Сабақ Жоспары: Философия дүниеге көзқарас ретінде



бет2/2
Дата31.08.2022
өлшемі94.04 Kb.
#460094
түріСабақ
1   2
№ 1 тақырып

Дүниетаным ұғымы – Әр адамның дүниеге - өзін қоршаған табиғатқа, өзі өмір сүріп отырған қоғамға, ғылым мен техниканың жетістіктеріне, өнерге және басқаларға қатысты өзінің жалпылама көзқарасы болады. Адамның дүниеге қатынасын айқындайтын және оның тәртібін реттейтін көзқарастары мен көкейіне қонатын нанымдарының жиынтығы дүниетаным деп аталады. Адам әрқашанда: «неге өмір сүріп жүрмін, менің дүниедегі орным қайсы, басқа адамдармен, табиғатпен қандай қатынаста болуым керек?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Дүниетаным – дүниені сезінуден, қабылдаудан және оны түсінуден тұрады. Білімнің тереңдігіне сәйкес дүниетанымның екі деңгейі орнығады: өмірлік-практикалық және теориялық. Адамның тұтастай дүниені және өзін түсінуі философиялық білімдер негізінде орнығады.
Философияның зерттеу объектісі – бүкіл әлем, тұтас универсум.
Материя дегеніміз – адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін, объективті шынайылық.
Философиямен айналысудың қажеттілігі қандай? Философия адамға:

  • Өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз өмірінің мақсатын ажыратуға;

  • Дүниенің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға;

  • Шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, адаспай дұрыс өмір сүруге;

  • Кезкелген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге;

  • Философиялық даналықты өзін жетілдіру үшін пайдалануға;

  • Өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді.



Үй тапсырмасы.
Ойланыңыз:

  1. «Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан шаршамасын. ... философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур айтқан екен. Бұл ойдың мәні неде?

Сұрақтар қою арқылы:

  1. Дүниетану дүниенi сезiну мен қабылдаудаң немен айрықшалананы? Дүниетану дегенiмiз не?

  2. Дүниеге көзқарастың негiзгi компонентерiн атаңдар? Дүниеге көзқарас дегенiмiз не?

  3. Дүниеге көзқарастын қандай денгейлерiн бiлесiндер және олар немен бiр бiрiнең ерекшеленедi?

  4. Адамның өмiрi мен iс-әрекеттерiнде дүниеге көз қарастың ролi қандай?

  5. Дүниеге көзқарастың қалыптасуына бiлiмнiң тигiзетiн әсерi қандай?

  6. Миф рухани феномен ретiнде ненi бiлдiредi?

  7. Адам өмiрiнде миф қандай функцияларды атқарады?



Тақырып: - Философия және оның қоғамдағы рөлі. Философияның тарихи типтері Т.Х.Габитов, Философия. Оқулық,.А.: Раритет, 2006,3-10 бет. Дәрісті оқу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет