Сабаќ жоспары «Бекітемін»



бет70/79
Дата18.05.2022
өлшемі0.68 Mb.
#457054
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79
0000a2be-4a2c6420

Дамытушылық: Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
* Ауқымды желі дегеніміз не?
* Брандмауэрлер дегеніміз не?
* Интернетке қандай анықтама беруге болады.
* ТСР/ІР хаттамасы қандай қызмет атқарады.
* Провайдер дегенімз не?
* Серверлер деп қандай компьютерді айтады?
* Электрондық плшта дегеніміз не?
* Электронды поштаның кәдімгі поштадан қандай айырмашылығы бар?
* Телеконференциялар дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
* Броузерлер дегеніміз не? Олардың атқаратын қызметі?
* E – mail адресі қандай элементтерден тұрады?
* Қандай пошталық программалар бар?
Жаңа сабақты түсіндіру
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеуобъектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.
Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіпқайта жаңарту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет