Сабаќ жоспары «Бекітемін»



бет56/79
Дата18.05.2022
өлшемі0.68 Mb.
#457054
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79
0000a2be-4a2c6420

Ә

2

Ә

17

В

2

А

17

Ә

3

А

18

А

3

В

18

В

4

В

19

Ә

4

А

19

Ә

5

Б

20

Б

5

А

20

Б

6

Ә

21

Ә

6

Б

21

А

7

А

22

В

7

Ә

22

А

8

А

23

Ә

8

Ә

23

В

9

Б

24

Ә

9

А

24

Ә

10

Ә

25

Ә

10

Ә

25

А

11

Ә

26

Ә

11

Ә

26

А

12

Ә

27

Ә

12

Б

27

Ә

13

А

28

Ә

13

А







14

А







14

В







15

А







15

А









Үйге тапсырма: 4 – 6 тарауды қайталау.


Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі
адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінің мүмкіндіктерімен таныстыру. Графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушыларға графикалық режимге көшу адаптерлері, CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат бере отырып Паскаль тілінен алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалдарды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
Өткен материалдарды қайталау сұрақтары
* Құрылымдық программалау дегеніміз не? Ол не үшін қолданылады?
* Қандай негізгі логикалық құрылымдарды білесіңдер және олардың қандай ерекшеліктері бар?
* Қосалқы программа дегеніміз не?
* Стандартты және бейстандарт функциялар дегеніміз не?
* Параметр дегеніміз не?
* Стандартты және бейстандарт функциялар дегеніміз не?
* Формалды параметрдің нақтылы параметрден айырмашылығы неде?
* Функция дегеніміз не?
* Процедура мен функцияның қандай ұқсастығы және айырмашылығы бар?
Жаңа сабақты түсіндіру
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
Экранға мәлімет шығаруды аппараттық жағынан сүйемелдеу екі модуль – бейнеадаптер және бейнемонитор арқылы қамтамасыз етіледі. Бейнемонитор немесе дисплей - мәтін және графикалық бейнелер шығарылатын құрылғы, ол электрондық сәулелік түтікшеден немесе сұйық кристалды тақтадан тұрады. Дисплей теледидар сияқты жұмыс істеп, экрандағы бейне секунд сайын 25 рет жаңаланып отырады. Экрандағы бейнелер кішкене нүктелерден (пиксельдерден) тұратын қатарларға біріктірілген. Сондықтан экранның басқарылатын ең кіші элементі пиксель болып табылады. Экрандағы кез келген бейне осы пиксельдер арқылы салынады.
Экран бетіндегі қатарлар саны бір қатардағы нүктелердің саны пайдаланылатын бейнеадаптердің жұмыс режиміне байланысты болады. Бейнеадаптер – экранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды. Бейнеадаптер екі бөліктен – электрондық – сәулелік түтікше контроллерінен (CRT контролері ) және бейнебуферден тұрады.
ІВМ РС тәрізді компьютерлерде адаптерлердің бірнеше стандарты пайдаланылады. Алғашқыда тек қарапайым ақ – қара түсті мәтіндік ақпараттарды өңдеуге арналған адаптерлер қолданылған. 1982 жылы Hercules фирмасы HGC адаптерін шығарды. Кейіннен түрлі түсті (CGA) және жетілдірілген графикалық адаптерлер (EGA) шықты.Соңғы кезде VGA және SVGА типіндегі адаптерлер кең пайдаланылып келеді.
Қажетті драйверлерді қолдану арқылы кез келген адаптерді графикалық режимде пайдалануға болады. Драйверлер деп дербес компьютердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программаны айтады.
Турбо Паскальдің мәтіндерді енгізіп – шығаруды жетілдіретін бірнеше стандартты мен процедуралары бар, олар кітапханалық GRT (Cathode ray tube Display – электрондық сәулелік түтікшедегі дисплей) модулінде жинақталған.Мәтіндік режимде процедураларды пайдалану үшін алдымен GRT модулін іске қосу керек. Ол үшін программа тақырыбынан кейін арнай жол жазылуы тиіс:
Program <программа аты>;
Uses grt:
GRT модулін пайдалана отырып, экранға шығарылатын символдардың түсін, мөлшерін, экранның түсін де өзгертуге болады.. Сонымен бірге экранда терезе жасауға, оны өшіруге, курсорды автоматты түрде жаңа орынға көшіруге, оның жаңа орнын анықтауға, жолдарды өшіруге және жалғастыруға т.б. көптеген әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар.
Мәтіндік режимді орнату үшін Text Mode (Mode:word); процедурасы пайдаланылады.
Экранға шығарылатын символдың түсін ТехtСоlor (Color:Byte);ал экранның түсін өзгерту үшін (ТехтBackground Color:Byte); процедурасы пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет