Сабақ және оның құрылымы


Ұжымдық еңбек көркем қызметі ұйымы



бет73/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Көркем еңбек

Ұжымдық еңбек көркем қызметі ұйымы
Ұжымдық еңбек даулары - ұйымдарда еңбек жағдайларын белгiлеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша жұмыс берушi (жұмыс берушiлер бiрлестiгi) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкiлдерi) арасындағы келiспеушiлiктер. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану, бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар — еңбек даулары деп танылады.
Ұжымдық еңбек дауы — жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек шарттарын (жалақыны қоса) белгілеу және өзгерту, әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері бойынша ұжымдық келісімшарттарды, келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау жөніндегі реттелмеген алауыздық. Мұндай дауларды шешу тәртібі мен тәсілдері, сондай-ақ Ұжымдық еңбек дауын шешу барысында ереуіл жасау құқығын іске асыру тәртібі “Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі туралы” ҚР заңында белгіленген. Заңға сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің талаптарын алғаннан кейін өздерінің шешімдерін олардың өкілдеріне үш күн ішінде хабарлауға міндетті. Жұмыскерлердің талаптары қанағаттандырылмаған жағдайда алауыздықтарды шешу үшін бітістіру рәсімі қолданылады, дау бітістіру комиссиясында, сонан соң делдалдың қатысуымен немесе еңбек төрелік сотында қаралады. Бітістіру рәсімдерін ұйымдастыру үшін Ұжымдық еңбек дауын реттеу жөніндегі арнаулы қызмет құрылған. Ұжымдық еңбек дауын шешу барысында тараптар қол жеткізген келісім жазбаша нысанда бекітіледі және оның тараптар үшін міндеттілік күші болады. Егер жұмыс беруші бітістіру рәсімдерінен жалтарса немесе қол жеткізілген келісімді орындаудан бас тартса, онда жұмыскерлер ереуілдермен қоса жиналыстар, митингілер, қыр көрсетулер, шерулер өткізуге құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет