Проблемалық сабақ – проблемалық жағдаятты құру негізінде оқытуды ұйымдастыру формасы. Проблемалық оқытудың мақсаты – себеп-салдарлық байланыстарды айқындау негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыру.
Оқушылар мәселенің кез келген әрекетте көрініс табатын қарама-қайшылық екенін білуі тиіс. Проблемалық оқыту – нақты сипаттамалар бойынша көру мен айқындау біліктілігіне, сондай-ақ, мәселелерді шешуге бағытталған оқыту технологиясы.
Проблемалық сабақтар мұғалімнен оқушылардың өздері ашуы тиіс беймәлім ұғым ретінде оқу материалын беру шеберлігін талап етеді.
Проблемалық оқыту – қалыптасқан қарама-қайшылықтарды шешудің жаңа тәсілдерін табуға баулу. Мұғалімнің міндеті – сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық ойлау қызметін жандандыру негізінде оқу қызметін ұйымдастыру, бұл жағдайда кейбіреулері таңдау әдісін, ал басқалары жоққа шығару әдісін, т.б. қолданады. Оқушылардың ойлау қызметінің заңдылықтарын білмей, проблемалық оқытуға бағытталған сабақ беру мүмкін емес.
«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасын іске асыру
«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасы қалалық «Педагог-шебер – озат тәжірибе» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады.
Ұсынылып отырған «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасының мәні - қызықты әдістемелер мен тиімді тәсілдерді іздеу мен құрастыруда, оларды сабақта қолдануда жатыр.
Жоғарыда қарастырылған сабақтардың түрлерін мұғалім «Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» құрастыру үшін тиімді қолдана алады. Мұғалім нақты әдіс, тәсіл, технологияларды оқытудың тиімділігін арттыруда, білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыруда қалай жұмыс істейтіндігін көрсетіп, өз жұмысына талдау жасайды. Талдау барысында педагогикалық, психологиялық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілер өзара тығыз байланыста болуы тиіс.
Сабақтың ұтымды жақтарын бағалауға, ықтимал резервтері мен мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін рефлексия болуы керек.
Өткен оқу жылында жобаны жүзеге асыру барысындағы тәжірибені ескере отырып, жоба бойынша Әдістемелік ұсынымдарға келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
Достарыңызбен бөлісу: |