Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
|
Психологиялық ахуал
— Балалар, сендер қарым-қатынас барысында бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
-Қайырлы күн, көздерім!
Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
-Қайырлы күн, құлақтарым!
Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
-Қайырлы күн, қолдарым!
Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
-Қайырлы күн, аяқтарым!
Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
-Қайырлы күн, мұғалім!
Мен ояндым!. (Күлімсіреп, мұғалімге қолдарын созады)
Жырдық сюжетіне қатысты ашық және жабық сұрақтар арқылы өткен тақырыпты пысықтайды.
Қорытындылау мақсатында Қорқыт туралы ютуб каналынан сілтеме арқылы бейнекөрсетілімді көреді.
Оқушылар берілген тапсырмаларды Jamboard тақтасы арқылы орындайды.
Пирамидалық кесте бойынша Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жырды талдайды.
Оқушылар шығармадан алынған үзінділерді оқи отырып,әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан анықтайды
Сұрақтарға жауап береді
Өз ойларын жеткізеді.
Өз көзқарастарын дәлелдеуде үзінділерді қолданады.
Концептуалдық кесте бойынша кейіпкерлерге адамгершілік қасиеттері мен өмірге қызығушылығы тұрғысынан талдау жасайды. Кейіпкерлерге баға береді.
Шығармадан тура және жанама мінездеуге мысалдар келтіреді.
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылар
«Синквейн» стратегиясын қолданып, Бамсы Байрақ образына бесжолды өлең құрастырады.
Кері байланыс береді. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.
|