Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім


-топ: Үзіндіні оқып, мифологиялық тарихи шегініске талдау жасаңыздар



бет38/50
Дата16.11.2023
өлшемі488.67 Kb.
#483473
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
9-с ҚМЖ ӘДЕБИЕТ 2-ТОҚСАН

5-топ: Үзіндіні оқып, мифологиялық тарихи шегініске талдау жасаңыздар.
Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағлауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.
Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.
Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.
Бағалау:
Топтар бір-біріне комментарий білдіреді.
Пікірлер тыңдалып болғаннан кейін оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде бірін-бірі бағалайды. Сыртқы шеңбердегілердің қолында тақырыпқа байланысты сұрақ болады. Ішкі шеңбердегілер сұраққа сағат тілімен жүріп жауап беріп, жұлдызша жинайды. Кімнің жұлдызы көп, сол ақпаратты жақсы түсінген болады.



https://abai.kz/post/5471



Сабақтың соңы Рефлексия





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет