Бағалау критерийлері:
Безендіру тәсілдері туралы зерттеу жүргізіп, нәтижесін қолданады;
Технологиялық карта құрып, жұмысты жоспар бойынша орындайды;
Безендіру бойынша шығармашылық жұмысты орындау барысында композиция заңдылықтарын ұстанады;
Ұқыптылықпен орындайды;
Орындаған шығармашылық жұмыстарын сынып алдында еркін, термин сөздерді қолданып таныстырады.
Таныстырылым барысында тыныштық сақтап, топ жұмысын талқылауға белсенді қатысу үшін сұрақтар қою:
жасалған бұйым/конструкция қандай аймаққа арналған?
Бұл безендіру қандай іс-шараға арналады?
Шығармашылық жұмыс қандай стильде (этникалық, тарихи немесе заманауи) орындалған?
Түстік гамманы таңдау мен материалдарды тиімді қолдануды негіздеңіз.
Іскеасыруда материалдардың шығын мөлшері қандай болады?
Әшекей/конструкцияның өзіндік құны қандай?
Өзініңздің және сыныптасыңыздың жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныс айтыңыз.
Бағалау: оқушылар әр топтың таныстырылымын бағалау критерийлері бойынша кестені толтырады, өз пікірін негіздейді.
Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 5-6 минут уақыт беріледі.
|
Қатты картоннан не басқа да материалдан жасалған интерьер макеті
Слайд 5-8
Картон қағазы, қайшы, желім, түрлі-түсті қағаздар, скотч, ыстық желім.
Қосымша 1. Бөлме/сахна макетін орындаудың сызбасы
Түрлі қолда бар материалдар, мата кесінділері, жүптер мен моншақтар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, ыстық желім, скотч және т.б. қажетті материалдар мен құралдар.
Өз қолыңмен жасалған әшекейленген шарлар тізбегі: кезеңдік нұсқаулық
|
Сабақтыңсоңы
2 мин
|
Оқушылар орындаған жұмыстары бойынша қорытынды шығарады.
Оқушыларға өз жоба жұмыстарын таныстыруға дайындалып келуін ескерту.
|
ауызша
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |