Әрбір бетте жоғарғы немесе төменгі колонтитулды бірдей етіп дайындау:
Бетте колонтитулдың жоғарғы немесе төменгі аймағын ашу үшін Түр (Вид) менюіндегі Колонтитул командасын таңдаңдар (6.16 сурет).
Жоғарғы колонтитулды дайындау үшін жоғарғы колонтитул аймағына мәтіндік немесе графикалық элемент енгізіңдер.
Төменгі колонтитулды дайындау үшін Колонтитулдар аспаптар тақтасында (6.15 сурет) төменгі колонтитулға орын ауыстыруға арналған Жоғарғы/төменгі колонтитул (Верхний/нижний колонтитул) батырмасын басыңдар, ал содан кейін мәтін немесе графикалық элемент енгізіңдер.
Қажеттілік кезінде Форматтау аспаптары тақтасында орналасқан батырманың көмегімен мәтіндерді форматтаңдар.
Колонтитулдарды дайындауды аяқтағаннан кейін Колонтитулдар аспаптар тақтасындағы Жабу (Закрыть) батырмасын басыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |