Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру



бет2/7
Дата07.02.2024
өлшемі406.5 Kb.
#491292
1   2   3   4   5   6   7
-dip -avtomabilderdin-jelektrotehnikalyq-zhane-jelektrondyq-zhabdyqtary-kursy-mazmuny-zhane-adistemesi-jasavi-2008-40

1. “КӘсіптiк бiлiм” МАМАНДЫҒЫНА ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ


1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктері.

Педагогикалық мамандар дайындау проблемасы соңғы кездерде оқытуды басқаруды ыңғайластыру кезеңдеріне байланысты бүгінгі күннің еңбір ақуалды мәселелерінің бірі болып отыр.


Жалпы дипломдық зерттеу жұмысы осы мәселе төңірегінде негізінен болашақ оқытушылардың осы сала мамандықтарына ынталығы, қызығушылығының кейбір ерекшеліктеріне бағытталды.
Біздің мақсатымыз: біріншіден, студенттерде "оқытушы" оған деген ынта, қызығушылық тудыруда күрделі обьект ретіндегі мамандық екенін анықтау;
Екіншіден, студенттер арасында мамандыққа қызығушылықгы қалыптастырудың жүзеге асырылуы негіздерін анықтау.
Мұнда біз "Оқытушылықтың" күрделілігін оларды дайындауда үш негіз бар екенін анықтадық.
Бірінші. Оқытушы мамандығы динамикалық, үнемі дамып отыратын обьект болғандықтан олар сатыланған құрылым және кәсіби іс-әрекеттері көп факторлы, уақытқа тәуелді білім, біліктілік пен дағдылар меңгеру, осылардың негізінде өндірістік қатынастарға тиіс тәжірибе меңгеру.
Мұндай құрылым мамандыққа деген студенттердің ынтасын қалыптастыру логикасының ылғашқы этапы деуге болады.
Екінші. Студенттердің меңгеріп жатқан мамандығы жалпы "Еңбек" шеңберінде салыстырмалы обьект болып қалыптасады. Осыған байланысты "Инженер-педагог" деген салаға көбірек бейімделеді.
Үшінші. Негізінен екінші фактордың негізінде қалыптасады деуге болады, мұнда белгілі салада еңбек ету, немесе сол сала үшін мамандар дайындау бағытында еңбек етуде адам өзін белгілі бір кәсіп ішіндегі мамандықты толық меңгеруге тиісті квалификацияға ие болуға ұмтылады.
Жоғарыда анықгалған факторлар негізінде біздің ойымызша мұғалімнің ең маңызды ерекшелігінде жалпы білім деңгейі сипат алуы тиіс. Жоғары оқу орындары үшін мамандыққа дайындау процестер, құбылыстар, заңдар мен зандылықтардың ғылыми негізінде құрылуы тиіс. Тек осы бағытта ғана мамандыққа деген ынталылық /қызығушылық/ арттыра алады.
"Кәсіптiк бiлiм" профилінде біз бағытқа үстанған осы жай, мамандыққа қызығушылық қалыптастырудың бірнеше деңгейде өтетінін анықтайды.
Дипломдық жұмыс білім және мәдениет мамандықтарының оқу-әдістемелік бірлесітігінің ұйымдастыруымен құрастырылған “Кәсіптiк бiлiм” профилі бойынша жасалған бағдарламалар проектілерін талқылау кезеңдерінен басталады.
Дегенмен, зерттеу "оқытушы" мамандықтары бойынша қарастырылғандықтан, осы мамандыққа байланысты негізінен бес проблемаға назар аудардық және оны еңбек, кәсіптiк бiлiм мамандықтарынан басқа гуманитарлық мамандықгар бойынша да жүргізуді лайық деп таптық.
Сұралған студенттер үшін мамандыққа байланысты ең маңызды деген педагогикалық проблемаларды атауды ұсындық.
Интервью барысында:

  1. "Еңбекке", " Кәсіптiк бiлiмге";

  2. Оқыту процесін жетілдіру мәселелеріне;

  3. Қазіргі заман оқытушысының орны мен роліне назар аударуларына көңіл бөлдік.

Алынған нәтижелер төмендегілерді анықтады.
1. Қазіргі өмір талабына сәйкес жалпы, кәсіби білім беру мектептерінде "Еңбек",
" Кәсіптiк бiлiм " белгілі бір кәсіп иесі болуға бағыттауы қажет. /50,98 / %.
2. Сұраққа алынған кейбір студенттер мұғалімдік мамандық проблемаларына назар аудармайды. /27,45/%.
Сұрақ негізінде оку практикасына бармаған курс студенттері-мен жүргізілді.
Мұндай жағдайда оқу-тәрбие процестерінің сапасы жөнінде әңгіме қозғау артық та болатынына көзіміз жетті.
Дегенмен, оқу процесінің сапасын арттыру мәселесі:
Біріншіден, мамандық алу сипатында ынталығының барлығы /жалпы кәсіпке емес жеке мамандық иесіне деген/;
Екіншіден, таңдап алынған мамандық мұғалімдік кәсіптің бір жағы ретінде болатындығына тиісті студенттердің оку процесіне деген пікірлері топтастырылды.
Осы ұстанған бағыт бойынша оқытушылық кәсіп проблемасына көзқарас екі тарауға бөлінді:
Біріншісі. Қазіргі кезеңдегі оқытушы кәсібі проблемасы қызықтыратындар- 27,4%
Екіншісі. Оқу процесінің сапасын жетілдіруге байланысты кәсіпке ынталандыру-47,05 %.
Жоғарыдағы зерттеу негіздеріне сүйене отырып, төмендегі пікір талассыз екені анықталады деуге болады, яғни, оқытушылық кәсіпке ынталандыру оқыту процесі деңгейінде жүзеге асырыла алады. Сол себепті де, оқытушылық кәсіпке тарту, кәсіптің мазмұнын белгілі бір обьект ретінде үнемі динамикалық түрде дамытып оқытуды қажет ететінін аңғартты.
Оның ішінде оқытушылық мамандықтарды меңгерудегі оның ғылыми негіздерінің маңызына -47,05 % оқушылар көңіл бөліп отыр. Бұл өмір талабы және соңғы кездердегі өндірістік қатынастардың едәуір диспропорцияға ұшырауының салдары деуге болады.
Жұмысымыздың барысында біздерді қызықтырған және бір мәселе болды. Бұл, кәсіпке, оның ішінде меңгеріп жатқан мамандыққа ал одан таңдап алынған бағыттарды есепке ала отырып кәсіпке деген оқушылардың қызығушылығын зерттеу картинасы тіптен әртүрлі екенін аңғардық.
Біз бағытқа ұсынған " Кәсіптiк бiлiм " проблемасы басқа мамандықтары үшін маңызын түсінушіліктері әртүрлі болып шықты. " Кәсіптiк бiлiм " мамандықтары бойынша оқитындар бұл мамандық проблемасы:
- 91,3 % назар аударса.
тарихшылар-44,7 %
- филологтар-34,1 % ғана көңіл бөлді.
Ал, жалпы оқытушы кәсібінің проблемасына:

  1. филологтар -61,0 %

  2. тарихшылар - 55,3 %

  3. "Еңбек", "Кәсіптiк бiлiм" мамандықтары оқушылары -
    8,7 % ғана көңіл бөлді.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп тұрғандай, оларға талдау жасағанымызда, оқыту сапасының ғылыми деңгейін жетілдіру проблемалары филологтар үшін жоқ деуге болса, "Еңбек", " Кәсіптiк бiлiм " мамандық студенттері мұндай мәселеге тіпті көзқарастарының өзі тиянақты емес екендігіне көзіміз жетті.
Соңғы мәселе, " Кәсіптiк бiлiм " мамандықтары бойынша педагогика, психология мамандықтары алдында оқыту мазмұнының, оқу процесін жетілдіру мәселелеріне деген күрделі сұрақтарды алға тартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет