Тоқу техникалары мен тәсілдері



Дата12.09.2023
өлшемі13.47 Kb.
#477229
түріСабақ
document name



Автор: Ақпағамбетова Қарылғаш Сагындыковна
Пән: Көркем еңбек
Сынып: 6-сынып
Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер
Тақырып: Тоқу техникалары мен тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету

Сабақ мақсаттары Білу және түсіну,қолдану

• Барлық оқушылар: Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі тоқу техникалары мен тәсілдерін біледі. • Оқушылардың басым бөлігі:Тақырыпты түсінеді,пікірлерін дәлелдейді,ақпарат алмасады. • Кейбір оқушылар:тоқу түрлерін түсіне отырып практика барысында орындайды

Бағалау критерийлері

• Тоқу өнерінің техникаларын біледі. • Тоқудағы шалу түрлерін үйренеді • Тоқу құралдарын қолданады • Қауіпсіздік ережесін ұстанады

Тілдік мақсаттар

Әртүрлі тоқыма өнерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Оқушылар келесі сұраққа жауап береді: • Тоқу өнерінің түрлерін ата? • Тоқу өнері әртүрлі елдерде қалай көрініс тапқан? • Қазақ халқының қолөнерінде ілмекпен тоқу әдісі туралы не білесің? Тоқу-вязание-кпіtting

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,міндеттерді сезіну Ұқыптылық бір-біріне деген құрмет

Пәнаралық байланыстар

Математика-ілмектерді санайды. Химия-жіптердің химиялық қасиеттері,бояу жұмыстары. Тарих-қолөнер құндылықтары жайлы мағлұмат алады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактив тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

Тоқу өнері туралы оқушылар біледі.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5минут

-Мұғалімнің кіріспе сөзі(Сабаққа психологиялық көңіл күй) Оқу материалдарын тексеру,проблемаларды анықтау және оларды түзеу Шаттық шеңберін құрып бір-біріне жіпті лақтыру арқылы жылы лебіздерін білдіру Оқушыларды түрлі-түсті тоқыма жіптермен топқа бөлу.Қауіпсіздік ережесін ескерту Психологилық ахуал қалыптастыру “Көрші” әдісі Оң жақтағы көршіңді бір құшақта Сол жақтағы көршіңді бір құшақта. Біз үлкен отбасымыз айтады.

Сабақтың ортасы 10минут Химия-жіптердің химиялық қасиеттері,бояу жұмыстары. Тарих-қолөнер құндылықтары жайлы мағлұмат алады.

Тоқу-сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі.қолмен тоқылған бұйымдар өзгешелгі және даралығымен ерекшеленеді.ілмек бізбен тоқылған бұйым өзгеше болады,тығыз,көп созылмайды.Ал,енді жіп түрлеріне келетін болсақ жіптің өзі жасанды және табиғи Есте сақтаңыздар ілмек біз жіптің қалыңдығынан 2-2,5есе жуан болуы керек Оқушылар ілмекпен тоқудың техникаларын топтарда зерттейді, орындалған жұмыстары мен өздерінің бақылау нәтижелерімен бөліседі. Бір-бірін толықтырады және талқылайды: амигуруми - жапондық өнердің бір түрі, жұмсақ, кішкентай ойыншық жануарларды ілмекпен немесе шалма бізбен тоқу; Тоқыма түрлері мен техникалары туралы зерттеу жұмыстарынан кейін оқушыларды тоқыма материалдарымен таныстыру: жүн тоқыма жіптері (мохер, ангора, кашемир, альпака), мақта мен зығыр жіптері, синтетикалық және жасанды (акрил, нитрон, орлон, акрилан, куртель және т.б.). Ілмекпен тоқуға арналған құралдар: құрамдасқан, сүйекті, ағаш және т.б. ілмек түрлері. Кері байланыс:Сұрақ-жауап Тоқудағы құрал-жабдықтар? Тоқудың қандай түрлерін білесіз? Жіптің түрлері? ҚБ смайликтер арқылы бағалау Бейнероликтер көрсету Практикалық тапсырма Оқушылар топта ілмекпен тоқудың ең жеңіл түрін жасап көреді. * жүрекшені тоқу; * гүл тоқу; Дискриптор -Шалу түрлерін пайдалана білуі -Шалуының біркелілігіне -Формасы ҚБ Ауызша бағалау

Математика-ілмектерді санайды. 20минут

Қажетті материалдар: Ілмек біз, тоқыма жіптері. Қосымша тапсырма(деңгейлік қабілетіне қарай) шанышқымен тоқу - «U» әріп түрінде майыстырылған қалың сымда ілмекпен тоқу; фриформ – ілмекпен көлемді еркін пішінде тоқу; дискриптор шанышқымен тоқу жұмыстарын жүргізе алады фриформ тоқи алады Сергіту сәті: Көзімізге,қолымызға жаттығу жүргіземіз Ой жинау:әр топ өз жұмыстарын қорытындылап жинақтап қорғайды. ҚБ: «От шашу»

Сабақтың соңы 5минут

Бағалау Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаймыз, «Жұмыстар көрмесі» «шебер қол»атағын алу. Рефлексия: Қиындықтар Себебі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет