Сабақ және оның құрылымы


Көркем жұмыста мақсатты экскурсиялар ұйымдастыру



бет43/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Көркем еңбек

Көркем жұмыста мақсатты экскурсиялар ұйымдастыру
«Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі
Экскурсия білім алудың негізгі формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға себепші болған өткен ғасырлардың қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз байланысты болды. Өткен ғасырлардың белгілі мұғалімдері экскурсияны оқу процесінің белсенді түрі деп санаған. Сондықтан экскурсия алғашында мектептерге енгізілген. Табиғатқа шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда бола бастады. Бірақ олар алғашында өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған.Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген. Экскурсияның қызықты болуы өте маңызды. Дегенмен де, ол туристерге қажетсіз мағлұматпен толықпауы қажет, материалды ұсыну әдісі де қиын блмауы керек, оны керісінше оңай әрі түсінікті игерілетіндей дәрежеде жасалуы керек. Осыған байланысты экскурсия тақырыптары тек қана белгілі бір экскурсанттар тобына сай болу керек( үлкен кісілер және балалар, жастар, қала немесе ауыл тұрғындары, гуманитарлық профессия жұмысшылары, шетелдіктер және т.б.). Мұндайды экскурсиондық қызмер көрсетуге дифференциалдық әдісті қолдану деп атайды. Ол тұтынушының қызығушылықтарын ғана емес, олардың мақсаттарын ескеруі тиіс. Егер экскурсия фольклорлық тур шегінде көрсетілетін болса, онда негізінен көрсету мен баяндауда көбінесе осы өңірдің тарихына, ескерткіштеріне, ұлттық ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу қажет. Егер де экскурсия іскерлік турдың программасына кірген болса, онда көбінесе іскерлік және қоғамдық орталықтарға көп көңіл бөлу қажет. Экскурсиондық қызмет көрсетуді курорттық аймақтарда ұйымдастырған кезде, негізінен экскурсиондық серуендеуді , яғни олар ( табиғи ландшафтыларды, ескерткіштерді, объектілерді тамашалау) көбірек жасау қажет
Көркем өнер – көркемдік талғамды қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Көркемдік тәрбиенің басты құралдары – бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тірлігінің қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерінен, т. б. алған әсерлерінің шығармашылық іс-әрекеттері барысында терең бекуіне, олардың әсемдікті өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесінде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкіндік жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет