің Ресей империясының қол астына кіруі қандай шарттар негізінде құжаттарда белгіленген?
-
А.И.Тевкелеевтің Қазақстандағы дипломатилық миссиясы қашан өтті. Және оның негізгі бағыттары?
-
Кіші жүз ханы Әбілқайыр өзін қолдайтын ағамандармен бірге Ресей қоластына кіруі туралы қашан ант берді?
-
Әбілқайыр бастап Ресейдің қол астына қарау жөніндегі актіге қол қойған қазақ ағамандарының тобы неше адамнен тұрдв?
Сабақ 7
Ресей империясының Кіші жүзбен Орта жүздегі ықпалы нығаюы
-
сағат
Жоспары:
1. Ресей империясының Кіші жүзбен Орта жүздегі ықпалы нығаюы.
2. Орынбор экспедициясы.
3. Әскери бекініс шептерінің салынуы.
4. Жер мәселесінің шиеленісуі
Теориялық мәліметтер:
Байлыққа толы Қазақ жерін отарлауды басты орынға қойған Ресей патша үкіметі бір жағынан Қазақстанның байлығын иелену арқылы өзінің экономикалық мүдделерін қорғау , 2- ші жағынан Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен 18 ғ ортасында Қазақстанның Ресеймен шектесетін бүкіл батыс , солтүстік өңірлерін , солтүстік-шығысын әскери бекініс шептерін салып құрсаулап қоршай бастады. Бұл бекіністерді салу барысында патша өкіметі қазақтың ең жақсы , шұрайлы жер-суын тартып ала отырып, ол жерлерге ойып , топырлата бекіністер салып, сығымдай қоршады.
18 ғ ортасынан патша үкіметі Жайық өзенін бойлай Жайық казактарының күшімен 14 қамал : Переволовцк, Чернорегенск, Татищев , Нижнеозерная , Рассыпная, Елек қалашығы , Жайық қалашығы, Сахарная , Калмыковск, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев , Бақсай , Гурьев қамалдары салынып , бұл бекіністер тізбегі Жайық шебі деп аталды.
1734 ж Жоғарғы Жайық қамалы салынған кезден бастап, Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланы бастады. Бұл Жайық қалашығынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі бекіністерден тұрды.
18 ғ 30-40 жж Жоғарғы Жаййық қамалынан Зверноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған Үй шебін құру аяқталды . Ол Қарағай , Қаракөл , Усть-Уйск қамалдарынан тұрды. 1752 ж Ново-Ишим шебі салынып бітті. Бұл шеп 540 шақырымға созылып ,Үй шебін Ертіс шебімен жалғастырды.Бұған Зверноголовск, Покровск, Кабанья, Пресногорков қамалдары кірді. Осы кезде Красногорск дистанциясы мен Орск шебі кірді.
18 ғ 50 жылдары ұзындығы (1684) 930 шақырымға созылған Ертіс шебін салу аяқталды.Оған Омбы , Железинск , Петропавл,Семей , Өскемен, коряков , Ямышев т.б. қамалдар кірді.
Қамалдар салу мен отарлау қазақтардың дәстүрлі көші-қон жерлерінің бір бөлігін тартып алуға , олардың көлемін қысқартуға әкеліп соқтырды. Патша үкіметі жер мәселесінде отаршылдық шараларды біртіндеп жүзеге асырды.
1734 ж патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне тыйым салу туралы мәселені тұңғыш рет қойды.
1742 ж 19 қазанда Жайық өзені маңында ,Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салатын жарлық шығарылды.
Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонып жүрген Қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл үшін Жайық атты казак әскерлерінен күшті әскер жасақтау , тіпті қазақтарға қарсы қалмақтардың әскери отрядтарын пайдалану бұйырылды, әрі қалмақтардың түсірген олжаларының өздеріне берілетінін айтып алдын-ала дәлелдендірілді. Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына мал айдап өтпеу үшін патша үкіметі тіпті сорақылықпен 1747 ж күзде Каспийге дейінгі Жайықтың бір беткейіндегі далаларға өрт қойды. Бірақ бұл шаралардың бәрі қазақтардың жерге деген ұмтылысын ,Жайықтың оң жақ бетіне өтуін тоқтата алмады. Жарлық жүзеге аспай қалды, үкімет амалсыздан қазақтардың Жайықтан өтуіне рұқсат беруге мәжбүр болды.
Бірақ 1756 ж 2 қыркүйекте қазақтардың Жайық жағасына малын жаюға алғаш рет ресми түрде шек қойылды. Ал1757 ж 24 желтоқсанда Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырған орыс үкіметінің шешімдеріне қазақтардың Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салу расталды.
Бақылау сұрақтары.
-
18 ғ 40 жж дипломатиялық қатыныстар.
-
Қазақ билеушілерінің Хиуа , Бұқара Башқұрттармен қарым-қатынасы.
-
Әбілқайырдың Орынбор әуімшілі мен қарым-қатынасының шиеленісуі.
-
Нұралы хан Кіші жүзде ішкі қарама-қайшылықтарының шиеленісуі.
-
“Қатаң” және “майда” саясатының ұштастырылуы
СӨЖ тапсырмалары.
.17 ғ қазақ батырлары:Шапырашты Қарасай, Арғын Ағынтай, Қоңырат Алатау, Жалаңтөс Баһадүр т.б.
2.18 ғ қазақ батырлары, олардың Отан қорғаудағы қосқан теңдесіз үлесі.
3.Қанжығалы Бөгенбай батыр.
4.Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) батыр.
5.Шапырашты Наурызбай батыр
6.Шақшақ Жәнібек батыр.
7.Тама Есет, Малайсары батырлар.
8.Райымбек батыр.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж
Сабақ 8
Қазақстанның 18 ғ ортасындағы саяси жағдайы.
Реферат тақырыптары.
.1. И. Кириллов бастаған Орынбор экспедициясы.
2.. Патша өкіметі Қазақтарға жайық өзені маңында жайық қалашығы мен басқада салынып жатқан қамалдар маңында көшіп қонуына тиым салған жарлығының шығуы.
3. Патша өкіметі қазақтардың Жайықтың оң жағалауында мал айдап өтпеуі үшін Каспийге дейін Жайықтың бір беткейіндегі далаларға қашан өрт қойды
4. Петропавл бекінісі.
5. Барақпен оның сыбайластары Әбілхайыр ханды қашан өлтірген
6. XVIII – XIX ғасыр ұлт-азаттық көтерілістердің негізгі шығу себептері қандай
7.Әз-Тәуеке хан дүниеден өтіп, Абылай өз шыңына көтерілгенше Қазақ елінің тарих сахынасында басты роль атқарғңан мемлекет қайраткері?
Сабақ 9
Қазақстанның 18 ғ ортасындағы және 2- жартысындағы әлеуметтік-эконмикалық дамуы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Шаруашылық
2.Қазақ-орыс экономикалық байланыстарының қатаң жоюы.
3.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Теориялық мәліметтер:
Қазақ халқының Ақтабан шұбырындыдан соң қайта оңалуы ,кемеліне келіп , біртұтас мемлекет ретінде қалпынакелуі –Абылай хан есімімен байланысты. Абылай (шын аты Әбілмансұр ) 1713 ж (кей деректерде 1711 ж) Түркістан билеушісі Уәли сұлтанның шаңырағында дүниеге келген.
Абылай хан –18 ғасырда тарихымыздың аса ірі тұлғасы .Абылайдың дара тұлғасы , қолбасшылық талантымен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империясының көз алартушыларға қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай қазақ халқының тағдыры қыл үстінде , қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегі жасалды.
Жас Абылайдың ел тізгініне жеткен кезі-ежелгі біртұтас қазақ мемлекеті құлап , жеке биліктерге ыдырағанына жиырма жылдай болып қалған. Ақтабан шұбырындыға ұшырап , қырылып –жойылған халық енді қайтып бас көтерместей , ешқашан ес жимастай көрінген өте ауыр кезең еді. Қазақтарды ығыстырып, қырғынға ұшыратып ,Жетісуды , бүкіл оңтүстік өңірді жаулап алған, Жоңғар хандығы біздің ата жұртымызға біржолата орнығуға ниет еткен.
Орталық Азиядағы ахуалды, әскери іс пен саяси жағдайды анық байыпталған Абылай Отанды қорғау , қалмақ басқыншылығынан құтылу мәселесін 1- ші кезекке қояды.
Діні бір тілі бір Орта Азия хандықтары қазақтарға қол ұшын бермейді , қайта әлсіреген Қазақ хандығының жақсы жерлерін алып қалуға тырысады. Ал Ресей болса да көмектеспейді. Оның саясаты белгілі. Сондықтан Абылай туған халқының қажыр-қайратына ғана сенеді. Елді жауға қарсы жұмылдырып, Қазақ Ордасының әскери қуатын арттырады. Үш жүзді біріктіріп, Отанды қорғауда азаттық күреске бастайды. 1739 ж күзде Қалдан-Сереннің таңдаулы әскербасы Серден 30 мың әскермен Сары-Арқаға басып кірді . Бейқам болмаса да , дәл осы кезде шабуыл күтпеген қазқтар ығысы соғысқанымен , жаудың бетін қайтарады.
Бірақ көп ұзамай Қалдан-Сереннің тағы бір қолбасы Сары –Мәнжі бастаған қалың қол шығады.Абылайдың басшылығындағы қазақтардың көп шығынға ұшыраған қорғаныс соғыстары бүкіл қыс бойына созылады.
1740 ж күзде Септен бастаған ойрат әскері қайтадан Сары-Арқаға қарай шабуылдады. Бұл жолы жауды күтіп сақ отырған Абылай қарсы шабуылға көшеді бірнеше үлкен-кішілі ұрыста қалмақты ойсыраған шығынға ұшыратады, бетін қайырып , ел іргесін бекітеді.Алайда, қыс ортасында 1741 ж ақпан айында Септен мен Қалдан Сереннің үлкен ұлы Лама Доржы бастаған 30 мыңдық ойрат әскері жолындағының бәрін жайпаған жаңа жорыққа шығады. Бұл жолға қанды шайқастар қыстан озып, жазға ұласады. Қысқы майданда Есілге ,Тобылға дейін ығыса ұрысқан қазақтар жазға қарай қайтадан күш алады. Абылай үлкен майдан ашып , шешуші бір ұрыста жоңғар қолын талқандайды, тарихи деректердің айтуынша , бұл ұлыста қалмақ әскерінің оң қанаты түгелге жуық қырылыпты.
1741 ж Бүкіл жаз бойына созылған аумалы –төкпелі күрес үстінде екі жақ та көп шығынға ұшырайды, екі жақта алға қойған мақсаттарына жете алмайды .Бірақ жоңғардың заманы бірте-бірте өте бастағаны , ал әлсіреген қазақ елінің күш-қуаты толыса бастағаны айқын көрінеді.
Міне осы кезде, яғни 1741 ж жазда небәрі 200 адаммен ғана жолдғынға шыққан Абылай тұтқиылдан қалың әскерге кездесіп, қоршауда қалады , арпалыса соғысқан шағын жасақ түгелге жуық қырғын тауып , сұлтанның өзі тұтқынға алады. Содан 1743 ж қыркүйекте босатылғанға дейін тұтқында болады. Қалдан Серен өз тұтқыны Абылаймен 1743 ж қазақ-жоңғар арасында бейбіт келісім жөнінде шарт жасасады. 1745 ж Қалдан Церен қайтыс болғаннан кейін нояндар арасында таққа таластық өрістеді. Құдіретті әміршінің өзінің өсиетіне орай , қалмақ нояндары Қалдан цереннің 2- ші ұлы Цедан Доржыны қонтайшы сайлады. Оның билігі ұзаққа бармайды, көп ұзамай оны таққа таласқан ағасы Лама Доржы өлтіреді , өзі қонтайшы болып сайланады. Лама Доржының қарсыластары таққа таласушылар- Дауаци мен Әмірсана 1751 ж күзде қазақ Ордасына-Абылай ханға қашып келіп бас сауғалайды. Жоңғар билеушісі Дауаци мен Әмірсананы дереу қайтаруды талап етеді. 1752 ж күзінде Абылай Ұлытауда үш жүздің басшы өкілдерін жиып, кеңес ашты. Біраз ел басылары оның ішінде Әбілмамбет хан да бар қонтажының қаһрынан қорқып, қашқындарды ұстап беруді ұсынады. Абылай ойрат елшілеріне : “Дауаци мен Әмірсана өз аяқтарымен келді, ата дәстүрімізде пана сұрап келген мейманды жауға бермейді” деп мәлімдейді. Лама Доржы 1752 ж қыркүйекте Сайын –Белек , Батұр-Үбашы дейтін қолбасылары бастаған 20 мың әскерімен елшетіне тиеді. Осы қырғын соғыста қалмақ әскерін тас талқан етіп жеңеді. Жоңғар мемлекетінің іріп-тозу кезеңіне бет алғанын анық аңдып , уақыт ұтуға тырысады, жауын жеңе тұра бітім туралы ұсыныстарымен елшілік аттандырады. Ал, Лама Доржы бітімге көнбейді. Осы кезде Абылай Дауаци мен Әмірсананың 150 нөкеріне таңдаулы 500 сарбаз қосып ,қиғаш жолмен Жоңғарға ,Лама Доржы ордасына аттандырады. Бар әскері майданға кеткен , қорғаусыз қалған хан ордасын шауып, Лама Доржыны өлтіреді. (1753 ж 12 қаңтар ) Енді Дауаци билікке келіп ,Абылаймен келісім бойынша қзақ жеріндегі соғысып жатқан әскерлерін елге қайтарып алады.
1753-1754 жж Бөгенбай ,Қабанбай, Керей Жәнібек, Жанатай, т.б. батырлар бастаған қазақ жасақтары қысы жазы демей әлденеше рет Жоңғарды шауып қайтты. Ауыр жеңілістерге ұшыраған , жаны қысылған Дауаци тіпті орыс үкіметінен көмек сұрайды. Дауаци мен Әмірсана арасындағы ақырғы шешуші бір соғыста ойсырай жеңілген Әмірсана Қытайға қашады. Бірақ Абылай тоқтамайды. Дауаци 1754 ж күзде біржолата талқандалады.Күзгі жеңіс қысқы майданға ұласады. Сөйтіп , ешбір халықтың тарихында болмаған 150 жылдық , тіпті кейбір деректер бойынша 200 жылдық қазақ-ойрат соғысында қазақтар түпкілікті жеңіске жетеді.
Бақылау сұрақтары.
1.18 ғ 40 жж дипломатиялық қатыныстар.
2.Қазақ билеушілерінің Хиуа , Бұқара Башқұрттармен қарым-қатынасы.
3.Әбілқайырдың Орынбор әуімшілі мен қарым-қатынасының шиеленісуі.
4.Нұралы хан Кіші жүзде ішкі қарама-қайшылықтарының шиеленісуі.
5.“Қатаң” және “майда” саясатының ұштастырылуы.
СӨЖ тапсырмалары.
1.Шаруашылық
2.Қазақ-орыс экономикалық байланыстарының қатаң жоюы.
3.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
Сабақ 10
Абылай хан елді басқыншы жаудан азат ету жолындағы азаттық күресті басты ұйымдастырушы.
Ауызша сауалнама
1.Үш жүздің басын біріктіріп, Отанды жаудан қорғап қалған және Ресей мен Қытай империялары арасында өзінің кемеңгер саясатымен елдің амандығын, тәуелсіздігін сақтап қалған хан?
2. Абылай ханның өмір сүрген жылдары?
3. Абылай хан неше жасында өзінің тұңғыш тарихи ерлігін жасады?
4.. Абыай ханның шын есімі?
5. Жоңғар огрециясына байланысты Абылай ханның ұстанымы, оның Әбілхайыр,Сәмеке т.б. хандардан айырмашылығы қандай болды?
6. Абылай ханның қазақ халқынының тағдыры қыл үстінде тұрған ауыр кезде Ресей мен Қытай империялары арасындағы қары қатынасы қандай болды.
7.. Абыайды қай жылы ресми түрде Түркістан қаласының үш жүз өкілі ақ киізге көтеріп хан сайлады.
8. И. Кириллов бастаған Орынбор экспедициясы өз қызметін қашан бастады.
Сабақ 11
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты.
(1 сағат)
Жоспар :
-
Абылай –ханның Ресей және Қытай империялары арасындағы ұстанған саясаты
-
Абылай –ханның ішкі саясаты.
-
“Шаңды жорық” оқиғасы.
-
Қырғыз шапқыншылығын тойтару.
-
Оңтүстік Қазақстан өңірін қайтаруы
-
Абылай –ханның Ресей және Қытай империялары арасындағы ұстанған саясаты
Теориялық мәліметтер:
18 ғ 70 жж басында Қазақстанда жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалы Абылай болатын, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 ж Цинь билеушілерімен жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. Сондықтан Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін 1771 ж үш жүздің игі жақсылықтары Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп, үш жүздің ханы етіп жариялады.
Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз болған жоқ. Сұлтандардың біраз бөлігі , әсіресе Барақ пен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы кейбір ру басылары оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орсан зор беделі қазақтарды ханға бағынышты ұстады. Осындай кезеңде Абылай қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтандыру жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді.Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.
Бақылау сұрақтары
-
Аңырақай шайқасынан кейінгі жағдай. Ұлы жүздің жоңғар езгісіне қалуы.
-
Тарих сахнасына Абылайдың шығуы. Абылай ханның шығу тегі, жастық өмірі.
-
Абылай хан – ұлы қолбасшы батыр, Отанды азат етуді басты ұйымдастырушы.
-
Абылайдың жоңғар билеушілерімен қарым-қатынасында ұстанған саясаты. Қазақтардың толық жеңіске жетуі.
-
Абылай ханның Ресей мен Қытай империялары арасында ұстанған саясаты. Абылай – ұлы саясаткер.
Сабақ 12
Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысу (1773-1775 жж)
(1 сағат)
Бақылау жұмысы.
1. Қазақтардың Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысу (1773-1775 жж)
2.Көтерлісітің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.
3. Көтерлісітің басталуы және кезеңдері.
4.Кіші жүз қазақтарының көтерліске қатысуы
5.Орта жүз қазақтарының көтерліске қатысуы
-
ж оқиғалар
6.Көтерілістің жаңа кезеңі
7.Көрінбейтін адам қозғалысы.
8.Жеңілу себептері және тарихи маңызы
Сабақ 13 .
Кіші жүздегі С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.(1783-1797жж)
(1 сағат)
.Жоспары:
-
Көтерілісітің себептері, сипаты және қозғаушы күштері.
-
С.Датұлының тарихи бейнесі.
-
Көтерілісітің басталуы және алғашқы барысы
-
Кіші жүздегі ішкі күрес.
-
Сырым жаңашыл реформатор
-
Көтерілісітің 90 жж жаңа кезеңі
-
Хандық биліктің қалпына келтірілуі.
-
Жеңілу себептері және тарихи маңызы
Теориялық мәліметтер:
Көтерілістің себептері мен алғышарттары:
1.Жер мәселесі .Еділ мен Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді патша өкіметінің тартып алып, ол жерлерге қаптата бекіністер салынуы. Нәтижесінде қазақтардың жері тарылып, көшіп қону жүйесінің бұзылуы.
2.Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдар жасап, адамдарын өлтіріп, тұтқындап , малдарын айдап әкетіп отырды.
3.Нұралы хан оның айналасындағылардың қарапайым халыққа озбырлығы.
Көтерілістің мақсаты:
1.Патша өкіметі тартып алған шұрайлы жерлерді қайтарып алу , көшіп –қону жүйесін қалпына келтіру.
2.Орал казак әскерлерінің қазақ ауылдарына шабуылдарын озбырлықтарын тоқтату.
3.Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығы.
Көтерілістің сипаты: отаршылдыққа қарсы бағытталды.
Көтерілістің басты қозғаушы күші : көшпенді қаақ шаруалары болды.
Көтеріліс аумағы: Еділден Арал теңізіне дейінгі Кіші жүз аумағын қамтиды.
Ұлтазаттық көтерілісті Байбақты руынан старшыны , әрі батыр , әрі би, шешен Сырым Датұлы (1742-1802жж) басқарды. Сырым 1775 ж Пугачев көтерілісіне белсене қатысқан еді. Ол туралы орыстың атақты қолбасшысы Суворовтың граф Папинге жазған хатында айтылған.
1778 ж Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балаларының қайтыс болуы оны қатты ашындырды.
1783 ж күзінде Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде қарсыласу бастылды.
1783 ж желтоқсанда Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды. Бірақ 1784 ж көктемде оны Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан тұтқыннан босатады.
1784 ж маусымда –Сырымның Орал казак әскерлерімен нағыз кескілескен күресі басталды. Қазақтар төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі аймақтарына шабуылдар жасады. Сырымның тобы Сағыз өзені бойына топтасып, 1000 адамға жетті.
1785 ж 17 ақпанда көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың , ал 15 наурызда әскери старшиналар –Калпаков пен Пономеревтың отрядтары шықты.
1785 ж Сырым Сахарная бекінісіне ,Антонов корпусына шабуыл жасады. Бірақ қамалдағылар дайын отырып , зеңбіректермен атқылап ,Сырым оларды ала алмады.
Көтерілістің қайта өрлеуіне Орал казак әскерлерінің қазақтарға шабуылдары түрткі болды. Оның кеңейе түсуіне 1790 ж тамызда Уфада Нұралы ханның қайтыс болуына байланысты патша өкіметінің 1791 ж халық жек көретін оның інісі Ералыны Кіші жүзге хан сайлауы әсер етті. 1792 ж Сырым бастаған көтерілісшілер Елек қалашығына шабуыл жасады. Бірақ ала алмады. 1794 ж жазда Ералы хан қайтыс болды. 1796 ж қазанда Нұралының ұлы Есім хан болып жарияланды. 1796 ж қысында қатты жұт болды, мал жаппай қырылып, ашаршылық болды. Осындай ел басына күн туған ауыр жағдайға қарамай Есім хан қарапайым халықты аямай қанады. Халық 1797 ж наурыздың 26 нан- 27 не қараған түні хан ауылына шабуыл жасап Есімді өлтіреді. 1797 ж қазанда хан етіп Айшуақты бекітті. Ол жасы келген қария адам болатын, ру басы старшындар мұны дұрыс көрді.
Бақылау сұрақтары.
1.Ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, себептері, сипаты және қозғаушы күштері.
2.Сырым Датұлы – даңқты батыр, от ауызды шешен, жаңашыл реформатор, азаттық күрестің көсемі.
3.Көтерілістің басталуы және барысы.
4.Игельстрам реформасы, оның мәні.
5.Патша өкіметі және Сырымның ой әрекеті: мүдделер қақтығысы.
6.Сырымның реформалары.
7.Көтерілістің 20 ж.ж. жаңа кезеңі.
8.Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы
Сөж тапсырмалары.
1Көтерілісітің себептері, сипаты және қозғаушыК күштері.
2.С.Датұлының тарихи бейнесі.
3.Көтерілісітің басталуы және алғашқы барысы
4.Кіші жүздегі ішкі күрес.
5.Сырым жаңашыл реформатор
6.Көтерілісітің 90 жж жаңа кезеңі
7.Хандық биліктің қалпына келтірілуі.
8.Жеңілу себептері және тарихи маңызы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3 том. А, 2002 ж.
2.Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдықтар ақиқаты. Алматы, 1992 ж.
3.Асфендияров С. Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы. А, 1993 ж.
4.Мамырұлы К. Қазақ тарихы. Алматы, 1995 ж.
5.Әбдіәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы, 1995 ж.
6. Маданов Х. Қазақ халқының арғы-бергі тарихы. Алматы, 1995 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7.Левшин А. Описание киргиз-кайсащиих или киргиз-казачьих орд и степей. Алматы, 1996 г. (второе издание).
8.Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758). М, 1965 г.
9.Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы., 1993 ж.
10.Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1992 ж.
көрді. Сырым 1797 ж Хиуа хандығына өтіп кетті.1802 ж белгісіз себептермен қайтыс бол
Сабақ 14
Қазақстанның 18 ғ мәдениеті.
Реферат тақырыптары.
1.Украйнаның ұлы ақыны Т Шевченко Қазақстанда қай
Жылдары айдауда болған жылдары.
2.Қай ақын «Менің ойларым» деген өлеңінде қазақ және
украин халықтарының өмірін салыстыра жырлайды?
3.Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық кітапхана қай жылы, қай
қалада ашылды?
4.Қазақ жерінде айдауда болған, орыс демократиялық
Қозғалысының мүшесі, Абайдың жақын досы?
5.Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан қазақ
балаларына арналған мектеп қашан ашылды?
6.Ы. Алтынсарин Торғайда қазақ балаларына арналған
мектепті қашан ашты?
7. Ы. Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздарына
арналған мектеп қашан және қай қалада ашылды?
8.Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей Ордасында
Алғашқы діни емес мектеп қашан ашылды?
9.Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі қай жылы, қай жерде ашылды?
10.1848-1849жж Ресейдің Ғылым Академиясы Қазақстандағы
арал теңізін зерттеу үшін жіберген экспедицияны басқарған генерал-лейтенант?
11.19ғ 1-жартысында орыстың атақты тарихшы ғалымы
А. Левшиннің жазған үш томдық кітабы қалай аталады?
12. Орыстың ұлы ақыны А.С Пушкин19ғ 30жж Қазақстанға не мақсатпен келді?
13. 19ғ 30жж Пушкин Қазақстанда болған жерлер?
14. А.С Пушкин Оралда қай поэманы қағазға түсірді? 15. Белгілі орыс жазушысы В.И Даль өзінің қай шығармасында
Орынбор өлкесіндегі қазақтардың өмірін сипат
Сабақ 15
19 ғ бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Мал шаруашылығындағы өзгерістер.
2.Қазақстанмен Ресей арасындағы сауда айналымы және оның сипаты.
3.Қазақстанның Қытаймен сауда-экономикалық байланыстары.
4.Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер
Теориялық мәліметтер:
Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы және Сырым батыр бастаған көтеріліс Қазақстанда хандық биліктің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюды, оны тікелей өз әкімшіліктеріне бағындыруды көздеді.
1781 ж Абылай хан қайтыс болған соң , оның үлкен ұлы Уәли Орта Жүзге хан болған еді. Бірақ патшаөкіметі Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, 1815 ж Орта Жүзге екінші хан етіп , Бөкейді тағайындады. 1817 ж Бөкей , 1819 ж Уәли хан қайтыс болды. Бұдан соң Орта жүзге жаңа хан тағайындалмады. Патша өкіметі хандық билікті жоюға тырысты. 1822 ж Сібір генерал-губернаторы Спенарский , кейін декабрист болған Ботеньковтың көмегімен “Сібір қырғыздары туралы жарғыны” жасады. Бұл Спенарский реформасы бойынша бүкіл Сібір екі бөлікке бөлінді. :1.Шығыс Сібір, Орталығы Иркутск, 2., Батыс Сібір орталығы –алғашында Тобыл ,Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қырғыздарының облысы ” округтарға , округтар-болыстарға , болыстар-ауылдарға бөлінді. 10 округқа –15-20 болыс кірді., болысқа –10-12 ауыл , ал ауылға –50-70 шаңырақтан тұрды. Округтарды басқару округтік приказдарға жүктіліп , ол тікелей Омбы облыстық басқармасына бағынды. Ал округты билеу аға сұлтанның қолында болды. Бірақ аға сұлтан билігісөз жүзінде ғана еді. Іс жүзінде ол бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сатылын соғатын құралға айналды. Аға сұлтандарды сайлауда бұрынғы хан сайлағандай ақ киізге көтеру әдісті қолданды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды және оларды халық емес сұлтандар өз араларынан біреуін сайлады. Аға сұлтандыққатаасқан шонжарлар арасында өзара қақтығыс, алдау , сатып алу, пара т.б. үйреншікті құбылысқа айналды.
Болыстарды –болыс сұлтандары басқарды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды және болыстық билік мұрагерлікпен берілді . Ауылдарды- ауыл старшиндары басқарды. Олар да аға сұлтан сияқты үш жылға сайланды.
Реформа сот жүйесіне өзгеріс енгізді. Оның мақсаты-Қазақстанға жалпы империялық заңдарды енгізу еді. Енді бұрынғы дәстүрлі билер соты тек ру іші , руаралық және ауылдар деңгейде ғана қолданды. Ал негізгі қылмыстық істердің бәрі , мыс , мемлекетке опасыздық , кісі өлтіру , тонау , өкіметке бағынбау т.б. империялық заңдар негізінде сотталды.
1824 ж Ресей үкіметі “Орынбор қырғыздары туралы Жарғыны ” қабылдап бекітті.Ол жарғыны жасаған Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен. Жарғы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды. Кіші жүзді басқару үшін Шекаралық комиссия деген құрылды. Кіші жүз 3 бөлікке : шығыс , орта , батыс бөлікке бөлініп басқарылды. Әр бөлікті Орынбор губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Олар іс жүзінде шекаралық комиссияның чиновниктері болды.
1831 ж дейін үш бөліктің қазақтары шартты түрде бекініс шебіне жақын жердің қазақтары және қырдың қазақтары деп бөлінді.
1831 ж бастап бекініс шебі мен шекара өңіріне жақын жатқан халықтың арасындадистанциялар деп талатын екі қамал арасындағы әкімшілік учаскелер ұйымдастырылды. 19 ғасырдың ортасына дейін 54 дистанция ашылды.
Осылайша 1822 ж Орта жүзде , 1824 ж Кіші жүзде хандық билік жойылды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы 1801 ж құрылған Ішкі Орда және Бөкей хандығы ғана 1845 ж жылға дейін сақталған.
Бақылау сұрақтары
-
Патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюының себептері, мақсаты.
-
“Сібір қырғыздары туралы Жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
-
“Сібір қырғыздары туралы Жарғы” бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік-саяси өзгерістер.
-
“Орынбор қырғыздары турыл Жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
-
“Орынбор қырғыздары турыл Жарғы” бойынша Кіші жүзде құрылған әкімшілік-саяси өзгерістер.
-
1822-1824 ж.ж. әкімшілік-саяси реформалардың отаршылдық мәні және салдары.
Сабақ 16
Қазақтардың 1812 ж соғысқа қатысуы.
Бақылау сұрақтары.
1.Қазақстанда хандық билік қашан жойылды.
2. Сібір қырғыздары туралы жарғы. Бойынша қай жүзде хандық билік жойылды.
3.Сібір қырғыздары туралы жарғыны кім жасады.
4.Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша Орта жүздің басқару жүйесінің буындары.
5. Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша аға сұлтан неше жылға сайланды.
6.Аға сұлтанды (Сібір қырғыздарының жарғысы бойынша) кімдер сайлады
7.Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды.
8. Орынбол қырғыздары туралы Жарғыға сай Кіші жүз қалай бөлінді.
9. Бөкей ордасындағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы Бастаған ұлт азаттық көтеріліс
Сабақ 17.
Қазақстанда хандық биліктің жойылуы.
(1 сағат)
Жоспары:
.
1.1822 ж Сібір қырғыздары туралы Жарғы :Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж Орынбор қырғыздары туралы Жарғы: Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
Теориялық мәліметтер:
Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы және Сырым батыр бастаған көтеріліс Қазақстанда хандық биліктің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген хан патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюды, оны тікелей өз әкімшіліктеріне бағындыруды көздеді.
1781 ж Абылай хан қайтыс болған соң , оның үлкен ұлы Уәли Орта Жүзге хан болған еді. Бірақ патшаөкіметі Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, 1815 ж Орта Жүзге екінші хан етіп , Бөкейді тағайындады. 1817 ж Бөкей , 1819 ж Уәли хан қайтыс болды. Бұдан соң Орта жүзге жаңа хан тағайындалмады. Патша өкіметі хандық билікті жоюға тырысты. 1822 ж Сібір генерал-губернаторы Спенарский , кейін декабрист болған Ботеньковтың көмегімен “Сібір қырғыздары туралы жарғыны” жасады. Бұл Спенарский реформасы бойынша бүкіл Сібір екі бөлікке бөлінді. :1.Шығыс Сібір, Орталығы Иркутск, 2., Батыс Сібір орталығы –алғашында Тобыл ,Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қырғыздарының облысы ” округтарға , округтар-болыстарға , болыстар-ауылдарға бөлінді. 10 округқа –15-20 болыс кірді., болысқа –10-12 ауыл , ал ауылға –50-70 шаңырақтан тұрды. Округтарды басқару округтік приказдарға жүктіліп , ол тікелей Омбы облыстық басқармасына бағынды. Ал округты билеу аға сұлтанның қолында болды. Бірақ аға сұлтан билігісөз жүзінде ғана еді. Іс жүзінде ол бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сатылын соғатын құралға айналды. Аға сұлтандарды сайлауда бұрынғы хан сайлағандай ақ киізге көтеру әдісті қолданды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды және оларды халық емес сұлтандар өз араларынан біреуін сайлады. Аға сұлтандыққатаасқан шонжарлар арасында өзара қақтығыс, алдау , сатып алу, пара т.б. үйреншікті құбылысқа айналды.
Болыстарды –болыс сұлтандары басқарды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды және болыстық билік мұрагерлікпен берілді . Ауылдарды- ауыл старшиндары басқарды. Олар да аға сұлтан сияқты үш жылға сайланды.
Реформа сот жүйесіне өзгеріс енгізді. Оның мақсаты-Қазақстанға жалпы империялық заңдарды енгізу еді. Енді бұрынғы дәстүрлі билер соты тек ру іші , руаралық және ауылдар деңгейде ғана қолданды. Ал негізгі қылмыстық істердің бәрі , мыс , мемлекетке опасыздық , кісі өлтіру , тонау , өкіметке бағынбау т.б. империялық заңдар негізінде сотталды.
1824 ж Ресей үкіметі “Орынбор қырғыздары туралы Жарғыны ” қабылдап бекітті.Ол жарғыны жасаған Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен. Жарғы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылды. Кіші жүзді басқару үшін Шекаралық комиссия деген құрылды. Кіші жүз 3 бөлікке : шығыс , орта , батыс бөлікке бөлініп басқарылды. Әр бөлікті Орынбор губернаторы тағайындаған сұлтандар басқарды. Олар іс жүзінде шекаралық комиссияның чиновниктері болды.
1831 ж дейін үш бөліктің қазақтары шартты түрде бекініс шебіне жақын жердің қазақтары және қырдың қазақтары деп бөлінді.
1831 ж бастап бекініс шебі мен шекара өңіріне жақын жатқан халықтың арасындадистанциялар деп талатын екі қамал арасындағы әкімшілік учаскелер ұйымдастырылды. 19 ғасырдың ортасына дейін 54 дистанция ашылды.
Осылайша 1822 ж Орта жүзде , 1824 ж Кіші жүзде хандық билік жойылды. Тек Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы 1801 ж құрылған Ішкі Орда және Бөкей хандығы ғана 1845 ж жылға дейін сақталған.
Бақылау сұрақтары
-
Патша өкіметінің Қазақстанда хандық билікті жоюының себептері, мақсаты.
-
“Сібір қырғыздары туралы Жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
-
“Сібір қырғыздары туралы Жарғы” бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік-саяси өзгерістер.
-
“Орынбор қырғыздары турыл Жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
-
“Орынбор қырғыздары турыл Жарғы” бойынша Кіші жүзде құрылған әкімшілік-саяси өзгерістер.
-
1822-1824 ж.ж. әкімшілік-саяси реформалардың отаршылдық мәні және салдары.
СӨЖ тапсырмалары.
1.1822 ж Сібір қырғыздары туралы Жарғы :Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
2.1824 ж Орынбор қырғыздары туралы Жарғы: Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
Сабақ 18
Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.
Тестілік сауалнама
1.Тастөбе шайқасы қашан болды?
А) 1835 ж. 15 қарашада
В) 1836 ж. 15 қарашада
С) 1837 ж. 15 қарашада
Д) 1838 ж. 15 қарашада
Е) 1839 ж. 15 қарашада
2.Ақбұлақ шайқасы қашан болды?
А) 1834 ж. 12 шілде
В) 1835 ж. 12 шілде
С) 1836 ж. 12 шілде
Д) 1837 ж. 12 шілде
Е) 1838 ж. 12 шілде
3.И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс барысындағы оқиға?
А) Нұралы ханды тақтан тайдырды
В) Жәңгір хан Ордасын қоршау
С) Сатқын сұлтан А.Жантөриннің отрядын талқандау
Д) Подполковник Рудкиннің отрядын талқандау
Е) Орынборды қоршау
4..Махамбеттің өлеңінен көтерілістің себептері мен мақсаттарын көре аламыз?
А) “Еділ үшін егестік”, ”Мен мен едім”
В) “Мұнар күн”, ”Қызғыш құс”
С) “Мінгені Исатайдың ақтабан-ай”
Д) “Әй, Махамбет жолдасым” немесе “Исатайдың сөзі”
Е) Махамбеттің Жәңгір ханға айтқаны
5. Бөкей ордасындағы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы Бастаған ұлт азаттық көтеріліс қай жылдары болды.
Достарыңызбен бөлісу: |