Сабаќ жоспары «Бекітемін»


Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз



бет57/79
Дата18.05.2022
өлшемі0.68 Mb.
#457054
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79
0000a2be-4a2c6420

Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз – бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі. Мысалы, экранға графикалық бейнелерді шығару мүмкіндігі қаншалықты жоғары болса, функциялардың графигін соншалықты дәл тұрғызуға болады.
Палитра (бояулар) дегеніміз – бұл графикалық режимге арналған түстер жиынтығы. Режимге арналған бірнеше палитралар бар, бірақ әдетте стандартты 16 түс пайдаланылады.
Black -0 -қара DrackGray - 8 -қара - сұр
Blue -1 - сұр LightBlue -9 - ашық көк
Green - 2 - жасыл LightGreen -10 - ашық жасыл
Cegan -3 - көгілдір LightCegan - 11 - ашық көгілдір
Red -4 - қызыл LightRed -12 - алқызыл
Magenta -5 - күлгін LightMagenta -13 - таңқурай
Brown -6 - қоңыр Yellow - 14 - сары
Light Gray -7 - ақ – сұр White -15 - ақ


Экранды тазалайтын процедуралар:
ClrScr – экранды немесе терезені тазалап, курсорды экранның сол жақ жоғарғы бұрышына көшіреді, тек мәтіндік режимде ғана жұмыс атқарады;
ClrEol – курсордан жол соңына дейінгі символдарды өшіреді;
DelLine – курсор орналасқан жолдағы символдар түгел өшіріледі де, төмендегі жолдар бір қатар жоғары көтеріледі;
InsLine – курсор орналасқан позицияға жаңа жол енгізіледі де, төменгі символдар бір қатарға төмен түседі.
GotoXY(x,y:byte); - курсорды координаталары X,Y келетін экран нүктесіне көшіреді. Х сол жақ шеттен оң жаққа қарай, ал Y жоғарыдан төмен қарай берілген қашықтықтар бірлігін көрсетеді. Егер экран толық ашылған терезе деп қарастырылса, онда 25 жолдан және әр жол 80 символдан тұратын дисплей адаптерлерінің мәтіндік режимінде X=1..80, Y=1..25 мәндеріне сәйкес келеді. Экранның сол жақ жоғарғы бұрышының координаталары – (1,1), оң жақ төменгі бұрышы үшін (80,25) болып келеді.
Window (x1,y1,x2,y2:byte); - экранда терезе құру процедурасы Х1,Y1,X2,Y2 – терезе төртбұрышының сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары.Ең кіші терезе бір символды ғана қоршаса, ең үлкен терезе (1,1,80,25) мөлшерінде бүкіл экранды алып тұрады.
Мысалы:
Program tereze;
Uses crt;
Var k:integer;
begin;
textbackground (5);
window (4,3,36,18); textcolor (14);
for k: 1 to 100 do writln:
goto XY (8,8);writeln (‘Enter пернесін басыңдар’);
readln;
textbackground (12); textcolor (15);
window (39,3,71,18);
for k:= 1 to 100 do writeln;
gotoxy (3,8);
wrіteln (‘Жақсы Enter – пернесін басыңдар’);
readln;
textmode (Co80)
end.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет