Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
|
Оқушыларға видеороликтер көрсетіледі.
1.М.Әуезовтің шығармашылық өмір жолы.
2.Шығармалары.
3. Шығармаларына шолу.
4. “Абай жолы” роман-эпопеяся-ұлы шығарма.
|
Оқушылар видеороликті көре отырып сұрақтарға жауап береді.
|
Дескриптор Жалпы 3 балл
- оқиғалар тізбегін жасайды;
- сюжеттік құрылысын талдайды;
- бөлімдер арқылы негізгі идеяны анықтайды.
|
|
|
4-тапсырма. «Таңдау» әдісі
Екі тапсырманың бірін таңдап орындайды.
Егер автор болсаңыз, шығарманың прологы мен эпилогын қалай жазар едіңіз?
Тірек сөздер: махаббат, жауыздық, адалдық пен адамдық , қайғы-қасірет, өмір мен өлім, ақ бата мен қарғыс, ескілік пен жаңалық, еркіндік пен теңсіздік, әкелік парыз, билікке талас, бақытсыздық.
Үзіндіні оқып, ұсынылған тірек сөздерді пайдалана отырып, «Бақытсыз Жамал» романының прологын жазады.
… Жамалдың бір кішкене сандығын ашып қараған кісі: «Сал-сал», «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Қисса уақиға Көр бала», «Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны», «Ноғай мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Айман - Шолпан», «Бозжігіт», «Шәкір - Шәкірат», Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір молданың өлеңдері һәм басқа сол секілді кітаптарды көрер еді.
Хәтте Жамал сол қиссалардың бағзы бір өлеңдерін жатқа да біліп, бір ойынға бара қалса: «Жамал, өлең айт» дегенде тартынбай айтып салушы еді. Осындай қиссаларды оқумен һәм ел ішіндегі айтып жүрген қыз-бозбалалардың өлеңдерін жазып алумен, молдадан оқып жүрмесе де, жазуын күннен-күнге дұрыстап бара жатты. Жамалдың осындай зеректігі ауызға ілініп, он жасына жеткен уақытында әркімдер: «Сәрсенбай үйінде бір жақсы бала бар»- деп айттыруға қызыға бастап және де Жамалдың анасы ақылды, көркем қатын болғанға, «анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақалды да еске тұтып сөйлеуші еді...
Үзіндімен танысқаннан кейін, ұсынылған тірек сөздерді пайдалана отырып, «Бақытсыз Жамал» романының эпилогын жазады.
Осылай қыстың бір-екі айы өтті. «Жамалдың көрген қорлық, кемшілігін мұсылман баласына бермесін», - деп айтарлыққа лайық болып, тұрса аяққа, отырса басқа ұратын болды. Нендей ұрып-соғып қинаса да, Жамал бір сөз қарсы айтып көрген жоқ еді. Бір күні Жұман тағы да бір себепсіз боқтаған соң, Жамал шыдай алмай:
- Мені өлтіретін болсаң біржола өлтір, әйтпесе өзі күйіп жүрген жанымды күйдірме? - деді.
|
|
|
|