Сабақ жоспар №15 Демографиялық мәселе және табиғат ресурстарының таусылуы (Сабақтың тақырыбы) Модуль/пән атауы


Этникалық проблемалар мен босқындар мәселесінің



бет3/3
Дата09.07.2024
өлшемі33.55 Kb.
#502906
түріСабақ
1   2   3
№15 сабақ демографиялық өсу табиғ

Этникалық проблемалар мен босқындар мәселесінің туындау себебі- халық санының күрт өсуі есебінен мемлекеттің осы халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндігі, қауқары жетпегендіктен туындайды. Мәселен, қоғамда халық санының көп болуынан оларды жұмыс орнымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мен білім жүйесіндегі проблемаларды шешу қиындай түседі. Қазіргі уақытта мұндай көріністерді халықаралық жағдайда жиі байқауға болады. Сирия, Ливия, Ирак сынды ел тұрғындары мемлекеттің қолдауынсыз, көмегінсіз қалып бас сауғалап жүр. Еуропа елдерінің бірқатарын пана еткен олардың жағдайлары күннен-күнге шиеленісуде.
Урбанизация тек қана қалалардың дамуы, олардың қоғамдағы рөлдерінің артуы ғана емес, қалалардағы адам санының көбеюі, табиғатқа, қоршаған ортаға шектен тыс әсер етуі. Табиғат ресурстарының, жер, энергетика, азық-түлікті қолдану орталығы -ірі қалалар болып табылады. Атмосфераның ластануының 4/5-і қаладағы өндірістердің есебінен.
Сонымен бірге, ірі қалаларда энергияның, шикізаттың, әсіресе таза, сапалы судың тапшылығы қатты білінеді.
Егер әлемдегі барлық мемлекеттерді экономикасы жақсы дамыған және экономикасы нашар дамыған, кедей деп бөліп қарастыратын болсақ, бай, ауқатты елдерде халық саны көп емес, тіпті азайып бара жатқанын байқаймыз.
Ғалымдардың болжауынша, 2050 жылы Африканың кедей мемлекеттеріндегі халық саны миллиардқа жетуі мүмкін. Ал жалпы жер бетіндегі адам саны 2050 жылы 11 миллиардқа жетеді. Осы орайда логикалық заңды сұрақ туындайды. Біздің Жер ғаламшарымыз осындай шектен тыс салмаққа, шектен тыс қысымға дайын ба? Ал мемлекеттер мен миллиард халқы бар елдер өз тұрғындарын асырауға, қамтамасыз етуге қауқарлы ма? Әрине, Қытай секілді алып, бай держава халының саны 2 миллиардқа жетіп жатса да, оны қамтамасыз етуге жағдай жасайтыны анық. Себебі ауқатты елдердің ресурстарды алудың альтернативті жолдарын табуға мүмкіндігі бар. Ал кедей елдердің жағдай ауыр болмақ. Кедей мемлекеттердегі ауыр жағдайдан, аштық, жұқпалы аурулар таралу мүмкін немесе қарапайым ауыз су тапшылығы адамдардың қырылып түрлі апаттық жағдайлардың орын алу мүмкін. Бұл проблеманы шешудің басты жолы-бай мемлекеттер болашақтағы 10 миллиард адамға пайдаланылатын жер ресурстарын жеткізу мәселесін кезең-кезең, қадам-қадаммен ойластыру қажет.


5.Сабақ бойынша рефлексия
1. Дамушы елдердегі демографиялық жарылыстың басты себептерін атаңыз?
2. Халақ санының артуы аумақтың ресурстық мүмкіндігінен жоғары болуынан азық-түлік дағдарысы басталған елдер?
3. Демографиялық дағдарыс болған және табиғи өсімі жоқ елдер?


6.Үй тапсырмасы. Консбект бойынша қосымша іздену.



Оқытушы: _________ Дәулетиярова Г.Қ


(қолы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет