толық мағыналы бір сөзден болған мүшені д а р а мүше дейміз.
күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не шылаулы тіркестен болған мүшені к ү р д е л і мүше дейміз.
Ү й і р л і мүше – кемінде екі не одан көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы.Үйірлі мүшенің күрделі мүшеге ұқсастығы – екеуінің де екі не одан да көп толық мағыналы сөзден тұратындығы. Айырмашылығы -үйірлі мүшенің өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа және басқа мүшелерге жіктелетіндігі. Мысалы: Білегі жуан бірді жығар, білімі толық мыңды жығар деген сөйлемдегі білегі жуан – үйірлі мүше, себебі - өз ішінде бастауышқа (білегі) және баяндауышқа (жуан) ажыратылады. Сөйлем құрамында білегі жуандеген екі сөз қосылып, бір сұраққа жауап береді де (несі?), осы сөйлемнің бастауыш қызметін атқарады. Ал күрделі мүшеде мұндай қасиет (бастауыштық-баяндауыштық қатынас) жоқ. Мысалы: Самат екеуіміз қырманға бардық. Сөйлемнің бастауышы Самат екеуіміз екі сөзден құралған. Бөлек алғанда, ол сөздердің жеке-жеке лексикалық мағыналары болғанмен, олар сол тіркесте сөйлемің бір ақ күрделі бастауышы, оны баяндауышпен байланысына қарап та аңғаруға болады: тіркескен екі есім (бастауыш) І жақтық көптік мағынада болғандықтан, баяндауыш та сол грамматикалық мағынада, І жақтық тұлғада (бардық) айтылған.
Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Т ұ р л а у л ы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты; Т ұ р л а у с ы з мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарды айтамыз.