Сабақ жоспар құрылымы Орындаған: Жандарбекұлы Адамбек



бет1/4
Дата07.03.2024
өлшемі43.96 Kb.
#494646
түріСабақ
  1   2   3   4
АӘТД пәнінің сабақ жоспар құрылымы


ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
АГРО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: АӘТД пәнінің сабақ жоспар құрылымы


Орындаған: Жандарбекұлы Адамбек
Тексерген: Зайгали Жаксылыков
Орал-2023

МАЗМҰНЫ
Кіріспе


1. Жоспарлау туралы ұғым.
1.1 Жоспардың түрлері.
2. Шағын кешенді мектептің ерекшелігі.
2.1 Шағын кешенді мектептегі оқыту.
3. Тәрбие процесі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. ЖОСПАРЛАУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.
1.1 Жоспардың түрлері.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.
Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады. Жоспардың түрлері:
• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;
• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.
Жылдық жоспарлар мамыр-маусым айларында жасалып, тпмыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық өкімет органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.

Перспективалық жоспарда болатындар:


• Оқушылардың, сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.
• Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер.
• Мұғалімдердің біліктілігін көтеру графигі.
• Құрылыс-жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу, т.б.
• Қаржы, сауда қызметі.
Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын беріледі. Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының үлгісі:
Құрылымы:
1. Кіріспе:
а) Мөлтек ауданының ерекшелігі және мектеп жұмысына әсер ететін жағдайлар.
ә) Өткен оқу жылындары жұмыстың қорытындыларын қысқаша талдау.
2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс.
3. Озық тәжірибені зерттеу және тарату.
4. Мектептегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар.
5. Оқу-тәрбие процесіне басшылық.
7. Ата-аналармен, демеушілермен, жұртшылықпен жұмыс.
8. Мектептің материалдық-техникалық негізін нығайту. Қосымшалар:
а) кітапхананың жұмыс жоспары;
ә) ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары;
б) балаларға арналған жазғы сауықтыру жұмыстары.
Кіріспе. Шағын аудандарға, оның тұрғындарына, мәдени мекемелерге, мектепке зиян келтіретін қолайсыз жағдайларға қысқаша сипаттама беріледі. Өткен жылғы істелген жұмыстар талданып, жаңа оқу жылының міндеттері белгіленеді.
Кіріспеде негізгі мәселелер жазылады: оқушылардың білім сапасы және тәрбиелілігі, білім және тәрбиелік іс-шаралардың деңгейі, т.б. Шешілмеген мәселелер аталып, себептері көрсетіледі. Білім туралы заңның орындалуы қадағаланады. Оқушылардың есебін алу түрлері және мерзімі анықталып, әр учаскеге жауапты адамдар бөлінеді. Балаларға берілетін көмектің түрлері көрсетіледі.
Педагог кадрлармен жұмыс бөлімі
1. Кадрларды орналастыру және міндеттерді бөлу. Мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің жүктемелері анықталады. Басқару циклограммасының міндеті – мұғалімдердің еңбегін реттеу, шамадан тыс күш түсірмеу, жиналыс, мәжіліс, қоғамдық жұмыстарды реттеу.
2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс. Педагогикалық кеңестің, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс мазмұны анықталып, жұмысқа жауап беретіндер белгіленеді.
3. Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Ашық сабақтар, тәлімгерлік, т.б. жоспарланады.
4. Ғылыми педагогикалық ақпарат арқылы мұғалімдер жаңа педагогикалық әдебиеттермен танысады, әдістемелік бұрыштар ашылады.
5. Оқу-тәрбие процесін басқару. Бөлімде оқу және тәрбие жұмыстарының басты мақсаты көрсетіліп, оған жетуге көмектесетін шаралар нақтыландырылады.
6. Оқу-тәрбие процесін бақылауды ұйымдастыру. Жалпыға міндетті білім беру ісі, мұғалімдердің жұмысы, бағдарламалардың орындалуы, оқушылардың білімінің сапасы, тәрбие жұмысы жоспарланады.
7. Ата-аналармен жұмыс, т.б. Бұл бөлімде ата-аналар арасындағы педагогикалық насихат, ата-аналар жиналыстары, т.б. жоспарланады.
8. Материалдық-техникалық негізді нығайту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет