13 емтихан билеті
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 10 сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
Әдістемелік нұсқау хат: 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаты.
1. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
2. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) "Қазақ әдебиеті" бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
3.Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдау; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу;қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау;
3) бағалау және салыстыру: шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап,бағалау; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазу.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10- сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағат
Оқулық:
Д. Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін оқытуда жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай
дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері – оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат – сабақтың құраушылары деп қарау керек.
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.
Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.
Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.
Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, сынақ сабақтар, ХХI ғасыр көшбасшысы сабағы, қосар сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады.
Семинар сабағы – Семинар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Қосар сабақ – іліктестірілген сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланыста қарап, 2 мұғалім береді.
Модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетәін ескере отырып, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.
Ойын сабақтары. Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан, тап!, аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады.
«Жұлдызды сағат» сабағы қайталау-пысықтау сабақтарында, әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін дәстүрлі емес сабақтың көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады. Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді. Ойын оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды.
Театр сабағы – сабақтағы өтілетін материалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.
Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар
оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады, арттыра түседі.
Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ.
«Ойлан, тап!» сабағы – ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан, тап!»
сабағы – білімді жүйелеу, қайталау және тексеру с абақтарын пайдаланған ұтымды. Сабақтың еркшелігі - сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардың терең білімді талап етеді.
Осындай «Ойлан, тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушлықтарының артуына жол табады.
Аукцион сабақ. Аукцион сабақ дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, артындағы тапсырмаларды орындаулары керек.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
«Ғажайыптар алаңы» - дәстүрлі емес сабақтардың ерекше түрі. «Ғажайыптар алаңы» сабағы көбінесе қайтала-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғры, өйткені жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады. Сабақ 3 турдан және ақтық ойыннан, көрермендерден (тыңдаушылармен, жанкүйерлекрмен) ойындардан тұрады. Әр турға 3 оқушыдан қатысқанда, бір сабақта оқушылардан түгел сұрауға мүмкіндік туады.
Бақытты сәт ойыны «Жұлдызды сәт» ойынына ұқсас, бірақ көбінесе төменгі сынып оқушылармен ойналады. Бақытты сәт ойынының ерекшелігі – оқушыларды өз ойын еркін айта білуге үйрететіндігі.
Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.
Жарыс сабақтарына жататындар: сайыс сабағы, Не ? Қайда ? Қашан?
КТС және т.б. сабақтар жатады. Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында сыныпқа 2 топ бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары: сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді.
Дәстүрлі емес сабақтың үлгісі.
Саяхат сабағы - дәстүрлі емес сабақтың бір түрі. Саяхат сабағы бақылауға алынған объектіні жан-жақты зерттеуді жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастыратын сабақ түрі.
Саяхат сабақ ерекшелігі - бұл сыныпта емес табиғат құбылыстарын қоршаған ортаның тылсым сырын ұғуға бағытталған, оқушының табиғат аясында өткізілетін сабақ. Саяхат сабақ балалар үшін тәрбиелік мәні бар.Табиғат сұлулығын түсіну одан үндестік табу оқушылардың эстетикалық сезімін, эмоциясын, мейірімділігін, қоршаған ортаға деген қамқорлығын оятады. Сонымен қатар оқушылардың өзара дұрыс қарым – қатынас жасауына ықпал етеді.
Саяхат сабағының басты әдіс-тәсілі табиғаттың тылсым сыры мен құбылыстарын бақылау болып табылады. Саяхат сабағы оқу пәні мазмұнының көлемі ( бір тақырыпты, бірнеше тақырыпты) және бөлімдерді оқып, үйрену құрылысының орынына байланысты (кіріспе бөлім, ағымдағы, қорытынды бөлім) сияқты белгілерден тұрады.
Саяхатсабақ
Кріспе
Бірнешетақырыпты
Ағымдағы
Біртақырыпты
Қорытынды
Бұл саяхатсабақтарыныңәрқайсысыныңөзіндікқұрылымынтаныпбілугеықпалетеді. Аталмышсабақтардыөткізуәдістемесініңдаярламасымұғалімдайындағансабақтүрлерініңерекшелігінескереотырып, жалпыдидактикалықзаңдылықтарнегізіндеорындалады.
Саяхат сабағының тиімділігі - ең алдымен мұғалімнің дайындығына байланысты.
Ол жұмыс төмендегі жүйемен өткізіледі:
1.Сыныпты ұйымдастыру.
2.Меңгерілген білім қабілеті және дағдылардың тексерілуі.
3.Сабақтың мақсаты мен міндеттері. Жалпы мотивация.
4.Жаңа тақырыпты меңгеру дағдылары.
5.Меңгерілген білім мен дағдылардың жүйелілігі және қорытындысы.
6.Меңгерілген білімнің ,дағдылардың өзара байланысы.
7.Үй тапсырмасы.
8.Қорытынды.
Саяхат сабағының мақсаты :Оқушылардың қоршаған орта мен оның тылсым сырлары туралы ұғымын оқушылар зердесінде қалыптастыру. Олармен тығыз байланыста болу. Оқушыларға пәндік материалдарды меңгерту және аталмыш тақырып бойынша олардың өз ойларын дұрыс жеткізіп, дәлелді сөйлеуге үйрету.
Саяхат сабағы табиғаттың шынайы объектілерін қабылдаудан басталады. Бұл сабақ құрылысы болып табылады. Сыныпта өткізілетін сабақтарда берілген тақырыпты өмірмен байланыстырмай жеткізу қиынға соғады. Мәселе кеме, электр станциялар туралы берілген есептерді шығаруда оқушыларға олар туралы жеткізу қиын, өйткені олар оны көрмеген, . Балалар берілген Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.
№
Достарыңызбен бөлісу: |