Сабақ білім сапасын көтеру жобасы Алматы, 2020 ж


Оқушының өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеті -



бет15/24
Дата10.02.2022
өлшемі58.21 Kb.
#455259
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
«Ақылды сабақ - білім сапасын көтеру» жобасы 2021-2122.

Оқушының өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеті - мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын іс-әрекет, бірақ оның ойластырылған тапсырмаларына сәйкес, арнайы берілген уақытта оқушылар өз қабілеттерін, дағдыларын, мүмкіндіктерін қолдана отырып, мақсатқа жетуге саналы түрде ұмтылады. Өз бетімен жұмыс істеу – бұл өзіндік мақсат емес. Бұл - оқушылардың терең және тиянақты білімі үшін қажырлы еңбек құралы, сабақтың тиімділігін арттырудың, оқушының шығармашылық белсенділігін жандандырудың ең қолжетімді және тәжірибеде сыналған тәсілдерінің бірі.

Бұл қызметте мұғалімнің міндеті - мектеп оқушыларын білімді өз бетімен алуға үйрету, өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастыру үшін жүйелі түрде дағдыландыру.

Өзіндік жұмыс барысында мектеп оқушылары ақыл-ой әрекетінің мына компоненттерін игереді: бақылау, салыстыру, талқылау, жалпылау, пайымдау, логикалық әрекеттерді меңгеру.

Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру формалары әртүрлі болуы мүмкін және мұғалімнің қойған міндетіне сәйкес оларды: жеке, топтық, жұптық, сонымен қатар іштей, сырттай және т.б. деп жіктеуге болады. Сабақтың мақсаты - мектеп оқушыларының өзіндік іс-әрекетінің тетіктерін қалыптастыру және дамыту, белсенді өмірлік позициясы мен алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу сияқты тұлғалық қасиеттерді дарыту, өзекті мәселелерді шеше білуге үйрету .


Оқушының сабақтағы өзіндік танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың мынадай негізгі талаптарын орындау маңызды:

1) кез-келген өзіндік жұмыс нақты мақсатты көздейді;

2) әр оқушы жұмысты орындау тәртібі мен тәсілдерін біледі;

3) жұмыс міндетті түрде оқушының білім беру мүмкіндігіне сәйкес келеді;

4) танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады;

5) оқушының қызығушылығын, оны орындауға деген құштарлығын оятуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет