Сабақ жоспары: Тақырыбы: «Дәрілік заттарды енгізу тәсілдері» Модуль /пән атауы: «Мейірбике ісі негіздері» Күні



бет13/13
Дата02.01.2022
өлшемі1.57 Mb.
#454036
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ашық сабақ жоспары 2

«Қоржын» ойыны- 10 мин. Сабақты бекіту қоржын ойынын түрінде өткізіледі. Қоржын ойыны студенттерді сабақтан жалықтырмайды,қызығушылығын арттырады. «Қоржын» ойыны: қоржынға сұрақтар,жағдаятты есептер жазылған парақтар жасырылып,әр студент қалаған сұрақты ашып жауап береді.

Сұрақтар:



  1. Асептика дегеніміз не?

  2. Парентеральды енгізу дегеніміз не?

  3. Энтеральды енгізу түрлеріне нелер жатады?

  4. Крафт пакеті дегеніміз не?

  5. Қолды жуу деңгейлерін атаңыз?

  6. Қанның қалдығын тексеретін сынақ қалай аталады?

  7. Егуден болатын асқынуларды атаңыз?

  8. Қауіпсіз жою класстарын атаңыз?

V. Қорытындылау

Ашық сабақ арқылы студенттерге дәрілік заттардың түрімен таныстырып, айырмашылықтарын үйретіп, алдағы практикалық, кейінгі медицина жолындағы жұмысы барысында барлығын біліп тұруы үшін жағдай жасау. Сонау тазалықтан басталатын медицина қызметкерлерінің барлық талаптарға сай келіп, барлық манипуляцияларды біліп тұруы, инъекцияны мүлтіксіз орындауы, ал осы медицина дәрілік заттармен тікелей қатысты болғандықтан, бастамасын берік қылып айқындатып меңгерту.Бұлшық етке инъекция енгізу технткасымен таныстырып, тәжірибеде қолдану. Студенттерді сабаққа қатысуына қарай баллдық жүйе арқылы бағалау.



VI. Үй тапсырмасы

Дәрі-дәрмектерді жаздырып алу,сақтау және есептеу тақырыбына байланысты теориялық материалдарды қайталау.



VII. Сабақ бойынша рефлексия

«Түсті карточкалар» студенттерде екі карточка: көк және қызыл. Мен сабақ басында және аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұраймын, бұдан оқушының көңіл күйінің өзгерген, өзгермегенін білемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет