Сабақ және оның құрылымы



бет53/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Көркем еңбек

Матаны қолдану техникасы
Станоктан алынған, өңделмеген матадан дайын мата алу үшін жүргізілген физика, химиялық және механикалық процесінің жиынтығы – мата өңдеу деп айтамыз. Мата өңдеудің мақсаты – олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай тауарлық түр көрсету.Өсімдік талшықтарынан жасалған маталарға өңдеу жүргізілгенде қышқыл қолдану керек болса ерітіндіні қолданылу мен өңдеу уақытын мұқият қадағалу керек.
Матаның физикалық, химиялық және геометриялық қасиеттері.
Матаның төзімділігі , ауа өткізгіштігі, сырт көрінісінің әсемдігі – киімнің түрі мен түсін сақтауда үлкен роль атқарады.
Матаның төзімділігі мен ауа өткізгіштігі, ылғал тартқыштығын матаның – физикалық қасиеті деп айтамыз.
Түр – түсі мен жылтырауы, сырт көрінісінің әсемдігі матаның – химиялық қасиетідеп аталады.
Матаның ұзындығы, қалыңдығы, ені матаның –геометриялық қасиеті деп аталады.
Киімді пайдалану барысында, оның тозуына негізінен тартатын, үлкейтіп қысатын , бос ұстайтын күштердің әсерінен болады. Сондықтан киімнің түрі мен түсін сақтауда осы қасиеттердің маңызы зор екенін тәрбиеленушілерге түсіндіру.
Матаның түрлері мен олардың атауы.
Мата өзінің құрылысы мен қасиетіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді: 1. мақта – мата 4. зығыр мат 2. жүн мата 5. синтетикалық мата 3. жібек мата 6. аралас мата 7.жасанды немесе табиғи талшықты маталар
Мақта- мата– бұл барынша төзімді мата. Кез – келген бояуға ыңғайлы. Бірнеше рет жуған соң да түсі оңып кетпейді. Ыстық жаз күнінде ауаны жақсы өткізеді, өте жеңіл, әрі тігуге ыңғайлы. Мақтадан тігілген киімдерді үтіктеу қиын. Жібек мата – бұл берік, сапалы, созылмалы, икемді және сәнді материал. Әрі ұзаққа шыдайды. Жібектен тігілгенкиімдер күн көзіне төзімді. Бұл матадан әзірленген іш көйлектер денені терлетпейді. Жібек ежелгі Қытайда аса бағалы мата болғандықтан, одан тігілген киімдерді билік басындағылар киген.Үтіктегенге өте жеңіл, бірақ жуған соң табиғи жібек тез оңып кетеді. Зығыр мата – берік материал болған соң, одан кеудешелерді де,жемпірлерді де тігуге болады. Және зығырдың ұзаққа шыдайтын қасиеті бар. Зығырды үтіктеу өте қиын, әрі түсі тез оңады.Оның шеті тез сөгіледі, сондықтан зығырдан тігілген киімді сатып алғанда шетітерін мұқият тексерген дұрыс. Жүн мата – қалың немесе жұқа, жылу қасиеті өте жоғары, төзімді,берік және кез-келген түске оңай бояуға болады. Бұл матадан сырт киім мен ерлердің костюм шалбарлары әзірленеді. Көбіне тігілетін бұйым астарлы болады.
Табиғи талшықты маталарға : мақта-мата, жібек, жүн және зығырдан жасалған маталарды айтамыз. Жасанды талшықты маталар деп – химиялық жолмен алынатын жасанды синтетикалық матаны айтамыз.
Мата тігілетін бұйымның түріне байлынысты таңдалады. Мысалы: жазғы жеңіл көйлек пен белдемше және шалбарға – жібек, мақта – матадан, сондай – ақ жүн маталардың жұқа түрлері қолданылады.
Сондай – ақ, маталар тек киімге ғана арналмайды. Маталар өз қасиетіне байланысты : - көрпе тыс маталға;- перделік маталарға; - жапқыштарға арналған маталарға; - төсеніштерге арналған маталарға бөлінеді;
Маталар сәндік түріне қарай : - балаларға арналған арнайы суреттелген , әдіптелген болу мүмкін; - арнайы киім түріне байланысты жасалады; - мектепке арналған киім түріне қарай таңдалады;
Сонымен бірге матаның түрі сырт киімге арналған түріне қарай бөлінеді: драп, кашемир, велюр, меланж,тоңдарға арналған мата болып бөлінеді.
Костюмдік маталар – жүн, жартылай жүн, зығырдан, тығыз тоқылған мақта – матадан , аралас матадан әзірленуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет