Сабақ. Гендік инженерия. Инженерлік энзимология. Амин қышқылдарының өндірісі



бет7/7
Дата12.01.2024
өлшемі78.33 Kb.
#488956
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Лекция - 2

Ферменттерді иммобилиздеу - бұл бос ерітінді фазасынан бөлінген, бірақ онымен субстрат, эффектор немесе ингибитор молекулаларымен алмасуға қабілеті бар қандай да бір фазаға биокатализатор молекуласын қосатын әдістеме. Мұндай бекіген ферменттер біртіндеп өте тұрақтана түседі. Айлар бойы, тіпті ұзақ жылдар бойы әрекет жасаған иммобилизденген ферменттер белгілі, олар іс жүзінде жақсы химиялық катализаторлардан кем емес. Әдетте клеткадан бөлініп алынған ферменттер тез бұзылады, өзінің активтілігін жоғалтады.
Иммобилизделген ферменттер кең көлемде амин қышқылы, витаминдер, қант, антибиотиктер және дәрілер сияқты аса тапшы азық- түліктің және жемшөптік заттар өндірісінде қолданыла бастады. Қазіргі кезде мұндай ферменттерді қолданатын кәсіпорындар жүздеген тонна өнім шығарады. Мұндай кәсіпорындарда ағаш ұнтағын, сабанды, мақта сабағын, өсімдік қалдықтарын глюкозаға айналдырады да, кейін одан жемшөптік белок немесе этил спиртін алады.
Соңғы жылдары бұл бағытта ғалымдар алда. Олар ферменттер иммобилизденуінен қажетті ферментті синтездейтін микроорганизмдерді полимерлерге тұрақтандыруға кірісті.
Сүйектің барлық ауруы кезінде қан сарысуында сілтілік фосфотазаның активтілігі артады. Емханаларда кей ауруларды емдеу үшін пепсин, трипсин, химотрипсин сияқты протиолиттік ферменттерді қолданады. Былғары өндірісінде мұндай ферменттер тері өңдеу үшін және былғары шикізатын жұмсарту үшін қолданылады.
Иммобилизделген ферменттердің нативті ферменттермен салыстырғанда елеулі артықшылықтары бар. Мысалы олар реакциялық ортадан оңай бөлінеді. Бұл реакцияны кез келген уақытта тоқтатып, катализатормен ластанбаған өнімдерді алуға және фермент препаратын бір немесе бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді.
Иммобилизация әдістерімен, сәйкес тасымалдаушыларын іріктеп алу ферменттердің арнайылығын көрсететін -РН, температурасына тәуелділігін, және денатурациялаушы әсерлерге тұрақтылығы сияқты қасиеттерін мақсатты түрде өзгертуге болады.
Қорыта келе, инженерлік энзимология қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан биотехнологияның бір бөлігі, мақсаты жаңа биотехнологиялық өндірістерде, органикалық синтезде, терапия және диагностикада жаңа тәсілдерді құру үшін ферментті катализаторларды қолданудың ғылыми негіздерін жасау, сонымен қатар иммобилизденген ферменттердің көмегімен энзимологияның іргелі мәселелерін шешу болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет