Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Бектуган Аружан. Пән/Сынып: Қазақ әдебиеті, 11-сынып



бет2/3
Дата29.02.2024
өлшемі93.56 Kb.
#493307
түріСабақ
1   2   3
8-сабақ. «Абай жолы» романы. Қайтқанда 2

Абайдың ауырып қалуы

Қарашоқыға Абай мен Жиренше келеді. Олар жиын туралы аңшылықта жүріп, аяқ асты естіген. Ести сала осы маңға шауып келген. Құнанбайдан араша сұрап, Қодар мен Қамқаны аман алып қалуды ойлаған еді. Бірақ үлгермеді. Абай әкесінің қатыгездігін көріп, ауылына қарай шауып кетеді. Жол бойы ол ересектердің әрекеті туралы ойланып, ұзақ жылайды. Осы оқиғадан кейін Абай ұзақ ауырады. Төсектен тұра алмай жатады. Бұл уақытта ол әжесінен көп жыр-дастан, ертегілер, елде болған түрлі оқиғаларды естиді. Арада бір айдай уақыт өткенде ғана Абай өз-өзіне келе бастайды. Бұл кезде ел жайлауға көшіп келген еді.

  1. Абайдың үйіне келген қонақтар

Бір күні Ұлжанның үйіне Байкөкше деген жыршы мен Барлас деген ақын келеді. Бұл екеуінің әңгімесі мен жырлары Абайға ұнағаны соншалық, олар ауылда бір айдай қонақ боп жатады. Кейін кетер кезінде Абайдың өтініші бойынша Ұлжан екеуіне сыйын беріп, шығарып салады. Қонақтардың арқасында сауыққан Абай шешесіне риза болып, оны қатты құшақтап, алғысын білдіреді.

Оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру.













Есте сақтап, жатқа меңгер!
Уақыт пен кеңістік
Көркем шығармада уақыт пен кеңістік тұтасып келіп, белгілі бір оқиғалар тізбегін оқырманға айқындап көрсетеді. Көркемдік уақыт – шығармада суреттелетін оқырман назарындағы уақыт. Кеңістік – көркем шығармаға тән категориялардың бірі, ол баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз етеді, қатарлас нәрселердің орналасу тәртібін көрсетеді. Шығармадағы оқиғалардың бір-бірімен байланысы әрі жүйеленген сюжеті арқылы сипатталады.
3- тапсырма
Оқиға құрылымы бойынша уақыт пен кеңістік көрінісін талдаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет