Сабақ жоспары: Тақырыбы: «Дәрілік заттарды енгізу тәсілдері» Модуль /пән атауы: «Мейірбике ісі негіздері» Күні


Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар



бет10/13
Дата02.01.2022
өлшемі1.57 Mb.
#454036
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ашық сабақ жоспары 2

Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:

  • Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.

  • Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.

  • Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.

  • Субарахноидалдық кеңістікке.

Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

  • енгізген дәрі тез әсер етеді;

  • дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;

  • бауырдың кедергі ролі жойылады;

  • жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.

Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.

Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.



  • Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.

  • Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.

  • Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.

  • Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.

  • Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.

  • Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.

  • Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің деңгейін білу керек. Бөліктің деңгейін анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып алып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан санды бөліктердің санына бөлу керек.

Ал енді студенттерге бұлшық етке инъекция жасау техникасымен таныстырып, көрсетіп өтемін. Ол үшін әрине ең алдымен асептика және антисептика ережелерін сақтап, бірінші жұмысымызды қол жуумен бастаймыз.











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет