Сабақ жоспар құрылымы Орындаған: Жандарбекұлы Адамбек



бет3/4
Дата07.03.2024
өлшемі43.96 Kb.
#494646
түріСабақ
1   2   3   4
АӘТД пәнінің сабақ жоспар құрылымы

3. ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ
Оқушылардың іскерлік, дағдыларын жаттықтыратын, бейімділігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыратын тапсырмаларды құрастыру керек.
Оқушыдан шығармашылықты талап ететін шарада, кроссворд, лабиринт, жұмбақ, тесті тапсырмаларында ойын элементтері бар. Коллекция жинау, картамен жұмыс, планшет, құрастыру жұмыстары оқушылардың қызығушылығын көтеріп, оқушының сирек қателесуіне, тапсырмадан қорықпауына негіз болады.
Шағын комплектілі мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі
Шағын комплектілі мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі:
• үлкен қалалардан алыстығы;
• адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар;
• басқа мәдени ошақтардың болмауы;
• байланыстың (теледидар, почта) тұрақсыздығы. Тәрбие жұмысының сапасына тұрғындардың, мұғалімдердің, оқушылардың аздығы әсер етеді. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушы, үйірме жетекшісі лауазымдары жоқ. Нәтижесінде мектеп балаларымен және ересек тұрғындармен тәрбие жұмысының орталығына айналып, мұғалім оны ұйымдастырып жүзеге асырады.
Ауылдың жерде өсетін балалар өмірге көбірек бейімделеді. Балалар әр жастағы ұжымдарда тәрбиеленіп, жылы жүзділігімен, ашықтығымен, үйірсектігімен ерекшеленеді.
Бірақ кейбір балалар ашушаң, төбелесқор, ұстамсыз, үқыпсыз, жауапкершілігі жоқ болып келеді. Шағын комплектілі мектептегі оқушыға тәрбие беретін үш бағыт:
• сабақтағы тәрбие жұмысы;
• сабақтан және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары;
• елді мекеннің қоғамдық ортасының тәрбиесі.
Тәрбиелік іс-шаралар мектеп көлемінде жылына 3-4 рет өтеді. Оларды ұжым бірігіп әзірлейді. Мұғалім балалармен бірге жоспар жасап, міндеттерді бөледі.
Мереке кезінде оның белгісі мен ұранына байқау ұйымдастырылады, сыйлықтар әзірленеді. Мұғалім тек көмектесіп, шараны балалар ұйымдастырып, өткізеді.
Тәрбие жұмысының жоспарын ұжымның өзі немесе аймақтың тәрбие орталықтары ұсынған бағдарлама бойынша жасайды. Жоспар бір аптаға, айға, жарты жылға жасалады. Ең бастысы әдемі жасалған жоспар емес, нақты істер.
1-сыныптағы ақыл-ой тәрбиесінің маңызды бағыты жүйелі оқуға әзірлеу. Маңызды жағдай – балаға сенім арту, оны дамытатын орта жасау. Бірыңғай педагогикалық талап жақсы мінез-құлықты қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесін беру үшін бала өзінің адалдығын, қайырымдылығын, зейінділігін көрсететін жағдаяттар жасалады.
Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты – еңбексүйгіштікті, еңбекті, еңбек адамдарын құрметтеуді тәрбиелеу, мамандық туралы түсінікті көбейту. Ол үшін түрлі әңгімелер өткізіледі. Балалар өздерінің шамасы келетін жұмыстарды атқарады, маңайды, сынып бөлмесін тазалап, ауылды, учаскені көгалдандыруға катысады, гүлдерді күтіп, жеміс-жидек және көкөніс өсіріп, үйірмелерде халқымыздың ұлттық өнерін үйренеді.
Экологиялық тәрбие беру үшін алдымен балаларды экскурсияға апарып, қорғау керек, объектілерді табу керек. Оқушылар оларды қорғауға ат салысады.
Эстетикалық тәрбие беруге табиғатқа экскурсияға бару, қоршаған орта заттары әсер етеді. Эстетикалық тәрбие өнермен тығыз байланысты.
Сонымен, шағын комплектілі мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері бар, атап айтсақ, ата-аналармен тығыз байланыс, ер оқушының тәрбиесіне ықпал ету, халықтың дәстүрге сүйену, табиғатқа жақындық, ақыл-ой, дене, еңбек, моральдық, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т.б. тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет