Chr(x)-byte типіндегі х санын символға түрлендіреді
ord(ch)-ch символын оның byte типіндегі сәйкес кодына түрлендіреді pred(ch)- кодына сәйкес келесі символды береді
upcase(ch) – кіші латын әріптерін бас әріптерге айналдырады.
Символдық мәліметтерді еңгізу
Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу READ (READLN) операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
Бос орын таңбасы - ‘_’ Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.
Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.
Символдық айнымалыларды енгізудің тағы бір ерекшелігі – ENTER
( ) басылса да READ операторы бос орын символы ретінде қабылдайды.
Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.
Символдық және сандық мәндерді енгізгенде көбінесе EOLN ( end of line) стандартты функциясын пайдалану қолайлы.Бұл функция мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды – дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ( True ) қалған жағдайда жалған ( Folse ) болады.
Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу
Паскаль тілінде символдар тізбегінен тұратын тіркестік айнымалылар қолданылады.Олардың типін көрсету үшін алдымен айнымалы атауы,одан кейін тік жақша ішінде жолдың ең ұзыны көрсетілген string түйінді сөз қолданылады. VAR<айнымалы аты>: string [ жолдың ең үлкен ұзындығы ]
Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.
Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.
Достарыңызбен бөлісу: |