Көркем еңбек сабақтарында бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру.
Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi - бастауышта. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз. Сондықтан да бастауыш мектептен бастап оқушының жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек. Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi - мұғалiм.
«Адамға ең керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», -деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі - тәрбие. Тәрбие түрлі болады. Адамгершілік тәрбиесі балаға жападан –жалғыз әсер етпейді. Барлық тәрбие біріге келіп, адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын арттырады. Төменгі сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оған адамгершілік туралы ұғымдар, түсініктер байыту болып табылады. Мұғалім балаларға сыныптан тыс оқуға түрлі тапсырмалар береді. Қол еңбегі, суретті бейнелеу, сұрақтарға жауап беру, оқыған кітаптары туралы ойларын білуге, адамгершілік көзқарасын білуге болады. Мектеп жанындағы балаларға әр пән бойынша адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор мүмкіндіктер бар. Еңбек сабағында өздері жасайтын бұйымдар балаларға тәрбиелік ықпал жасайды. Өздері істеген жұмысын көрсетуге ұялмайтындай болып істеуге ұмтылады. Ал бейнелеу пәнінде әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады. Баланың адамгершілік қасиеті ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады.Ол турасында «Менің жолдасым», «Біз мектеп ауласында ойнаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрап, суретін бейнелесе де жеткілікті. Мектепке барған баланың негізгі әрекеті оқу болғанымен, ойын бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.
Мұғалімнің адамгершілікке тәрбиелеуінің арқасында оқушы өз бойындағы жақсы жаман қасиеттерін ажырата біледі. Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін, өз ойын еркін жеткізе білуге, ойлап сөйлеуге үйренеді. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде жас ерекшелігін ескере отырып, мына факторларды есте ұстаған жөн деп есептеймін.
Тәрбиелеу
Еңбек жолымен байланыс
|
|
Тұрмыс салт -дәстүрді меңгерту
|
|
Ана тілін қадірлеу
|
|
Сапалы білім
|
Достарыңызбен бөлісу: |