Сабаќ жоспары



бет72/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қарсылықты салалас
2. 108-жаттығу (жазбаша), 109-жаттығу (ауызша)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Майор бәсекелі атыстың шарттарын түсіндірді: тай тұяғындай бақыр жамбыны атып түсірген мергенге түлкі терісі, күміс жамбыны атып түсірген мергенге қасқыр терісі, алтын жамбыны атып түсіргенге құндыз берілуі керек екен.
2. Бақтыгүл бұл жылқыны басқа Қозыбақ аулынікі деп ойлап келсе, енді олай емес, анық өзінің ауызға, ойға да алғаны: қас дұшпаны, құныкері – Сәлменнің өз жылқысы болып шықты.
3. Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай, таған деймісің – бәрі де бар. (Р.Ғ.)
4. Бесбақсы желінің Тасарықтағы еңбектеген бала мен еңкейген кәріге дейін белгілі екені соншалық – ол туралы екінің бірі аңыз айтады. (Қ.Қ)
2.Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.
Түсіндірмелі салаластың құрамы әр түрлі болып келеді. Айталық, екі немесе бірнеше сыңарлардан тұрған салалас түрінде де, тіпті аралас құрмалас сөйлем тәрізді де кездесе береді.
Түсіндірмелі салалас басым көпшілігінде жалғаулықсыз қолданылады, тек сирек жағдайларда ғана түсіндірілуші бөлік сонша, сондай деген сөздерге аяқталып отырады:
Түсіндірмелі сөйлемнің түсіндірілуші бөлігінен кейін қос нүкте қойылады:
Түсіндірілуші бөлік сондай, сонша, соншалық, сондайлық тәрізді сөздерге аяқталса, олардан кейін тире қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет