Мақсаты романның- халық түзетпек, Жазылған еріккеннен ертегі емес.
Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.
Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс, Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.
Айырсын оқушылар мағынасын,
Жай ғана хикая деп қарамасын.
|
Қазақ қыздарының сүймеген адамға айттырылып, ұзатылуы ата дәстүрімізде болғаны анық. Осы тақырыпты яғни «әйел теңсіздігі» мәселесін алғаш рет қалам тартып, романға арқау еткен қаламгер жазушы - Міржақып Дулатұлы еді.
Прологта «Бақытсыз Жамал» романының жазылу мақсаты – халықтың санасын ояту арқылы, Жамал сияқты мыңдаған қыздардың тағдырын түзеу үшін жазылғанын аңғардым.
Қыз балалардың құқығын сақтау арқылы надандықтан айырылу - романның прологінде айтылған ой.
|