Сабақ және оның құрылымы


Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін педагогикалық зерттеу әдістері



бет3/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Көркем еңбек

Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін педагогикалық зерттеу әдістері. Баланың еңбек әрекетін дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артады. Алайда, ол мектепте еңбек іс -әрекетін оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Соңғы психологиялық – педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында , оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйе шеңберінде мектеп оқушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының еңбек іс әрекетінің дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерде қоюға мүмкіндік туғызады. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін, қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты .
Бұл эксперимент біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептен оқушы еңбек әрекетінің дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Екіншіден зерттеу эксперименттік -генетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сәттен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.Жүргізілген зерттеу нәтижесінде бастауыш мектепте баланың екбек әрекетінің мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы -топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет