Бөлім:
|
4-бөлім: Отбасы құндылықтары
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 5
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Н. Ақыш. «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. Қонақта
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
5. 1. 2. 1 әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;
|
Сабақтың мақсаты
|
Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу, қоғам игілігі үшін қызмет ету.
Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
Талап құндылығы: білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//
уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Білім алушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
5 минут
5 минут
7 минут
5 минут
8 минут
5 минут
Сабақтың соңы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
«Қолдағы хат»
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
1-тапсырма
Миға шабуыл
1.Автор неліктен қыздарына әже іздейді? Жазушы ойы қандай?
2. Үй иелері мен олардың қыздары неліктен қонаққа баруға ерекше дайындалады?
3. Автордың дастарқан басындағы әжені бірден ажырата алмауының себебі неде?
4. Неліктен автор: «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау» деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтеді», – дейді?
5. Әңгіме неліктен «Нағыз әже қайда?» деп аталады?
2-тапсырма
Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойын, басты идеясын білдіретін тірек сөздерді сызбаға түсіріңдер.
ЕББҚ оқушыға тапсырма
Әжеге тән қасиеттерді сызбаға түсір.
3-тапсырма
Әңгіменің тақырыбы мен жазушы идеясын анықтаңдар. Не себепті жазушы әңгімені «Нағыз әже қайда?» деп атаған.
Әңгіменің тақырыбы
|
Идеясы
|
Әңгіме неге «Нағыз әже қайда?» деп аталған?
|
|
|
|
4-тапсырма
«Синквейн» стратегиясын қолданып, «Әже» сөзімен бесжолды өлең құрастырыңдар.
1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).
2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).
3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).
4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.
5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
|