Сабаќ жоспары



бет16/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Хабарлы сөйлем туралы түсінік.

2.18- жаттығу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді.
Бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты негізгі сұрақ дейміз.
Мысалы: Сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен (Қашан? Кім? Қанша? Қайда? Неге?Кімде? т.б.) және ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалады.
Негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты жетек сұрақ дейміз.
Мысалы:
- Кеште кімдер өлең айтты?
- Ұлдар өлең айтты.
- Қыздар ше?
Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.
Екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты анықтауыш сұрақ дейміз. Мысалы:
- Бұл кісілер қай жердікі?
- Жетісудікі?
- Иә, Жетісудікі.
Анықтауыш сұрақ сұрау интонациясы арқылы жасалады. Сұраулы сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы онша бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен тынады.
Сызбасы:
Тапсырмалар:

  1. Жетек сұрақ және анықтауыш сұрақ қандай жағдайларда қойылады? Әңгімелесуді одан әрі өрбітуге қатысы бар ма?

  2. Айналадағы адамдардың не сабақ үстінде, не үзіліс кезінде сөйлескен сөздерінен негізгі сұрақты, жетек сұрақ пен анықтауыш сұрақты ажыратып көріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет