Сабаќ жоспары



бет70/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды сауатты жазуға баулу, жай сөйлем синтаксисінен алған білімдерін бекіту.,
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге, туған өлке табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бақылау
Сабақтың түрі: диктант
Сабақтың әдіс-тәсілі: жазба жұмысы, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, жануартану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
II. Оқушыларды диктант мәтінімен таныстыру; жазу


Қоштасу
Күн шыққан жоқ. Қиқу үдей түсті. Көкжиекке күннің алтын иегін арта бергені-ақ мұң екен, Балқаш айдынынан ең алдымен ырғала-ырғала қаңқылдап, қоштаса сұңқылдап, үнін әсемдікпен әндете созып, аққулар тобы көтерілді. Олар көлден тіп-тіке күнге қарай көтерілді де, керуен басы алға шығып, санын түгендеп алған соң, тұп-тура Оңтүстікке Қаратауға, Сырға, Аралға, Каспийге бет алды. Аққулар тізбегі көл үстін бір айналып өтіп, бетін өз бағытына қарай бұрған шақта, ұшқыр үйректер топ-топ боп, өздерінше тізбек-тізбектер жасап, жол бастаған аққу-арулардың соңынан асығыс ұшты. Ең соңында қараша қаздар қалбақтап, көл үстінде у-шу боп, бейберекет көтерілді де, жоғарылай-жоғарылай келіп, сапын түзей бастады. Кейбірі тым көп қаңқылдап, керуен басылыққа таласты. Бірін-бірі итермелеп, сапты түзеп, батыры мен батылы алға шықты. Аққулар салған керуен жолына түсіп ап, оңтүстікке қарай бұлар да самғай тартты. Сәске түске дейін көл үсті бұлан-талан боп, көшкен құстан айықпады.
(С.Бақбергенов, 145 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет