Сабаќ жоспары



бет35/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

  2. 61-жаттығу

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтадағы сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. «Жігер»,«Батыр»,«Аңсат» және «Горняк» командалары басқалалардан ұзаңқырап кеткен сияқты.
2. Сәкен поэмаларының ішінде жұртшылық назарын тез аударған, әдебиеті сыншыларын көп ойландырған поэмалар – «Советстан», «Көкшетау», «Қызыл ат» поэмалары.
3. Ол - Шығанақ пен Олжабекке өз қасынан орын берді.
4. Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді.
5. Сол кезде бақша ішінде жастықтан, бақыттан, шаттықтан, сұлулықтан тасып шыққан таза күлкі естіледі.

  1. Оқушыларға лингвистикалық білім беру.

Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер болады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері де, тұрлаусыз мүшелері де бірыңғай мүше түрінде келе алады.
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады.
Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын жалғаулықтардың бастылары мыналар:

  1. Ыңғайлас жалғаулықтар: және, мен (бен,пен), та (те), да (де), тағы, әрі:

  2. Талғаулықты жалғаулықтар: не, немесе, не болмаса, я, әлде:

  3. Кезектес жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде:

  4. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, бірақ та алайда, сонда да:

Кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады.
Жалпылауыш мүше деп белгілі бір қатардағы бірыңғай мүшелердің ортақ атауын білдіретін мүшені айтады.
Жалпылауыш мүше қызметінде жеке сөз де, сөз тіркесі де жұмсала береді:
Жалпылауыш мүше қывзметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері, жинақтық сан есім, кейде зат есім қолданылады.
Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелердің алдында келсе, одан кейін қос нүкте қойылады.
Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелерден соң келсе, оның алдына сызықша қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет