Дара сан есім
|
Күрделі сан есім
|
жиырма, бесінші, сегіз, алтауы
|
екі мың оныншы, екі-екіден, он шақты, бес жарым.
|
Зат есім орнына жұмсалып тұрған сан есімдер: Сабақта екі – екіден отырамыз. – Екі оқушыдан. Сегіз сабақтың алтауы өтілді. – алты сабақ.
|
|
|
1-3 минут
|
Тәжірибе
|
3-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойыңыз. Заттанып тұрған сан есімдерді табыңыз.
.… атасын білмеген жетесіз
.… ала болса ауыздағы кетеді,
… түгел болса төбедегі келеді.
.… тістен шыққан сөз,
… рулы елге тарайды.
... рет өлшеп, ... рет кес.
Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.
Қызға ..... үйден тыйым
..... саусақ бірдей емес.
Ел құлағы-...
….. теңгең болғанша, … досың болсын.
Алыстан …… жасар бала келсе,
Алпыстағы қария сәлем бере келеді.
Дескрипторы:
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қояды;
Зат есім орнына жұмсалып тұрған сан есімдерді теріп жазады.
Өзіңді тексер!
Жеті атасын білмеген жетесіз
Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
Қызға қырық үйден тыйым
Бес саусақ бірдей емес.
Ел құлағы- елу
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы қария сәлем бере келеді.
Зат есім орнына жұмсалып тұрған сан есім: алтау, төртеу.
|
|
|
2 минут
|
Бекіту
|
Бекіту сұрақтары:
сан есімнің мағыналық түрлерімен танысып, сан есімді зат есім орнына қолдануды үйрендің;
дара және күрделі сан есімдерді ажыратып, анықтадың.
|
|
|
1 мин
|
|
Қосымша тапсырма:
Заттың мөлшерін, сандық ұғымын білдіретін тіліміздегі сөздер мен сөз тіркестерін жазып келіңіз.
Бір шымшым тұз, бір асым ет, т.б.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |