Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С. Жиын Мектеп



бет4/4
Дата01.02.2024
өлшемі54.15 Kb.
#490451
түріСабақ
1   2   3   4
ҚМЖ тақырыбы Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу.

Жеке жұмыс
А деңгейі
Мына сөздердегі әріптер жиынын элементтермен жазыңдар:

  1. «Математика» сөзіндегі әріптердің А жиынын

  2. «Квадрат» сөзіндегі әріптердің В жиынын

  3. «Куб» сөзіндегі әріптердің С жиынын



В деңгейі
Сынып оқушыларының жиыны – L. Сыныптағы «Жеңіл атлетика» үйірмесіне қатысатын оқушылар жиыны – К. К және L жиындарын Эйлер – Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер
Дескриптор: Білім алушы
-әріптердің берілген жиынға тиістігін анықтайды
-Эйлер – Венн дөңгелектері арқылы кескіндейді
С деңгейі
Бір топтағы туристтердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың 3-еуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топта барлығы неше турист бар?
Өзін-өзі және өзара бағалау
Оқушының аты-жөні:

Тапсырмалар

Бағалау графигі

1 тапсырма




А=

1

В=

1

С=

1

2 тапсырма




Эйлер – Венн дөңгелектері арқылы кескіндейді

1

Барлығы

4






Сабақтың соңы


Үйге тапсырма: «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» құндылығына есеп құрастыру
Рефлексия
Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды:
- Мен білдім…
- Мен үйрендім
- Маған қызықты болды…
- Маған қиын болды …
- Мен шығара алдым…



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, қабілеті төмен оқушылардың басқаларға тәуелді болмауына, сенімді болуы қадағалай отырып, қолпаштау арқылы қолдау көрсетіледі.



Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақтың мақсатына сәйкес оқушылар өз білім деңгейлерін жақсы көрсетті
Сабақта саралау дұрыс жүргізілгендіктен, тапсырмалар толық орындалды
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Оқушылар топ ережесін сақтап, бірін-бірі бағалады

2. Тапсырмалардың орындалуында оқушылар белсенділік танытты
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

  1. Әдіс-тәсілдерді әлі де кіріктіру

  2. АКТ-ны пайдалану дағдысын қалыптастыру

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сабақ барысында оқушылар топпен, жеке жұмыстар бірлесіп жасауы жоғары деңгейде өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет