Сабақ әдісі: сұрақ жауап, оқулықпен жұмыс, альтернатив тест, интерактивті тақтамен жұмыс, салыстыру. Көрнекілігі: компьютер, слайдтар. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а оқушылармен амандасу б көңілдерін сабаққа аудару


Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас



бет2/2
Дата10.10.2022
өлшемі81.5 Kb.
#462345
түріСабақ
1   2
Аралас курмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шартты бағыныңқы сабақтастың бағыныңқының жасалу жолдарын ұғындыру, өзге сабақтас сөйлемдерден ажырата білуге дағдыландыру, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату. Білім, білік дағдыны қалыптастыру.


Тәрбиелік мақсаты: Ана тілінің терең иірімдеріне бойлай білуге үйрету, туған тілін шексіз сүйге, құрметтей білуге баулу.


Дамытушылық мақсаты: Өткен және жаңа сабақты салыстырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, талдау жасау, жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлануын дамыту.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.


Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, талдау, салыстыру, сын тұрғысынан ойлау.


Сабақтың көрнекілігі: Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер, мәтіндер, плакат.


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, назарларын сабаққа аудару.


Ұнтаспадан «Қазақ тілі – ұлт тілі» тақырыбында көркемсөз тыңдату. Сонымен, қазақ тілі – ана тіліміз. Әуезде естілетін көркем сұлу бай тіл екен. Біз тілімізіді мақтаныш тұтуымыз керек. Ана тілі арқылы бойымызға терең білім аламыз. Бүгінгі қазақ тілі сабағында қазақ тілінің бүге – шүгесіне, терең иіріміне жол саламыз.


I. Білімді тексеру. Үйге берілген тапсырмаларды сұрау.


1 – кеспе.


Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын түсіндір.


2 – кеспе.


Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер қалай аталады?


3 – кеспе.


Бағыныңқы, басыңқы сөйлем дегеніміз не?


4 – кеспе.


Сабақтас құрмаластың түрлерін ата?


Үйде жазуға берілген сабақтас құрмалас сөйлемдерді тексеріп, оқыту.


II. Білімді толықтыру.

Жаңа сабақ: Шартты бағыныңқы сабақтас.


Мысалы:

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?

(М.Ә)

Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?

Тапсырманың берілуін түсіндіріп алмайынша, сауатты орындау мүмкін емес.


Александр Андреевич үндемей қалғанда, жақсы көретін жолдасының бір мінін бетіне айтуды ойлап отыр екен. (Ғ.М)


Сұрақтары: Қайтсе? Қайтпей? Қайтпейінше? Қайткенде?


Шартты бағыныңқының баяндауыштары мыадай жолдармен жасалады:


Етістіктің шартты рай түрінен болады.


– й жұрнақты көсемшенің болымсыз түрінен.


Етістіктің болымсыз түрінен – йынша, - йінше жұрнағы жалғану арқылы.


Есімшеге жатыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады.


Біз сабақтас құрмаластың алты түрі бар дедік. Шартты бағыныңықы сабақтастың баяндауышы ғана шартты райдың – са, – се жұрнағы арқылы жасалмайды екен. Қарсылықты бағыныңықы сабақатас, мезгіл бағыныңқы сабақтас, мақсат бағыныңқы сабақтастардың баяндауыштары да шартты райдың – са, – се жұрнағы арқылы жасалады. Оларды бір – бірінен қалай ажыратамыз? Мына сызбаға қараймыз:


Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалуы.


Шартты рай

- са, - се


Көсемше -ма+й (-ме+й)


-майынша, (-мейінше)


Есімше -ған+да


(-ген+де)


Айырмашылығы


Қарсылықты бағыныңқы


сабақтас.


-са, -се.


да, де шылауының тіркес келуі арқылы.


Мезгіл бағыныңқы сабақтас


-са, -се


Мақсат бағыныңқы сабақтас


-са, -се


деп көмекші


етістігінің тіркес келуі арқылы.


Барып құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді.


Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.


Ол келсе, сабақ аяқталыпты.


Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен.


Арман оқысам деп, қалаға келді.


Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар.


III. Білімді шыңдау.


Балалар, алған білімімізді шыңдау үшін жаттығу жұмыстарын орындаймыз.


125 – жаттығу. Салаласты сабақтастыра байланыстырыңдар.


– Мұны қабыл көрсең, сонда сен де түзелерсің. (Шәкәрім).


Егер Шыңғыс Уәлиханұлы қатынас жазып өтінсе, алдыруға болады.


Айыпқа бұйырмаса, мен өз ауылымның мұңын айтайын.


124 – жаттығу. Берілген шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер.


1. Бұл – французша күрес, екі жауырынның арасын жерге тигізбейінше, жыққанға есептелмейді.


|^^^^^^^^^^| тигізбейінше, | |


2. Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.


|^^^^^^^^^^| қарасаң, | |


IV. Біліммен ой сергіту.


Оқушылардың тапқырлығын, кімнің ойы жүйрік екеннін сұрақтар қою арқылы байқау.


Құрмалас сөйлем кемінде неше жай сөйлемнен жасалады?


Салалас пен сабақтас құрмаластың айырмашылығы неде?


Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез – келген сөз табынан бола бере ме?


Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын ата.


Шартты райлы етістіктен болған сөйлемдердің барлығы шартты бағыныңқы сабақтас бола ма?


Жұмбақ. Бетің кір – кір деген соң,


Қарап едім ұрлана.


Мен сияқты ішінен,


Шыға келді бір бала.


Жұмбақты қара сөзге айналдырып, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.


Сөйлем құру.


Алдыңғысы соңғысына ереді,

Тиянақты жағы тірек болып келеді.


Бұлай байланысқан сөйлемдерде


Қайсысының мағынасын


Қайсысы ашып береді?


V. Біліммен ой толғау.


Көктем, Түркістан, бас қаламыз – Астана туралы шағын мәтін құраймыз. Мәтін ішінде сабақтас құрмалас сөйлемдер жазылуы тиіс.


VI. Білімді қорытындылау.




Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет